Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет73/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

Минералды тыңайтқыштар бәрiнен бұрын орман көшеттiктерiнде, орман-тұқым учаскелерi мен плантацияларында, жетiлген және жетiлiп келе жатқан алқа ағаштарда, беткі қабаты құрғатылған және өтпелi батпақтарда, жас екпелерде пайдаланылады.
Бiрiншi кезекте, тыңайтқыштарды енгізуге орташа өнiмдi алқа ағаштар (II, III бонитет) жатқызылады. Қылқан жапырақты ормандар үшiн 150-200 кг/га азотты тыңайтқыштар ұсынылады. Көшеттiктерде тыңайтқышты қайталап енгiзу жыл сайын, ал алқа ағаштарда 4-5 жылдан соң жүргiзуге болады.
Орман астары мен өскiнi сирек кiшiгiрiм аудандарда және алқа ағаштарда тыңайтқыштарды РУМ-3, РУМ-4 ауыл шаруашылығы лақтырғыштары көмегiмен енгiзуге болады.
Үлкен аудандарда авиацияны пайдалану тиiмдi. Қылқан жапырақты алқа ағаштарда азот тыңайтқышын енгiзу тиiмдiлiгi жыл сайын қосымша өсiмге 1,5-3 м3/га жетуi мүмкiн және енгiзуге кеткен шығындар 3-5 жылда өзiн-өзi толық ақтайды.
Ормандарды биологиялық мелиорациялау дегеніміз – ормандардың биогеоценозын түбегейлi жақсарту – бұл эдатоп-, фито-, зоо-, микробоценоздарға түрлi биомелиоранттардың оң әсерiмен жүзеге асырылады.
Алқа ағаштарды кешендi күтiп-баптау – бұл орманның өсiп-өну орны жағдайларын жақсарту шаралары мен күтiп-баптау кесулерiн үйлестiру болып табылады.


Сұрақтар

1. Орман өнімділігін жоғарылату мәселесі неге байланысты?


2. Орманды қосымша пайдалану өнімділігі неден құралады?
3. Сүрек өнімділігі дегеніміз не?
4. Нақты және потенциалды өнімділік түсінігіне анықтама беріңіз.
5. Орманның жалпы өнімділігі қандай көрсеткіштермен анықталады?
6. И.С.Мелеховтың орман өнімділігін арттыру бойынша шараларды жіктеудің мәні қандай?
7. Н.М.Горшенин мен А.И.Швиденконың орман өнімділігін артыру бойынша шараларын жіктеудің мәнін сипаттаңыз.
8. Орман өнімділігін арттыруға бағытталған шараларды атаңыз.


3 ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ


3.1 ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Орманшылық бойынша оқу тәжірибесінің мақсаты – студенттердiң теориялық бiлiмдерiн тереңдету және нығайту, еңбек нысаны және өндiрiс құралы ретiнде орманды танып бiлу, тәжірибелік дағдылар қалыптастыру.


Оқу-тәжiрибелiк, тәжiрибелiк немесе өндiрiстiк орман шаруашылығының, орман биогеоценозының мысалы ретінде студенттер республикамыздағы бiршама кең таралған орман типтерiмен танысады, орман шымылдығы мен кесiлген орман жерлерінде негiзгi орман құраушы ағаш түрлерінің табиғи қайта жаңару жағдайымен, өсiмдiк жамылғысының ауысуымен, түрлердiң iшкi және өзара қарым-қатынастарымен, ормандағы ағаштардың табиғи сиреуiмен және бөлiнуімен, сүрекдiңдердiң негiзгi компоненттерімен және ерекше белгiлерiмен, орманның жарық, жылу және су режиміне ықпалымен, күтiп-баптау және басты мақсатқа пайдалану кесулерiмен, оларды жүргiзу техникасы және технологиясымен, өнiмдiлiктi арттыру және өртке қарсы шаралармен танысады.
Оқу практикасы студенттердi оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына, еңбекпен баулуға қатысуына үлкен мүмкiндiктер береді.
Орманшылык бойынша оқу тәжiрибесі III курс студенттерiне жүргiзiледi. Тәжiрибенің бағдарламасына курстың негiзгi бөлiмдерi мен тақырыптары кiргiзiлген.
1.Кең тараған орман типтерiмен таныстыру (экскурсия). Орман типтерi бойынша гербарий жинау.
2. Орман қауымдастығын талдау.
3. Табиғи қайта жаңаруды есептеу және бағалау. Орман биогеоценоздарындағы өсiмдiк жамылғысының ауысуы.
4. Орман шаруашылығы шаралары жүргiзiлетiн нысандар бойынша экскурсия өткізу.
5. Күтiп-баптау кесулерiне учаскелер бөлу, кесу үшiн ағаштарды таңдау, оларды жүргiзудiң техникасы мен технологиясын таңдау, сүректi тиiмдi кесiп бөлшектеу, текшелеп жинау және дайындалған өнiмдi есепке алу.
6. Басты мақсатқа пайдалану кесулерiне учаскелерді бөлу, әр түрлi кесулер жүргiзу техникасы мен технологиясын таңдау, кеспеағаштарды тазарту. Табиғи қайта жаңаруға ықпал ету бойынша шараларды орындау.
7. Алқа ағаштар өнiмдiлiгiн арттыру бойынша және өртке қарсы шаралар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет