Технологиялық карта
Ағаш кесу билетi ___________. Күнi ________.
Орманды кесу түрi ________________________.
Жұмысты жүргiзу уақыты________________.
Орам №_____.
Телiм №_____.
Мөлдек №_____.
Аудан _____ га.
Тазартылған ағаштың орташа көлемi ________________.
Ағаш дайындаудың және сүректi тасудың ерекше шарттары ________________________________________________________________.
Қандай құралдармен жүргiзiледi:
а) ағашты кесіп құлату ____________________.
В) тасымалдау ___________________.
Б) бөренені бөлшектеу ____________________.
Г) тасып алып кету ___________________.
Масса
|
Іс (Кәделiк)
|
Отын
|
өтiмдi қалдықтар
|
жалпы жиынтығы
|
Шығындар және өтiмсіз қалдықтар
|
Түбiр салмағының барлығы
|
барлығы
|
оның iшiнде, ұсақ тауарлы
|
барлығы
|
оның iшiнде: балталық
|
Орман кесу билетiнiң деректерi бойынша
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нақты дайындалғаны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Айырмашылығы, %
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Негiзгi жұмыстарға қажеттi жұмысшы күшi мен құралдар:
Жұмыс түрлерi
|
Өлшем бiрлiгi
|
Жұмыс көлемi
|
Адам-күн нормасы
|
Қажет
|
Жұмысшылар
|
Бензинді аралар
|
Аттар
|
Машиналар (маркалары)
|
Учәскенi дайындау
|
|
|
|
|
|
|
|
Ағашты кесіп құлату
|
|
|
|
|
|
|
|
Бұтақтарды шабу
|
|
|
|
|
|
|
|
Бөренені көлденең бөлшектеу
|
|
|
|
|
|
|
|
Отынды жару және жинау
|
|
|
|
|
|
|
|
Тасымалдау (сүйретпе)
|
|
|
|
|
|
|
|
Тасып әкету
|
|
|
|
|
|
|
|
Кесу орындарын тазалау
|
|
|
|
|
|
|
|
Басқа жұмыстар
|
|
|
|
|
|
|
|
Омарта енi
|
|
|
|
|
|
|
|
Ағашты кесіп құлату тәсiлi
|
|
|
|
|
|
|
|
Ағаш кесу жұмыстарын орындау үшiн шеберге берiлдi
|
|
|
|
|
|
|
|
Кеспеағашты кесiп, өңдеудiң технологиялық сұлбасы
Шебер жадынамасы
_________________ _________________
20___ ж. __________________________технологиялық картаны жасады
Жұмыстардың орындалуы мен сапасын тексерген бас орманшы немесе орман пайдалану жөнiндегi инженер _________________
фамилиясы
Қорытындылар: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«_____» ____________20_____ж. _______________
(қолы)
Есеп беруге мыналар кiргiзiледi:
- бақылау алаңы көрсетілген және ағаштары кесілген орам (кварталдың) көшiрмесі;
- бақылау алаңындағы санақ пен биiктiктердi өлшеу ведомосы;
- бақылау алаңдарындағы сүрекдiңдердiң таксациялық сипаттамасы (бiрiншi (екiншi) кезектегi кесулер жүргiзiлгенге дейiнгі және одан кейінгі бiртiндеп кесулер үшiн);
- материалды-қаржылық бағалау ведомосы;
- технологиялық карта;
- толтырылған кестелер.
Тапсырмалар
1. Пісіп жетілген орманның бір бөлігін таңдау және оған басты пайдалану кесулерінің біреуін белгілеу (оқытушының тапсырмасы бойынша).
2. Орманның табиғи қалпына келуін анықтау.
3. Кесілетін орманның технологиялық картасын құру.
4. Технологиялық сұлбасын таңдау.
5. Өскіннің сақталуы мен табиғи жаңаруы бойынша шараларды қарастыру.
6. Алынған нәтижелерді талдау.
7. Сүрекдіңнің таксациялық белгілерін анықтау.
8. Материалды-қаржы шығынын есептеу.
4 СТУДЕНТТЕРДIҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ
ӨЗІНДIК ЖҰМЫСТАРЫ
4.1 СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ (СҒЗ)
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН
МIНДЕТТЕРI
Студенттердi ғылыми-зерттеу жұмысына тарту арқылы оқу жоспарындағы пәндердi зерттеу кезiнде алған теориялық бiлiмдердi бiршама терең игеруге ықпал етедi, өзiне талап етуді, жұмыста ұқыптылықты және дәлдiктi дамытады.
Ғылыми жұмыстарға қатыса отырып, студент зерттеу жұмысының негiзгi кезеңдерiн, мiндеттерiн қоюды, фундаментальды әдебиеттермен жұмыс iстеудi игеруі тиiс, мiндеттердi шешудiң тиiмдi әдiсiн таңдап, негiздеуi керек, есептi анық қорытындылар құруы, мүмкiн болғанда, жүргiзiлген шаралардың экономикалық тиiмдiлiгiн бағалауы тиiс.
Студенттер:
- қазiргi ғылыми зерттеу әдiстемесiнiң негiздерiн, орындау ретін және ғылыми зерттеудiң кезеңдерiнiң мазмұнын, орман шаруашылығындағы зерттеулердiң өзгешелiгiн бiлуге міндетті;
- зерттеу жұмыстарына мақсат пен мiндеттердi қоя бiлуді, ғылыми ақпараттар iздеудi ұйымдастыруды, зерттеу бағдарламасы мен әдiстемесiн жасауды, тәжiрибе қоюды, зерттеулер нәтижелерiн өңдеуді, талдауды және жұмыс нәтижелерi бойынша баяндама жасауды істей білуі қажет;
- орман шаруашылығындағы ғылымның жетістіктері мен маңызы жөнiнде, ғылыми iзденiс логикасы және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиiмдiлiгi жөнiнде түсiнiктерi болуы тиіс.
4.2 СТУДЕНТТЕРДIҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ
ОҚУ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Кафедра ІІ, III, IV курс студенттерi дайындығын жүргiзедi, ол мынандай сауалдарды қарастырады:
- лабораториялық және практикалық сабақтарының сауалдары;
- жобалау кезеңiнде оқытылатын, оқу жоспарында қарастырылған өндiрiстiк және диплом алдындағы тәжiрибеден өту уақытында орындалатын сұрақтар;
- түпкiлiктi нәтиже ретiнде – студенттердiң ғылыми-зерттеу жұмысы материалдарын дипломжық жобасы (жұмысы) тақырыбын таңдап, дайындауға пайдалануды қамтиды.
Жыл сайын 1 қарашада кафедра зерттеу жұмыстары тақырыбын, әр тақырып бойынша қажеттi әдебиеттерді, бағдарламаны, тәжiрибелiк материал жинау және оны өңдеу әдiстемесiн ұсынады.
Студент оқу-зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдайды, ғылыми әдебиеттер бойынша қарастырылатын сұрақтың жағдайын зерттейдi, тиянақты картотека құрайды және мiндеттi түрде журнал жүргiзедi (кесте 4.1).
Кесте 4.1 – Студенттiң оқу-зерттеу жұмыстары (СОЗЖ) бойынша орындалған жұмыстарын тіркеу журналы
____________________факультетiнiң ____ курс студентi ___________________.
аты, жөнi
Орындалған жұмыс
|
Күнi
|
Оқытушының қолы
|
|
|
|
Журнал студенттiң оқу-зерттеу жұмыстарының (СОЗЖ) тапсырмаларын орындауын бақылаудың ағымдық формасы болып табылады.
Әдебиеттерді оқып, өңдеген соң, кафедраның студенттерге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен (СҒЗЖ-ымен) танысқаннан кейін, студент реферат (10-12 парақ) жазады, мұнда, ол әдебиеттерге шолу жасайды және таңдаған тақырыбы бойынша сұрақ жауабын талдайды.
Рефератты көктемгi емтихан сессиясына дейiн жетекшiсiне тапсырады.
Өндiрiстiк тәжiрибе басталғанға дейiн әр студент жетекшiсiнен тапсырма алады және соған сәйкес студенттiң оқу-зерттеу жұмыстары (СОЗЖ) бойынша дала жағдайында кажеттi материалдарды жинайды.
Өндiрiстiк тәжiрибе бағдарламасына далалық материалды жинау тапсырмасы кiргiзiледi және ол студенттiң күнделiгiне жазылады.
Кафедра студентке көмек ретiнде аздаған дәрістер топтамасын өткiзедi (кесте 4.2).
Кесте 4.2 – Студенттің оқу-зерттеу жұмыстары (СОЗЖ) бойынша II курстың дәрістер топтамасы
Тақырыптар
|
Сағаттар саны
|
Өткiзiлетiн уақыты (айы)
|
Орманды күтiп-баптау кесулерi
|
2
|
қазан
|
Басты мақсатқа пайдалану кесулерi
|
2
|
қараша
|
Ормандар өнiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар
|
2
|
қараша
|
Өртке қарсы қолдану және орман шаруашылығы шаралары
|
2
|
желтоқсан
|
Бақылау алаңдарын таңдау және оны құру әдiстемесi
|
2
|
желтоқсан
|
Ғылыми жұмыстарды жоспарлау. Тәжiрибе орындау әдiстемелiк негiздерi
|
1
|
наурыз
|
Қазiргi заманның ғылыми әдебиеттерiн пайдалану
|
1
|
наурыз
|
Тәжiрибе нәтижелерiн математикалық өңдеу әдiстерi
|
1
|
наурыз
|
Ғылыми нәтижелердi орман шаруашылығына енгiзу жүйесi
|
1
|
наурыз
|
Ақпараттық және патентті-лицензиялық жұмыс
|
1
|
сәуiр
|
Зерттеулер нәтижелерiн экономикалық бағалау әдiстерi
|
1
|
сәуiр
|
Ғылыми зерттеулерде электронды есептеу машиналарын (ЭЕМ) пайдалану
|
4
|
сәуiр –мамыр
|
Төменде мысал ретінде берілген өндiрiстiк тәжiрибе кезiнде орындалатын СҒЗЖ және СОЗЖ бойынша тапсырмалардың тiзбесi келтiрiлген:
1. Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіндегі бақылау алаңдарына (стационарына) орманшылық-таксациялық сипаттама беру:
а) типологиялық бақылау алаңдарының (ТБА) №____;
б) басты мақсатқа пайдалану кесулерi бойынша тұрақты бақылау алаңдарының №____;
в) күтiп-баптау кесулерi бойынша тұрақты бақылау алаңдарының №____;
г) қарағайдың, шыршаның және еменнiң өсуiне биологиялық мелиорация мен минералды тыңайтқыштардың ықпалын зерттеу бойынша бақылау алаңдарының №____;
2. Тұрақты стационарда ағаш желегі кескiнiн түсiрудi жүргiзу, әр ағаш үшiн желек диаметрiнiң дiң диаметрiне қатынасын (1,3м биiктiкте) есептеу, барлық ағаштарды (қарағайды) жіңішке желектілерге, өтпелi және жалпақ желектілерге бөлу және өсiп-өну орындары жағдайларының жіңішке және жалпақ желекті қарағайдың санына ықпалы жөнiнде қорытынды жасау.
3. Әр түрлi толымдылықты қарағай (шырша) алқа ағаштарындағы табиғи жаңару есебiн жүргiзу. Талдау жасау.
4. Әр жылдарда кесiлген орманның табиғи жаңаруын есептеу, талдау беру.
5. Тигiзетiн ықпалдарын зерттеу үшiн екі-екiден бақылау алаңдарын салу:
а) қарағай ормандары (шырша ормандары) таксациялық көрсеткiштерiн өзгертуге күтiп-баптау кесулерiнiң әсері;
б) қарағай ормандарының (шырша ормандарының) өнiмдiлiгiне күтiп-баптау кесулерiнiң әсері;
в) қарағай (шырша) балауса ормандарының өсуiне биологиялық мелиорация әсері;
г) қарағай (шырша) балауса ормандарының өсуiне минералды тыңайтқыштар әсері.
6. Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының Лейков орманшылығындағы бiртiндеп кесудiң бiрiншi кезегiн талдауды жүргiзу.
7. Әр түрлi орман шаруашылығы шараларының балауса ормандардағы (сырғауыл ағаштардағы, жетiлiп келе жатқан алқа ағаштардағы) қарағайдың (шыршаның) өсуiне ықпалын зерттеу үшiн екi бақылау алаңын салу.
Салынған бақылау алаңдарында студенттер өздігінен немесе оқытушымен бiрге зерттеулер жүргiзедi. Бақылау алаңдарын сипаттау “Орман қауымдастығын талдау бланкiсiне” сәйкес берiледi. табиғи жаңаруды есепке алу нәтижелерi арнайы ведомоске түсiрiледi.
Жекелеген жағдайларда 3-5 студенттен құралған бригадалармен кешенді ғылыми-зерттеу тақырыптарын өңдеп дайындау ұсынылады.
Бұл зерттелетiн мәселелер аясын кеңейтуге және бiршама терең зерттеулер жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Жиналған тәжiрибелiк материал оқытушыға тапсырылады, ол тексерiп, зерттеу материалына баға бередi және оны өңдеу әдiстемесiн анықтайды.
Студент далалық материалдарды камералды өңдейдi, топырақ пен физиологиялық талдауды жүргiзеді, электронды есептеу машинасына (ЭЕМ) деректер дайындайды. Орманшылықта, таксацияда, топырақтануда қабылданған әдiстермен өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Бақылау алаңдарын өңдеу деректерi негiзiнде жиынтық ведомостерi жасалады. Талдау кезiнде алынған нәтижелер әдебиетте көрсетiлген деректермен салыстырылады.
Студент ғылыми-зерттеу жұмысының осы кезеңдерiн бiтiрген соң, барлық материалдар (әдеби шолу және тәжiрибелiк деректер) негiзiнде ғылыми есеп жазады, оны жетекшiсiне тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |