Дайындаған студенттер


«Жас ұрпақтың бойына өз мәдениетіне, тіліне деген сүйіспеншілікті сіңіру керек»



бет2/6
Дата21.01.2024
өлшемі232.8 Kb.
#489559
1   2   3   4   5   6
3 СӨЖ

«Жас ұрпақтың бойына өз мәдениетіне, тіліне деген сүйіспеншілікті сіңіру керек».




  • «Театр киімілгіштен басталады ал, ғылыми жұмыс библиографиядан басталады».




  • «Тілімізге мемлекеттік мәртебе беру - қазақ тілін өлі тілге айналудан құтқарудың шарасы ғана. Бұны түсіну қиын емес».




  • «Күлкі - өмірдің мүлкі».




  • «Ғылым жолы - ауыр жол дегеніңіз бер жағы, ғылым жолы - азапты жол, ол - ұйқысыз түндер, ол - жұқарған жүйкелер, ол - толассыз күрестер, сосын ол - қасиетті жол. Әр азапты жолдың өз қасиеті бар. Ал менде мамандық таңдау мүмкіндігі мүлде болмады десе болады. Себебі бұл жолмен арғы атам Сарыбай жүрген, ол Нарындағы Ханордада Жәңгір хан ашқан мектепте мүдір болған, оның бұл ісін атам Харес ары қарай жалғастырған, одан кейін бұл іспен әкем Шамғали айналысты, ол мұрагерлік жолмен бізге ауысты. Біздің Сарыбаевтар әулетінен тараған ұрпақтың барлығының дерлік белгілі дәрежеде ғылыммен, өнермен байланысы бар».




  • «Қазіргі күні де екі тілде бірдей қалам тербей алатын жазушыларымыз бен ғалымдарымыз бар. Олардың ешқайсысы бұдан кенделік көріп отырған жоқ. Халқымыздың даңқын ғаламға жайған әл-Фараби жетпіс тілде еркін сөйлегендігі жөнінде айтылатын бір аңыз қостілдік емес-ау, көп тілді меңгергеннің пайдасы шашетектен екендігін еске алмай ма?»




  • «Қазақ тілі шын мәнінде мемлекеттік тіл болуы үшін малшыдан министрге дейін, партада отырған балалардан парламентке дейін қазақша сөйлеуі керек».




  • «Қазақ елінің қазақ тілінің келешегі қазіргі бүлдіршіндердің қолында, солардың тағдырталайымен тікелей байланысты. Осы күндері балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан балдырғандар қазақша сөйлесе, қазақша тәрбиеленсе, келер ғасырда да қазақ халқы өмір сүреді. Ұрпақ жалғастығы үзілмейді».

Еңбектің 3-ші тарауында, ғалымның ғылыми еңбектері бойынша хронология берілген. Яғни, 1956 жылдан бастап жарық көрген ғылыми еңбектері көрсетілген.


Еңбектің 4-ші тарауында, ғалымның 1958 жылдан бастап баспаларда редактор болған еңбек жолы баяндалады.


Еңбектің 5-ші тарауында, ғалымның 1951 жылдан бастап жарық көрген мақалалар тізімі көрсетілсе, 6-ші тарауында авторефераттары мен диссертациялар тізімі көрсетілген


Одан кейінгі тарауларда ғалымның ғылыми жетекшілігімен қорғалған кандидаттық диссертациялар, өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер тізімі жазылған




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет