Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Күтiп-баптау кесулерiнiң экономикалық және биологиялық алғы шарттары



бет64/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

2.4.3 Күтiп-баптау кесулерiнiң экономикалық және биологиялық алғы шарттары. Күтiп-баптау кесулерiнiң нәтижелiлiгi мына көрсеткіштерден тұрады:
а) күтiп-баптау кесулерiнен алынған өнiмдi өткiзудің нәтижелi болуы;
б) басты мақсаттағы пайдалану кесулерi мөлшерiн көбейтпей-ақ, аралық пайдалану есебiнен сүректi қосымша пайдалану;
в) алқа ағаштардың шаруашылық құндылығын арттырудың нәтижелi болуы және басты кесу жасындағы бағасынан 15-25 пайызға жоғары техникалық жетiлген сүректi өсiру мерзiмiн қысқарту;
г) орманды ауданның 1 гектарынан мемлекетке түсетiн кiрiстi көбейту;
д) алқа ағаштардың санитарлық жағдайын жақсартудың нәтижелi болуы және өсiп тұрған орманның пайдалылығын арттыру;
е) бiрнеше жаңа өндiрiстi дамыту мүмкiндiгi және күтiп-баптау кесулерiнiң сүрегi мен басқа өнiмi есебiнен, мал шаруашылығы үшiн (қылқан-витаминдi ұн, каротиндi паста және басқалар), медицина үшiн (жасуша сөлi, витаминдер және басқалар) шикізат алу.
Сондықтан көп жағдайларда осы кесулердiң қаржы шығындары сатылған өнiм бағасымен өтелмегенде де, оларды жүргiзуге тура келедi.
Күтiп-баптау кесулерiнiң биологиялық алғы шарттары мына көрсеткіштерден тұрады:
а) көбiне шаруашылықты жүргiзу мақсаттарына дәл келмейтiн табиғи сұрыптауды жасанды сұрыптаумен ауыстыру;
б) түраралық қатынастарды реттеу және өсiп-өну орны жағдайларына аса бейiм түрлерінің өсуi үшiн жақсы жағдай құру мақсатында аралас ормандағы ағаштарды дифференциялау;
в) ағаш желектерін бағытты түрде қалыптастыру және орман шымылдығының сатылы тұтастығы есебiнен күн қуатын бiршама тиiмдi пайдалану, бұл қылқандар салмағын көбейтудi қамтамасыз етедi;
г) заттардың биологиялық айналым сыйымдылығы мен қарқындылығын арттыруға әсер ететiн орман ортасын бағытты түрде өзгерту (жарықтың түсуі, температура, ауа мен топырақтың ылғалдығы, топырақтың биологиялық белсендiлiгi);
д) кесуден кейiн қалған ағаштардың оттегiмен және минералмен қоректену ауданын арттыру;
е) ең жақсы селекциялық санатты және пішінді ағаштар санын көбейту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет