Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


КЕҢ ТАРАЛҒАН ОРМАН ТИПТЕРIМЕН ТАНЫСТЫРУ



бет75/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

3.3 КЕҢ ТАРАЛҒАН ОРМАН ТИПТЕРIМЕН ТАНЫСТЫРУ,
ОРМАН ТИПТЕРI БОЙЫНША ГЕРБАРИЙ ЖИНАУ

Экскурсия мақсаты – теориялық бiлiмдi нығайту, орман типтерi мен эдафотоптарды, орман қауымдастықтарын, олардың шыққан тегiн және орманшылық ерекшелiктерiн ажыратуды үйрену.


Студенттердi кең таралған орман типтерiмен таныстыру, оқу-тәжiрибелiк немесе өндiрiстiк орман шаруашылығында орналасқан тұрақты немесе уақытша орман типологиялық бақылау алаңдарында тiкелей болу арқылы жүргiзiледi.
Сандықтау оқу-тәжiрибе орман шаруашылығында экскурсиялар екi маршрут бойынша жүзеге асырылады.
Әр студент, орман түрiнiң белгiлi бiр типiнен тұратын бақылау ауданына келiп, учаскенi жiтi қарап шығады, оның жер бедерi ерекшелiктерiн, орнын, топырағын, жарықтануы, орман шымылдығы астындағы қайта жаңару мен ауысудың бағытын, орман астарының, шөп жамылғысының өсуi мен дамуын, өсiмдiктер мен қоршаған орта қарым-қатынасын белгiлейдi, сүрекдiң пішінін, құрамын, жасын, бонитет сыныбын (класын), толымдылығы мен қорын анықтайды.
Содан соң оқытушы орман типiн кеңiнен сипаттап бередi және түсiнбеген сұрақтарға жауап бередi.
Орман типiн сипаттау барысында бланк (кесте 3.2) толтырылады.


Кесте 3.2 – Орман типiн сипаттау



Орман типi, Эдафотоп

Орны және жер бедерi

Топырақ


Сүрекдiңнiң құрамы

Бонитет класы

Өскiн


Орман астары

Тiрi жер жамылғысы

1

2

3

4

5

6

7

8

Әр бригаданың студенттерi орман учәскесiмен танысу кезiнде бақылау ауданының шетiнен тыс жерлерден орман типiндегі индикатор-өсiмдiктерден гербарий жинайды.


Олар жиналған өсiмдiктердi құрғатады, стандартты парақтарға тiгедi және (аттарын көрсетпей) нөмiрлейдi. Парақ және өсiмдiктi өз атауымен 3.3-кестеге түсiредi.
Тақырыпты орындаған соң жиынтығы шығарылады және тиiстi қорытындылар жасалады.
Кесте 3.3 - Орман типiнiң өсiмдiк көрсеткiштерi



Нөмірі

Өсiмдiк

индикатор

парақ

өсiмдiк

орман типi

эдафотоп


















Тапсырмалар
1. 1 және 2-маршруттардың орман типтерiмен танысу.
2. Орман типі бойынша гербарий жасау.
3. Өсiмдiктердiң түр құрамын анықтау.
4. 3.2 және 3.3-кестелерді толтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет