Құдайбергенова Айжамал ибрагимқызы



бет9/27
Дата01.04.2022
өлшемі371.5 Kb.
#456557
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Екіншіден, көші-қон үдерістерін кезеңдерге бөлу мәселесіне орай пікірімізге тоқталайық. Қазақстанда XVIII-XXI ғғ. жүрген көші-қон үрдерісін үш дәуірге бөлуге болады:
1) XVIII ғ. ортасынан 1917 ж. дейінгі дәуір – Ресейлік империяның отары болған кездегі қоныс аударушылардың Қазақстанға бағытталған көші-қоны. Әсіресе, ХІХ ғ. екінші жартысынан басталған келімсектер көші-қоны қазақ жерін көп ұлт өкілдерінің мекендеген жеріне айналдырды. 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті басып-жаншу, жазалау шараларынан қашқан қазақтардың сыртқа көші-қоны болмаса, бұл дәуірде қазақтар сыртқа кеткен жоқ;

  1. 1917-1991 жж. кеңестік дәуір – әр түрлі саяси-экономикалық реформалар мен науқандар негізінде қазақ жеріне келімсектердің жаппай көші-қоны мен мәжбүрлі көші-қондар арқасында Қазақстан көп ұлтты халқы бар республикаға айналды. Кеңестік дәуірдегі таптық мәнді ту етіп, ұлттық ерекшеліктерді елеусіздендірген мемлекеттік көші-қон саясатының нәтижесінде қазақтарға ұлт ретінде құрып кету қаупі төнді. 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті жазалау шараларынан қашқан қазақтардың көші-қоны кеңестік дәуірде өршіген қазақтардың сыртқа көші-қонының бастамасы болды. Осы дәуірде орын алған саяси-демографиялық катаклизмдердің нәтижесіндегі қазақтардың өлім-жітімі мен сыртқа көші-қоны және ең бастысы, қазақ жеріне аграрлық, өндірістік, қуғын-сүргіндік көші-қондар толқындары арқасында өзге ұлт өкілдерінің келуі тұрғылықты ұлт өздерінің тарихи жерінде азшылық ұлтқа айналдырды;

  2. Тәуелсіздік жылдары – көші-қон қозғалысында ғасыр бойы Қазақстанға келген ұлт өкілдерінің тарихи отанына қайту көші-қоны күшейіп, керісінше, ғасыр бойы сыртқа қашқан қазақтардың тарихи отанына кері көші-қоны белсендірілді. Оралмандардың Қазақстанға бет бұруы мемлекеттің саяси-экономикалық, мәдени тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің тірегі болып табылатын халықтың демографиялық мінез-құлқындағы негізгі шешуші ұлт – қазақтардың сандық және сапалық мәнін көтерді. Қазақтардың сыртқа көші-қоны еңбек көші-қонымен байланысты.

Кеңестік дәуірдегі көші-қон үдерістері қазақстандық тарих ғылымының тұжырымдамалық ұстанымы тұрғысынан ашылған жаңа көзқарастарға сай өзіндік ерекшеліктері бар алты кезеңге бөлінді: Қазақстанға көші-қонның 1) 1917-1926 жж. – саябырсу кезеңі, 2) 1926-1939 жж. – қайта өрлеу кезеңі, 3) 1939-1945 жж. – мәжбүрлі кезеңі, 4) 1946-1959 жж. – өрістеу кезеңі, 5) 1959-1970 жж. - бәсеңдеу кезеңі мен 6) 1970-1991 жж. – кері бұрылу кезеңі.
Кезеңдерге бөлуде назарда ұстанған ұстанымдар – көші-қон үдерісінің тарихи оқиғалар мен көші-қон тасқындарының басты бағыттарына байланысты негізгі үрдістері мен демографиялық салдарлары. Көші-қон үдерісі халықтың саны мен құрамының динамикасына, табиғи қозғалыстың негізгі үрдістеріне әсер еткен фактор ғана емес, ол қазақстандық қоғамның даму салалары мен ұлттық дамудың құлдыраулар мен өрлеулерге негізделген ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер еткен басты фактор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет