Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет50/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.13 АҒАШ ТҮРЛЕРІНІҢ АУЫСУЫ


1.13.1 Ағаш түрлерінің ауысу себептері. Кез келген өсімдік қауымдастығы даму процесі кезінде сапалық және сандық өзгерістерге ұшырайды. Әсіресе табиғи жағдайда бір өсімдік түрі екіншімен адам үшін қажетсіз бағытта ауысып отырады.
Өсiмдiк қауымдастықтарының (фитоценоздардың) қайталанбас қайта құрылуынан тұратын және бiреуiн басқаларымен ауыстыруға әкелетiн құбылыстар ауысулар немесе сукцессиялар, сукцессиялық өзгерiстер деп аталады.
Ағаш түрлерінің ауысу себептерi әр түрлi, олардың бiреулерi iшкi ауысулар ─ қауымдастықтардың өз табиғатында болады, басқалары сыртқы ауысулар ─ өсiмдiк қауымдастықтарына сыртқы факторлардың ықпал етуi нәтижесiнен туындайды.
Олар бiр уақытта және бiр-бiрiмен байланыста ықпал етедi. Iшкi себептердiң әсерi қолайлы немесе қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалымен күшеюі немесе әлсiреуi мүмкiн, оларға өсiмдiк қауымдастығы түрлi дәрежеде сезiмталдық бiлдiредi.
Iшкi себептердiң бiрi, өсiмдiктердiң көбеюi және оның зардабы, өсiмдiктердiң көбеюге қабiлетi ─ бұл тiршiлiк жағдайларына және оларға бейiмдiлiгіне байланысты көрiнiп отырады. Бұл жағдайларға кейбiреуiнiң бейiмдiлiгi жоғары, енді біреуінікі төмен болады. Тiршiлiк орны үшiн күрес туындайды. Бұл сукцессия “қозғаушы күштерінің” немесе iшкi себептерiнiң бiрi.
Екінші себеп, «қорек үшiн күрес» (жарық, су, коректік заттар) өсiмдiк қауымдастығы (фитоценоз) компоненттерінің арасында үздiксiз жүретiн күрес. Компоненттер бөлiгiнiң сиреуi және жойылуы орынның босағанын және оған өсiмдiктердiң басқа түрiнiң орналасу мүмкiндiгiн көрсетедi. Қауымдастықтағы бұл «жылжулар» оның құрамын және бiтiмiн өзгертедi.
Үшiншi себеп, ол қауымдастыққа (фитоценозға) сырттан басқа түрлердiң келу, олардың көбею және орналасу нәтижесi болып табылады.
Төртiншi себеп, кез келген өсiмдiк қауымдастығы (фитоценоз) мекендеу орнының ауа және топырақ ортасына ықпал ете отырып, оны өзгертуiне негiзделген. Бұл басқа да «қозғаушы күштердi» iске қосады, кейбiр түрлердiң көбеюiн күшейтсе, басқаларды әлсiретедi, сырттан қоныстанушыларды енгiзедi.
Ауысудың бесiншi себебi, өсiмдiктердiң дамуы, яғни, түрлерiнiң қайта өзгеруiне қауымдастық компоненттерінің басқа түрге айналуы жатады. Жаңа түрлердiң қалыптасуы өсiмдiктер мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың жаңа жүйесiне, өсiмдiктер қауымдастығының ауысуына сөзсiз алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет