Дайындаған студенттер



бет6/6
Дата21.01.2024
өлшемі232.8 Kb.
#489559
1   2   3   4   5   6
3 СӨЖ

Сөзжасам

Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған академик В.В. Виноградов болды. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан, сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалармен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О Винокур,Е С Кубряков, Е А Земская, Н Д Арутюнова, А Н Тихонов,И. С. Улухановтарды атауға болады. 1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зертеудің нәтижесінде 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды.
Қ.Жұбановтың 1936 жылы жарыққа шыққан “Қазақ тілінің грамматикасы” зерттеуінің бірінші бөлімінде сөздің жалпы құрылысы сөз болады, ал “Заметки о вспомогательных и сложных глаголах”, “Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер” атты мақалаларында сөзжасам тәсілдеріне арнайы талдау жасайды. Н.Т.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев сияқты ғалымдар сөзжасам туралы болмаса да, сөз тудыруға қатысты мақалалар жазды.

Стилистика

Стилистиканың тарихы әріден басталғанымен қазақ тіл білімінде стилисткиа мәселерін зертеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғарғы оқу орындарында өз алдына жек пән ретінде оқытылатын болды. Қызық тілі стилистикасының мәселелері арнайы зерттеу нысаны бола алмай келеді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары оқу құралдаырнда және көркем шығарма тілі жайында жазылғын мақалаларда тіліміздің кейбір стильдік құбылстары жайында жазылған азын – аулақ пікірлерді кездестіруге болады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зертелуі көптен бері қолға алынып бұл салада біраз еңбектер де жарияланды. Солардың ішінен А.Пешковский, Л.В. Щерба, В.В. Винаградов, Г. В Винокур, А.Н. Гвоздев, А.И. Ефимов, В.П. Мурат, сияқтызертеушілердің еңбектерін атауға болады. Стилистканың бірқатар проблемалық мәселелері 1954 жылы «Вопросы языкознания» журналыны ұйымдастыған дискуссия материалдарында да қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет