Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


СТУДЕНТТЕРДIҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ



бет84/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

4.3 СТУДЕНТТЕРДҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ
ЖҰМЫСТАРЫ (СҒЗЖ) БОЙЫНША ЕСЕПТI
ЖАЗУ ЖӘНЕ БЕЗЕНДІРУ
Есеп беруде студенттің ғылыми-зерттеу жұмысын орындау кезiнде орындаған барлық жұмысы көрсетiледi. Мiндеттi түрде есепке мынандай тараулар кiруi тиiс:
1) мазмұны;
2) кiрiспе;
3) қарастырылатын мәселе;
4) зерттеу нысандарының сипаттамасы;
5) зерттеу әдiстемесi, жиналған материал көлемi және сапасы;
6) тәжiрибелiк материалды өңдеу әдiстемесi;
7) тәжiрибе нәтижелерiн сипаттау және тиiстi есептеулер жүргiзу;
8) зерттеу нәтижелерiн талдау;
9) қорытындылар;
10) пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi.
Орындалған жұмыс көлемi және оның орындау деңгейi әр тақырып бойынша әр түрлi болуы мүмкiн. Тәжiрибе жұмысын қорытындылай отырып, студент материалдың бiр бөлiгiн кестелер және диаграмалар түрiнде жасауы тиiс. Кесте мен диаграммада өте көп деректер саны болмаған дұрыс, себебi бұл, әдетте, тәжiрибелiк материалдың жете орындалмағанын куәландырады.
Кiрiспеде зерттеу мақсаты – оның мүмкiн болатын шаруашылық маңызы, зерттеушi алдында тұрған негiзгi мәселелер қысқаша сипатталуы тиiс.
Қабылданған зерттеу әдiстемесiнiң сипаттамасы қажетті дәлелдеумен жалғасуы тиiс. Қажет болса, зерттеу нәтижелерiне статистикалық өңдеу жүргiзiледi.
Қорытынды бөлiмде көрсетiлген тәжiрибе деректеріне қойылатын мiндеттi талап – дәлдiлік және дәлелдеме. Оларсыз тәжiрибе деректерінің ғылыми құндылығы мен iс жүзiндегi маңызы күмән туғызады. Ғылыми есептiң соңында сілтемелер берілген авторлар еңбектерін көрсете отырып, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi келтiрiледi.
Төменде ғылыми-зерттеу жұмысы тапсырмасының үлгісі берiлген.


Қазақ ұлттық аграрлық университетi
«Бекiтемiн»
Кафедра меңгерушiсi___________
_____” 20 _____ж.


Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына тапсырма
_________ факультеті ___________ тобы.
Тақырыбы:_______________________________________________________________________________________________________________________.
Ұсынылатын әдебиеттер тiзiмі (жалпы сұрақтар бойынша, арнайы, әдiстемелiк, патенттiк және т.б. әдебиеттер)____________________________.
Тәжiрибелiк зерттеулердiң мазмұны_____________________________.
Жұмыс орны және негiзгi құрал-жабдықтардың тiзімі________________.
Жұмыстың негiзгi кезеңдерi:
орындау мерзiмi ____________.
а) әдебиеттi оқып меңгеру және реферат жазу ______________.
б) тәжiрибелiк жұмысты орындау, тәжiрибенiң нәтижелерiн өңдеу және талдау____________________________________________________________.
в) оқу-зерттеу жұмысын қорғау ________________________________.
Тапсырма берiлген күн_________20______ж.
Жетекшiнiң қолы_________________.
Студенттiң қолы _________________.
Ескерту: Тапсырма үш дана болып жасалады (бiріншісi кафедрада сақталады, екіншісі жетекшiде және үшіншісі студентте болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет