Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Күтiп-баптау кесу түрлерi



бет65/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

2.4.4 Күтiп-баптау кесу түрлерi. Ағаш түрлерінің жасына және биологиялық ерекшелiктерiне қарай жарықтандыру, тазартпалы, сиретпелі және өтпелi кесулер жүргiзiледi (кесте 2.1).
Орманның төменгi сатысында (қабатында) басты ағаш түрі бар күрделi алқа ағаштарда күтiп-баптау кесулерiн жүргiзгенде, оның түрi сиретілетін жоғарғы сатының (қабаттың) жасымен анықталады.


Кесте 2.1 – Күтiп-баптау кесулерiнiң түрлерi және оларды жүргізу уақыты



Күтiп-баптау
кесу түрлерi

Алқа ағаштарды күтiп-баптау кесулерi тағайындалатын жас

қылқан жапырақты ағашар

тұқымнан өскен және аралас тектi емен, шаған, үйеңкi

қайың, көк терек, қара қандыағаш

терек,
сұр қандыағаш

Жарықтандыру

10 жылға дейiн

10 жылға дейiн

10 жылға дейiн

5 жылға дейiн

Тазартпалы

11-20

11-20

11-20

6-10

Сиретпелі

21-40

21-40

21-30

11-20

Өтпелi

41 және
одан жоғары

41 және
одан жоғары

31 және
одан жоғары

21 және
одан жоғары



Жарықтандыру – түйіскен жас сүрекдiңдердегi басты ағаш түрінің құрамын реттеу және өсуiн жақсарту үшiн жүргiзiлетiн күтiп-баптау кесулерi. Қалың өскен және бiртектi емес балауса ағаштарды есептемегенде таза алқа ағаштарда, әдетте жарықтандыру жүргiзiлмейдi.
Тазартпалы кесулер – жас сүрекдiңдегi басты ағаш түрінің өсу жағдайын жақсарту және ауданы бойынша орналасуын реттеу үшiн күтiп-баптау кесулерi. Егер алқа ағашта жарықтандыру уақытында жүргiзiлмеген болса, тазарту кезiнде екi күтiп-баптау түрiнiң мiндеттерi бiр мезгiлде жүзеге асырылады.
Сиретпелі кесулер – II (қылқан және қатты жалпақ жапырақты ағаштар) және III (жұмсақ жалпақ жапырақты ағаштар) жас класының алқа ағаштарын тәуiр ағаш дiңдерi мен желектерін дұрыс қалыптастыру үшiн қолайлы жағдайлар құру мақсатында жүргiзiлетiн күтiп-баптау кесулерi. Күрделi алқа ағаштарда екiншi сатысы мен орман астарының құрамы мен қалыптасуы үшін сирету жүргізіле береді.
Өтпелi кесулер – тәуiр ағаштар өсiмiн көбейту және техникалық жетiлген сүректi өсiру мерзiмiн қысқарту үшiн қолайлы жағдайлар құру мақсатында орта жастағы және толысып келе жатқан алқа ағаштарда жүргізілетін күтiп-баптау кесулерi.
Өтпелi кесулер кезiнде алқа ағаш құрамын, құрылымын және орнықтылығын арттыру, екiншi сатыны қалыптастыру жалғасады, басты ағаш түрлерінің қоректенуін, өсуiн тежейтiн немесе кемістiктерi бар ағаштарды кесіп тастау арқылы оңтайлы ауданы жасалады. Тәуiр дiңдердiң көлемi бойынша аса көп «жарықтану» өсiмiн алу мақсатында, кейде iрi мөлшерлi сүректi жеделдетiп өсiрудi қамтамасыз ететiн кеңістік кесулерi тағайындалады, ол өтпелi кесулер соңында жүргiзіледi.
Кешендi кесулер – күтiп-баптау және басты мақсаттағы кесу түрлерiн үйлестiретiн күрделi, әр түрлi жастағы алқа ағаштарда жүргізілетін кесулер. Мұндай кесулердi көбiне:
1) балауса, орта жастағы және жетілген (толысқан) ағаштар саны 40-85%, қоры 40-60% құрайтын көп сатылы, әр түрлi жастағы алқа ағаштарда;
2) екiншi сатысы шыршадан тұратын, жаппай шоғырланып кесілген және өртенген жерлерде қалыптасқан аралас қарағай ормандарында;
3) орман-бақ ландшафтын қалыптастыру үшiн күрделi алқа ағаштарда жүргiзедi.
Сонымен қатар, күтiп-баптау кесулерiне орманды басқа да ерекше күтiп-баптау кесулерi жатқызылады, оларға: санитарлық кесулер, орман астарын күтiп-баптау, орман пұшпағын күтiп-баптау, бұтақтар мен бұтақшаларды кесіп тастау, орманды химиялық күтiп-баптау және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет