Кесте 3.9 - Сүрекдiңнiң таксациялық сипаттамасы
Құрамы
|
Саты (қабат)
|
Жасы, жыл
|
Орташа
|
Бонитет класы
|
1 га -дағы
дiңдер саны
|
Көлденең қима аудандарының жиынтығы, м2
|
Толымдылық
|
Қоры, м3/га
|
диаметр, см
|
биiктiк, м
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жуандықтың табиғи сатылары бойынша орташа диаметрі және өнiмдiлiк кластары негiзiнде өнiмдiлiк кластарының шекаралары анықталады.
Сосын жеке-дара санақ ведомосына әр ағашқа өнімділік класы белгіленеді. Бір өнімділік класына жатқызылған ағаштар жинақталады және деректер 3.10-кестеге түсiрiледi.
Ағаштар өнiмдiлiк кластары бойынша бөлінген соң, 3.10-кестеде келтiрiлген барлық көрсеткiштер анықталады және алынған деректерге қысқаша талдау берiледi.
Содан кейін, әр ағаш түрі үшiн ағаштар санын Г.Крафтың өсу кластары бойынша жинақтау қажет, деректердi 3.11-кестеге орналастырады және өнiмдiлiк кластары бойынша таралу деректерiмен салыстырады.
Кесте 3.10 - Өнiмдiлiк кластары бойынша ағаштардың бөлiнуi
Көрсеткiштер
|
Ағаш түрі
|
Өнiмдiлiк кластары (сыныптары)
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
V
|
Барлығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Жуандық сатылары бойынша өнiмдiлiк кластарының шекаралары
|
1,46 және жоғары
|
1,45 -1,16
|
1,15 -0,86
|
0,85 -0,76
|
0,75 және төмен
|
-
|
Диаметрлерi бойынша өнiмдiлiк кластарының шекаралары, см
|
|
|
|
|
|
|
Ағаштардың саны, дана (N)
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы санынан пайызы, %
|
|
|
|
|
|
|
Орташа диаметр, см (Дорт)
|
Дортх1,6
|
Дорт х1,3
|
Дортх1,0
|
Дортх0,8
|
Дортх0,6
|
100
|
Көлденең қима аудандарының жиынтығы (Gорт), м2
|
Gорт N
|
Gорт N
|
Gорт N
|
Gорт N
|
Gорт N
|
SG
|
Орташа биiктiк, м
|
|
|
|
|
|
|
Түр саны, f
|
|
|
|
|
|
|
Қоры, м3/га
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы саны, %
|
|
|
|
|
|
100
|
Кесте 3.11 - Өсу кластары бойынша ағаштардың бөлiнуi
Көрсеткiштер
|
Ағаш түрі
|
Өсу кластары (сыныптары)
|
I
|
II
|
III
|
IV(a+б)
|
V(a+б)
|
барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
Есеп беру кезінде осы тақырып бойынша ағаштарды жеке санау ведомосын, биiктердi өлшеу деректерiн, кестелердi, есеп алаңшалары мен олардың орналасуы тiркелген санақ ауданының сызбасын, толтырылған «Орман қауымдастығын талдау бланкiсiн» кiргiзедi.
3.6 ЖАППАЙ ЖӘНЕ БIРТIНДЕП КЕСУЛЕР КЕЗIНДЕ
ОРМАННЫҢ ТАБИҒИ ҚАЙТА ЖАҢАРУЫН ЕСЕПКЕ
АЛУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Орман биогеоценоздарындағы өсiмдiк жамылғысының алмасуы. Жұмыстың мақсаты – ормансыз жерлер және балауса ормандар санаттарына байланысты әртүрлi орман типтерiндегi табиғи қайта жаңару динамикасы және оның табыстылығы, аналық алқа ағаштың ерекшелiктерi, кесілетін орманның енi, кесу тәсiлдерiн және кеспеағаштардың жанасу мерзiмдерi; ағаш дайындау технологиясы, өскiннiң болуы мен сақталуы және өткен кесулер әсері; жетiлген және жетiлiп келе жатқан алқа ағаштар шымылдығы астындағы құнды ағаш түрлері өскiнінiң болуы, оның жағдайы және сенiмдiлiгi; қайта жаңару барысына қолданылатын кесулер және кеспеағаштарды тазалау, кеспеағаштарды кесiп, өңдеуде қолданылатын техника мен технологиясы, сүректi дайындау және тасымалдау тәсiлдерi; табиғи қайта жаңаруға мал жаюдың, орман өрттерiнiң және басқа факторлар әсерi; кеспеағаштарды кесiп, өңдеуге өскiндi сақтау шараларының тиiмдiлiгi; ағаш түрлерінің биологиялық ерекшелiктерiне байланысты өсiмдiк жамылғысын алмастыру, өсiп-өнуi орнының жағдайлары, сүрекдiңнiң жасы және толымдылығы жөнiндегi деректердi алу.
Ормансыз жерлердегi табиғи жаңару барысын қайта санау әдiсiмен зерттеу, оның iшiнде, орманның табиғи қайта жаңаруына ықпал ету шараларымен қоса, есепке алу алаңшаларында жүргiзiледi, олардың мөлшерi өскiннiң қалың өсуіне байланысты болады:
- қалың өскен өскiнде (1 га-да 10 мың данадан көп) – алаңшаларының мөлшерi 4м2, олардың жиынтық ауданы зерттелiп отырған учаскенiң 0,5 пайызынан кем болмауы тиiс;
- орташа өскiнде (1 га-да 3,1 мыңнан 10,0 мыңға дейiн) – алаңшаның мөлшерi – 10м2, олардың жиынтық ауданы зерттелiп отырған учәскенiң 1 пайызынан кем болмауы тиiс;
- сирек өскенде (1 га-да 3,0 мыңға дейін) – алаңшаның мөлшерi – 20 м2 – 2 пайыздан кем болмауы тиіс;
Табиғи жаңару барысын орман шымылдығы астында зерттеу мөлшерi 10 м2 болатын алаңшаларда жүргiзiледi. Телiмдегi алаңшалардың жалпы саны оның ауданына байланысты былай қабылданады: 5 га-ға дейiн 30 алаңшаларға тең, 5-10 га-да 50-ге тең, 10га-дан көп болса100 алаңшаға тең.
Алаңшалар арасындағы қашықтық (r), мына формуламен анықталады:
r = √ S ⁄ n,
мұнда, S – зерттелiп отырған учәскенiң ауданы, м2;
n – есеп алаңшаларының саны.
Есептеу алаңшалары орамдар торының бұрыштарына қатармен орналастырады.
Қатар соңында қазықтар қойылады, оларда осы қатардағы алаңшалар нөмiрi көрiсетiледi.
Ағаш түрі, тегi, iрiлiк және жас санаттары бойынша қайта санау жеке жүргiзiледi.
Өскiннiң тек 2 жастағы және онан үлкен өмiршең даналары есептеледi.
Түбірөркеннен жаңаруды есептегенде, бiр түбiрден шыққан барлық өскiндердi бір деп қабылдайды, ал тамыратпа өскіндерін есепке алғанда әр атпа жеке дана болып есептеледi.
Алдын ала, iлеспе және кейiнгi қайта жаңарудың өскiнiн есепке алу жеке жүргiзiледi. Есепке алу деректерi табиғи жаңарудың карточкасына түсiрiледi (3.12-кесте).
Кесте 3.12 - Табиғи жаңаруды зерттеудiң карточкасы
________________ облысы, __________________ орман шаруашылығы,
_________________ орманшылығы. №_______ орам, № ________ телiм.
Ауданы ____________________ га.
Жердiң санаты_____________.
Достарыңызбен бөлісу: |