Санитарлық кесулер – санитарлық жағдайы қанағаттанарлықсыз сүрекдiңдерде қурап кеткен, жел құлатқан, дауыл сындырған және басқа да зақымданған ағаштарды алып тастау үшiн сүрекдiңдерді сауықтыру және санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн кесулер. Бұл мақсаттар, әдетте, күтiп-баптау кесулерiмен бiр уақытта жүзеге асырылады. Осы жылы немесе келесi жылы күтiп-баптау кесулерiмен қоса жүргiзуге болмайтын жағдайларда, санитарлық кесулердi жеке жүргiзуге рұқсат берiледi. Жаппай санитарлық кесулер арнайы орман патологиялық зерттеуден соң өртеңдерде, өсiмдiк зиянкестерi мен жәндіктер ошақтарында тағайындалады.
Жасыл аймақ ормандарындағы күтiп-баптау кесулерi. Орман-саябақ аймақтарындағы күтiп-баптау кесулерi желегі түйіскен және сиреген, таза және аралас, қарапайым және күрделi, орнықты сүрекдiңдер қалыптастыру мақсатында жүргiзiледi (ландшафты кесулер), сонымен қатар, олардың жоғары эстетикалық қасиеттері мен белгiлерi болуы керек.
Белгiлi бір ландшафтар арнайы жасалған жобалар бойынша табиғи ормандар немесе жасанды екпе ағаштар негiзiнде құрылады.
Ландшафттық кесулер – алқа ағаштардың су қорғау, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық және эстетикалық функциясын күшейтуге, орнықтылығы мен тіршілік ұзақтығын арттыруға бағытталған қалыптастыру кесулерi. Бұл кесулер техникасы кәдiмгi күтiп-баптау кесулерінен айырмашылығы көп емес.
2.4.5 Орман жолақтарындағы күтiп-баптау кесулерi.Жолақты алқа ағаштардағы күтiп-баптау кесулерiнiң мақсаты:
а) әр түрлi конструкциялы орман жолақтарын қалыптастыру;
б) климаттың қолайсыз факторларына қарсы тұра алатын және төңірегіндегі аумақтардың микроклиматы мен су режимін жақсартуға қабiлеттi биологиялық белсендi алқа ағаштарды өсiру;
в) алқа ағаштардың қорғаныш және басқа пайдалы қызметiн арттыру;
г) ормансыз жерлерде ағаш сүректерін өндiру.
Орман астарын күтiп-баптау. Орындайтын функциясына қарай орман астары сақталады, сиретiледi немесе толығымен шабылады.
Бұтақтарды кесу. Кесу мақсаты – іске жарамды сүрек сапасын жақсарту және шығымдылығын арттыру.
Қажет болғанда, қылқанды және жапырақты алқа ағаштарда кесу ауданы бойынша бiрқалыпты орналасқан орманның жоғарғы сатысының 400-500 дана тәуiр ағаштарында 10-12 жастан бастап жүргiзiледi.