D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша



Pdf көрінісі
бет62/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

Американдық сандық тарих. Клиометрияның теориялық негіздері мен оның 
американдық «жаңа экономикалық тарихтың» қалыптасуындағы ролі. Р.Фогельдің 
еңбектеріндегі ХІХ ғ-дағы АҚШ-тың экономикалық тарихын зерттеу. Солтүстік 
Америкадағы экономикадағы теміржолдардың ролін зерттеу. Американдық плантациялық 
құлдықтың 
экономикалық 
тиімділігіне 
байланысты 
пікірталас. Клиометрияны 
ұйымдастыру тарихнамалық бағыт ретінде. Қоғам және квантификаторлардың 


журналдары. Тарихтағы есептік әдісті пайланау мүмкіндіктері. Клиополитология. 
Контент-талдау клиометрияның бір бағыты ретінде. 
Американдық «жаңа әлеуметтік тарих». АҚШ-тағы 1960-1970 жж. әлеуметтік 
ғылымдардың дамуы, ғылыми –техникалық революция және демократиялық 
қозғалыстардың өрістеуінің «Жаңа әлеуметтік тарихты» әзірлеу мен тарихты жазудағы 
толықтыруға әсері. Әр түрлі мәдени дәстүрлер мен американдық қоғамның әр түрлі 
топтарының тарихын жаңа әлеуметтік тарихшылардың зерттеуі. «Жаңа жұмысшы 
тарихы», «жергілікті тарих» және тарихи урбанистика.Ұлттық және нәсілдік мәселелерді 
зерттеу.»Отбасы тарихы»: демографиялық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, 
психологиялық негіздері. Фенимизм жағдайындағы «екінші толқын» «әйелдер 
тарихының» қалыптасуы. Эгалитаризм американдық «жаңа әлеуметтік тарихтың» 
идеялық негізі ретінде. Жаңа бағыттың американдық қоғамдағы демократиялық сананың 
жаңаруына әсері.
Психологиялық тарих. ХХ ғ-дағы психологиядағы Фрейдтік төңкеріс.. 
Америкадағы тарихи ғылымға З. Фрейд концепциясының ықпалы. Мінез-құлықтың 
әлеуметтік мотивтерін іздеудегі неофрейдизм. Психологиялық тарих «жаңа ғылыми 
тарихтың» бір пәні ретінде.Психоаналитикалық басылым серпілісі және 1960-1970 
жылдардағы психологиялық тарихтың университеттік пәнге айналуы. Танымның әмбебап 
әдістерін әзірлеудегі психоанализдің талабы. Э.Фромның авторитарлық тұлға теориясы 
мен әлеуметтік сипаты. 
Қазіргі қоғамдағы тұлғаның шеттетілу мәселесі және бостандықтан өз еркімен 
жаппай бас тартуы.Фромның тоталитарлық тәртіптің тарихи түп-тамырын және 
психологиялық 
алғышарттарын 
іздеуі. 
Э.Эриксонның 
ұқсастық 
концепциясы. 
Ұқсастықтың қалыптасу үдерісі ішкі әлемдегі индивидтің бейімделу тәсілі ретінде. 
Эриксонның көшбасшы-новатор модельдерін жасау және оны М.Лютер мен М.Ганди 
өмірбаянындағы материалдар арқылы анықтау. Фашизмді психоаналитикалық тұрғыдан 
түсіндіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет