Тіл білімі салаларының зерттелуі бойынша хронологиялық кесте
Фонетика
|
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі Қ.Жұбанов зерттеулерімен жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі; дыбыстардың өзгеру кұбылыстары мен үндестік заңы, сөздің буын кұрылысы мен кұрамы жөнінде зерттеулер жүргізе отырып, белгілі бір ғалымдар легінің келуіне жағдай жасап, сол арқылы казақ тіл білімі үшін ғылыми-теориялық зерттеулер кезеңін бастаушы болды.Тіл дыбыстарының қасиетін әрі қарай тереңірек білу үшін олардың жасалу жолдарын түсініп, ең алдымен тілдің дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік білу керек. Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің грамматикасы» (1936) окулығында бұл туралы толыққанды пікірлер айтылған.
Ғалымдардың осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан “и, у “ жуан- жіңішкелі түрде қолданылатын үу/ұу, ый/ій қосынды мәселесі Қ.Жұбанов зерттеулерінде 1935 жылғы «Қосар ма, дара ма?» атты зерттеуіне арқау болып, мақалада и мен у дара дыбыс десе, ал 1936 жылы оқулығында қосынды дауыстылар бір дауысты, бір дауыссыз екі дыбыстан кұралған деген шешімге келеді.
|
Лексика
|
Лексикография саласын алғашқылардың бірі болып зерттеген Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы «Қазіргі қазақ лексикографиясы мен фразеологиясы»(1997,2006) атты еңбекте де лексикография терминіне құнды анықтама береді: «Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың сөздігін жасаумен және оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын – лексикография дейді. Яғни сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз».
|
Грамматика
|
Қазақ тілі грамматикасының құрылысы туралы зерттеулердің ана тілімізде жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі - қазақ тілі морфологиясын ана тілімізде сөз еткен алғашқы зерттеу. 30-шы жылдар ішінен бастап 60-шы жылға дейін Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, К. Аханов, А. Қалыбаева, т.б ғалымдардың зерттеулері
біріне-бірі жалғастырыла үздіксіз жүргізіліп келді.
Құдайберген Жұбанов «Қазақ тілінің грамматикасы» атты еңбегі 1936 жарық көрген. Осы еңбегінде Жұбанов тұңғыш рет қазақ тілінде қазақ тілінің өз табиғи материалдары, қазақ тілінің өзіндік заңдылықтарына үйлестіре отырып ғылыми талдаулар мен баяндаулар жасаған
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |