Дайындаған студенттер



бет5/6
Дата21.01.2024
өлшемі232.8 Kb.
#489559
1   2   3   4   5   6
3 СӨЖ

Морфология

Морфология мәселелеріндегі бұрын-соңды жетістіктердің бәрін жинап, оны жүйелі тәртіпке келтіріп, теориялық тұрғыдан ғылыми бір ізге түсіріп баяндаған күрделі еңбек 1967 ж. Қазақ КСР ҒА "Ғылым" баспасынан шыққан "Қазақ тілінің грамматикасы" болды. Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөз формаларын зерттеу. Сол себептен сөз формалары жайындағы зерттеу сөздердің түрлері жайындағы қандай да болса ережелердің бәрін түгел қамтып, сөздерді морфологиялық категориялардың қандай түріне жатқызу және оларға тән формаларды анықтау сияқты заңдылықтарды да қамтиды.
Ы.Е. Мамановтың 2002 жылы Астана баспасынан жарық көрген “Қазақ граматикасын” алуға болады. Ғылыми басылымның морфология бөлімінде етістік категориясына байланысты зерттеушінің тұжырымдары, кезқарастары, пікірлері негіз етіп алынғаны көрінеді.
I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған "Қазақ тілі грамматикасы" мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған "Қазақ тілі" (1948) және жоғары оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақ тілі" (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған Балақаевтың "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері", А. Ысқақовтың "Қазақ тіліндегі үстеулер", Ғ. Мұсабаевтың "Сын есімнің шырайлары", Ә. Хасеновтың "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер", Р. Әміровтың "Қазақ тіліндегі шылаулар", Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі одағайлар" т. б. зерттеулерін айтуға болады.



Синтаксис

Синтаксиске қатысты бастапқы мағлұмат А.Байтұрсынұлының үшінші “Тіл –
құралында” баяндалады. Бертінде, 1930-40 жылдары қазақ тілінің бірнеше грамматикасы шықты, синтаксиске арналған азын-аулақ зерттеулер мен шағын мақалалар жарияланды. Оларды жай жəне құрмалас сөйлемдер синтаксистерінің негізгі мəселелері біршама тəуір баяндалады да, сөз тіркесінің синтаксисі атаусыз қалады.
1894-1897 жылы орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грмматика казак-киргизского языка» деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан А.Казембектің және миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикаларына» негізделгенмен, онда да фонетика грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны «Этимология» деп атап, оған синтаксис мәселелері де енгізіліп, синтаксиске арналған кітабында морфологияға қатысты мәселелері араластырылады. Сондай - ақ, профессор С.Аманжолов «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын» жазып, синтаксис туралы мәлімет береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет