Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Жарық сүйгiштiктi анықтаудың арнаулы әдiстерi



бет22/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.5.4 Жарық сүйгiштiктi анықтаудың арнаулы әдiстерi. Ағаш түрлерінің жарық тұтынушылығын анықтау үшiн аспаптарды, өлшемдердi, есептеулерді қолдану арқылы алынатын тәжірибелік (экспериментальды) деректерге негiзделген арнайы әдiстер ұсынылған және олар объективтi немесе арнаулы деп аталады.
Оларға мыналар жатады:
1) фотометриялық әдіс (жарықты тiкелей өлшеумен байланысты);
2) фитометриялық әдіс (ағаштардың өздерiне өлшеу жүргiзiледi);
3) анатомиялық әдіс (зерттелетiн ағаш бөлiктерiнiң анатомиялық құрылымы зерттеледi);
4) физиологиялық әдіс (физиологиялық құбылыстар зерттеледi).
У.И.Сурож ағаш түрлерінің көлеңкеге шыдамдылығын, жарық сүйгіштігін анатомиялық әдіспен анықтаған. Бұл әдіс жапырақтардың (паренхимасының) негізгі жіңішке ұлпа жасушаларының қалыңдығын өлшеу арқылы анықтауға негізделген. Ол үшін жапырақты көлденең кесіп, үлкейткіш лупамен қарайды. Егер паренхима жасушаларының тік тұрған ұлпалары жуан болса, ағаш жарық сүйгіш, ал көлеңкеге шыдамды ағаш түрлерінің жапырақтарында саңылаулар көп болады деп тұжырымдайды.
Орман өсіруші Я.С.Медведевтiң таксациялық әдісі ағаштардың жарық сүйгіштігін, көлеңкеге шыдамдылығын, ағаштар шамасының жуандығына салыстырмалы арақашықтығын есептеп шығарып анықтаған. Көлеңкеге шыдамдылығы жөнінде қайыңды бір бүтін сан есебінде алған, қарағайды – 1,33; емен – 1,64; шырша – 2,0; кавказ майқарағайы – 2,25; тис– 5,79 деп есептеген.
Белов С.В. Медведевтiң таксациялық әдісін дәл анықтайтын әдіс деп есептеген.
1.5.5 Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiк шкалалары. М.К. Турский ұзақ бақылау материалдарының және басқа зерттеушiлердiң көп жылғы тәжiрибелерiн жинақтай отырып, ағаш түрлерінің жарық сүйгіштігі бойынша мынадай шкала ұсынды: балқарағай, қайың, кәдiмгi қарағай, көктерек, тал, емен, шаған, үйеңкі, сұр қандыағаш, шегіршіндер, қырым қарағайы, қара қандыағаш, жөке, шырша, шамшат және майқарағай.
П.С. Погребняк ағаш түрлері мен бұталардың көлеңкеге төзiмділігiн көрсететін бiршама үлкен шкаласын ұсынды.
1969 жылы Н.Д. Нестерович және Г.И. Мартайлик кешендi көрсеткiштер негiзiнде Белоруссия аумағының 45 ағаш түрлерінің жарық сүйгіштік жинақталған шкаласын шығарды.
Қазақстан Республикасы аумағындағы ағаш түрлерінің жарық сүйгіштігінің дифференциалдық шкаласы:
І) Жарық сүйгiш ағаш түрлері: кәдімгі қарағай, сібір балқарағайы, ақ қараған, ақ тал, сары қараған, кәдімгі мойыл, қотыр қайың, көктерек, ақ қандыағаш, үлпек қайың.
ІІ) Салыстырмалы жарық сүйгiш ағаш түрлері: кәдімгі шаған, күміс түсті үйеңкі, кәдімгі емен, кәдімгі шетен.
ІІІ) Аралық немесе орташа жарық сүйгiш ағаш түрлері: тікенді шырша, шаған жапырақты үйеңкі, кәдімгі орманжаңғақ ағашы, қара қандыағаш, ат талшын.
ІV) Бiршама көлеңкеге төзiмді ағаш түрлері: қатпарлы шегіршін, кәдімгі шегіршін, дала үйеңкісі.
V) Көлеңкеге төзiмді ағаш түрлері: сібір майқарағайы, шырша, үшкір жапырақты үйеңкі, ірі жапырақты жөке, ұсақ жапырақты жөке.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет