Израиль мемлекеті
Еврейлердің шоғырлануы және «Еврей проблемасының қалыптасуы»
Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыстардың туындауы және
шиеленесуі.Израиль мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты.
1918-2004 ж.ж. Африка елдері.
«ШЕТЕЛ ТАРИХНАМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ БАҒЫТТАРЫ»
Тарихнама түсінігі және оның тарихи ғылым үшін маңызы. Тарихнама тарихи
ғылым және тарихи көзқарас ретінде. Тарихи ғылымдағы ағымдар, бағыттар мен
мектептер. Тарихнама ағымының, бағыттарының және мектептерінің жалпы критерийі
ретінде
олармен
байланысты
мәселелердің
әдістемелік
принциптері.
Ғылыми пән ретінде тарихнаманың мақсаттары мен міндеттері.. тарихи ғылымның даму
тенденциясын және шетелдік тарихшылардың тәжірибесін зерттеу. Тарихи ғылымның
тарихына қызығушылықтың арта түсу себептері. Сабақтастық және тарихи ой-пікірлердің
үнемі жаңарып тұруы. Тарихи үдерістердің мәдениетте болып жатқан және қоғамдағы
өзгерістермен байланысы.
ХІХ ғасырдағы тарихи ойлардың түрлері. Классикалық тарихилық.
Классикалық тарихилық ХІХ ғасырдағы тарихтағы үстем парадигма ретінде. Бүкіл
дүниежүзілік –тарихи бірлік туралы түсінік және тарихтағы «саналы қадам». Ілгерлеу
теориясының өрістеуі. XIX ғ-дағы тарихи ғылымның антропоцентризмі. Адам
табиғатының өзгермейтіндігі туралы сенім. Саясат, экономика, мәдениет саласындағы
көрнекті тұлғаларына деген қызыгушылық. Өткенді тиімді танудағы мүмкіндіктерге
қатысты тарихшылардың оптимизмі. Деректердің дұрыстығы туралы түсініктердің
басымдығы. Тарихты «нақты қалай болғанын» жазу талабы. Жаратылыстану және нақты,
ғылымның пайда болуы (сциетизм) үлгісіне тарихшылардың шағымы (апелляциясы).
XIX-XX жүз жыл аралығындағы тарихи ойдың тоқырауы. ХХ ғасырдағы
Батыстық қоғамдық сана-сезімге апаттың әсері. ХІХ ғасырдағы тарихилықтың түрі
ретінде теориялық негіздердің тоқырауы. Освальд Шпенглердің «Еуропаның күйреуі»
еңбегі дүниені сезінудегі дағдарыстың жарқын көрінісі ретінде. Тарихтың мағынасыздық
идеясы. Тарихи үдерістің көрінісі дара мәдениеттің ағымы ретінде. Тарихшылар арасында
презентизм және релятивизм философиясының таралуы. Өткеннің қазіргіге танымның
тәуелділігі және жазылған тарихтың бұлыңғырлығы туралы түсінік. Тарихты әдеби
шығармашылықтың тармағы ретінде қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |