Дайындық тест. 10-сынып 1-3 тақырып. Рессей империясы кезінде «Орта Азия»



бет5/21
Дата22.12.2022
өлшемі0.69 Mb.
#467733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Джандосова тест

Дайындық тест. 10-сынып
12-16 тақырып.

1. б.з.б. VIII-VII ғасырда скифтер басып кірген аймақ:


A) Кіші Азия B) Алдыңғы Азия C) Орта Азия D) Шығыс Азия E) Оңтүстік Азия
2. б.з.б. 670 жылы Ассириялықтармен болған шайқаста қаза болған скиф патшасы:
A) Арсак B) Шырақ C) Ишпакай D) Скунха E) Спитамен
3. Скифтер өздеріне салық төлеуге мәжбүр етті:
A) Парфияны B) Мидияны C) Урартуды D) Бабилонды E) Мысырды
4. Кир патша бұйрығымен соғдының сақтар мемлекетімен шегарасына салынған қала:
A) Курушката B) Куляб C) Бохтар D) Маракан E) Гиссар
5. Кирдің Массагеттерге қарсы жорығынан қайтып оралмағаны туралы жазған грек тарихшысы:
A) Арриан B) Геродот C) Прийск D) Курций Квинт Руф E) Ктесий
6. б.з.б. 519 жылы сақ-тиграхаудаларға шабуыл жасап, олардың көсемі Скунханы қолға түсірді:
A) Кембиз B) Кир C) А.Македонский D) І Дарий E) Ксеркс
7. Тарихи оқиғаларды жылдарымен сәйкестендіріңіз.
1. I Дарий сақтарға шабуыл жасады, сақ көсемі Скунха қарсы тұрып, Шырақ батыр ерлік көрсетті.
2. Томирис патшайым парсы патшасы Кирге қарсы соғысты.
3. Александр Македонскийдің шабуылына сақ көсемі Спитамен қарсы партизандық соғыс жүргізді.
4. І Дарийдің «өлмейтін он мың» аталған әскері құрамында гректерге қарсы Марафон шайқасына қатысты
5. Парсы патшасы Ксерекстың әскері қатарында Фермипиль шайқасына қатысты
A. Б.з.б. 530-529 жж. B. Б.з.б. 519-518жж. C. Б.з.б. 490ж. D. Б.з.б. 480ж. E. Б.з.б. 331-327жж.
A) 1-E, 2-C, 3-B, 4-A, 5-D B) 1-B, 2-A, 3-C, 4-E, 5-D
C) 1-B, 2-A, 3-E, 4-C, 5-D D) 1-C, 2-B, 3-A, 4-D, 5-E
E) 1-D, 2-C, 3-B, 4-E, 5-А
8. «Скифтердің өздері де, олардың аттары да сауытпен қорғалған» - деп жазды.
А) Диодор В) Полибий С) Герадот D) Торг Е) Арриан
9. б.з.б. ІІІ ғасырдың соңында құрылған ғұн мемлекетінің негізін қалаушы:
A) Мөде B) Бумын C) Лаушан D) Чжи-Чжи E) Аттила
10. б.з.б. 200 ж. ғұндарға жорық жасап, қоршауда қалған Хань әулетінің негізін қалаушы қытай императоры:
A) У-ди B) Гао-ди C) Цинь Шихуанди D) Чжан Цянь E) Сюань-ди
11. б.з.б. 133-127 жылдары ғұндарға қарсы жорық ұйымдастырған қытай императоры:
A) У-ди B) Гао-ди C) Цинь Шихуанди D) Чжан Цянь E) Сюань-ди
12. б.з.б. 165 жылы ғұндардың жеңісімен аяқталатын, ғұндардың көшпелі мемлекетімен төрт ғасырға жуық соғыс жүргізген мемлекет:
A) Қаңлы B) Қытай C) Юэчжи (тохар) D) парсы E) Эфталитет
13. Батысқа жылжи отырып солтүстік ғұндар ІІ ғасырда Шығыс Қазақстан мен Жетісу жеріне келіп негізін қалаған мемлекет:
A) Хунну B) Юэчжи C) Сюнну D) Юэбань E) Усунь
14. Ең алғашқы екі доңғалақты әскери арба табылған қорым:
A) Сынтасты B) Петров C) Алакөл D) Федоров E) Беғызы-Дәндібай
15. Ерте көшпенділердің жауынгерлік арбасында тізгінші мен жауынгер отыратын, ондағы жауынгердің басты қаруы саналды:
A) Қылыш B) Найза C) Садақ пен жебе D) Шоқпар E) Болос
16. Андрон мәдениетінің Оңтүстік Жайық пен Солтүстік Қазақстан өңірінде жақсы сақталған қаласы:
A) Бәбіш Молда B) Арқайым C) Ақтау D) Шырық Рабад E) Алтынасар
17. Сақтардың «Скиф» үлгісіндегі негізгі қаруы:
A) садақ B) қайқы қылыш C) айбалта D) күрзі E) алдаспан
18. ертедегі көшпенділерді кілем тоқу өнерінің жоғары деңгейде болғандығын дәлелдейтін, Алтайдағы мәңгілік тоң астынан кілем табылған қорым:
A) Шілікті B) Берел C) Пазырық D) Аралтөбе E) Есік
19. Скиф және сақ киімінің негізгі бөлігі саналды:
A) шапан B) іш киім C) бас киім D) шалбар E) ішік
20. Еуразия көшпенділерінің ұлы туындысы саналған, киіз үйдің алғашқы нобайы табылған қола дәуір қонысы:
A) Сынтасты B) Петров C) Алакөл D) Федоров E) Беғызы-Дәндібай
21. түркілер мен моңғолдардың киіз үйлерінің негізі бастау алады:
A) Шалаш қоныстан B) Күймелі арбалардан C) Андрондық баспанадан D) Сібірлік күркеден E) Бәдәуилік шатырдан
22. әйелдері шаштарын алып тастап, киізден жасалған, екі қабаттап шаш тігілген баскиім киді. Сақ әйелдерінің киімі табылған қорым:
A) Ұйғарақ B) Бәйте C) Пазырық D) Сынтас E) Ақтау
23. Киіз үйдің ағаш қаңқасы құрастырмалы етіп жасалған уақыт шамамен:
A) VІІІ ғасырда B) VІ ғасырда C) ІV ғасырда D) ІІІ ғасырда E) І ғасырда
24. Ежелгі малшылар (андрондар) жеңіс силап, малды аман сақтайды, тоқшылық пен байлық дарытады, ол жаулардың үйлерін талқандап, оларды соғыста жеңіліске ұшыратады деп сенген басты құдайы:
A) күн құдайы B) бөрі басты адам құдайы C) жұлдыз құдайы D) от бейнелі найзағай құдайы E) жануар бейнелі аспан құдайы
25. ерте көшпенділерде күнге табынудың кең тарағанын айғақтайтын Жетісудағы петроглиф:
A) Қаратау петроглифтері B) Жасыбай петроглифтері C) Тамғалы петроглифтері D) Баянжүрек петроглифтері E) Ешкіөлмес петроглифтері
26. Сақ заманында да күнге табынудың болғанын дәлелдейді:
A) есіктегі алтын адам B) қарғалы диадемасы C) аралтөбе көсемі D) пазырық кілемі E) берел жылқылары
27. Сақтардың отқа табынғаны туралы мол мағлұматты кездестіруге болады:
A) Берел қорымынан B) Сынтас қорымынан C) Шілікті қорымынан D) Пазырық қорымынан E) Бесшатыр қорымынан
28. Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылды
А) Шығысқа, Солтүстікке B) Оңтүстікке, Солтүстік батысқа C) Батысқа, солтүстікке D) Шығысқа, оңтүстікке Е) Батысқа, Оңтүстік-батысқа
29. б.з.б. І мың жылдықттың басында пайда болған Зороастризм дінінің басты құдайы:
A) Шива B) Ахура-Мазда C) Брахма D) Яхве E) Митра
30. Аң стиліндегі өнер сақтардың арасында пайда болды:
А) б.з.б. V ғ. В) б.з.б. ІV ғ. С) б.з.б. ІІІ ғ. D) б.з.б. VІІІ ғ. Е) б.з.б. І ғ.
31. Жаңа дәуірдің басында сақтардың аңдық стилінің орнын алмастырды:
A) Балбал стилі B) Геометриялық өрнек стилі C) Адам бейнелеу стилі D) Полихромдық стил E) Қашау стилі
32. Н.Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында баяндады:
A) күн құдайын B) Аң стилін C) Авеста туралы D) Полихромдық стилді E) Тамғалы петроглифтерін
33. Сақтардың ғарыш туралы түсінігінің мысалы:
A) «Алтын адамның» ыдысы B) «Алтын адамның» асатаяғы C) «Алтын адамның» бас киімі D) «Алтын адамның» мөрінен E) «Алтын адамның» қанжары
34. контекс:
Ұлы Даланың материялдық мәдениеті
Көшпелі өркениет табиғаттағы қуаңшылыққа байланысты пайда болды. Неолит дәуіріндегі аңшы біртіндеп малшыға, кейін көшпелі мал өсірушіге айналып, маусымдық көшіп-қонуды меңгерді. Бұл олардың малдарының көбейіп, отбасының қамсыз өмір сүруіне жағдай жасады. көшпенділердің атқа салт мінуі, жауынгерлікті меңгеруі өз жайылымдарын қорғауына және отырықшы өзге өркениетке қарсы тұруына ықпал етті. Әскери өнер көшпелілерді қаһарлы күшке айналдырды.
Ал отырықшы егіншілер жерді суарып баптауды меңгеріп, әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруду үйренді. көптеген егіншілік және қалалық мәдениет ошақтары қалыптасып, сәулет өнер, қолөнер, сауда дамыды.
Далалық мәдениет пен отырықшы-егіншілердің мәдениеті арасында үлкен айырмашылық болды. Мысалы, айналмалы қондырғыны қолданбай жасаған далалық қыш бұйымдары егіншілер мен қала орталықтарында жасалған қыш бұйымдарға қарағанда, жұқа әрі нәзік болды. Далалықтар ыдыстарға қарапайым өрнектер (шырша, ирек, ұшбұрыш) салып безендірсе, отырықшы ауданның қышшылары өз бұйымдарына күрделі өрнектер салды. Ұлы Даладағы ежелгі қалалар жобасы мен материалдары (топырақ пен балшық) бойынша, оңтүстіктің тас пен кірпіштен қаланған қалаларынан үлкен айырмашылығы бар. Андрондық жартылай жертөлелер мен жеңіл қабырғалы үйлер оңтүстікте кең таралған шикі кірпіштерден салынған үйлерге ұқсамайтын еді. Осындай айырмашылықтарға қарамастан екі өркениетте адамзаттың материалдық мәдениетіне елеулі үлес қосты.
1. Далалық мәдениет пен отырықшы мәдениеттегі айырмашылықты анықтауға болады:
A) қолөнерінен B) әскери өнерінен C) соғыс тактикасынан D) сауда байланысынан E) қала құрылысынан
2. Далалық мәдениет пен отырықшы мәдениеттегі баспаналарының айырмашылығы анықталады:
A) баспана сапасында B) құрылыс материалдарында C) сатылық ерекшелігінде D) отырықшыларда қабат үйлер болды E) Ұлы Дала баспаналары дөңгелек пішінді болды
3. Қалалық сәулет өнерінің дамуына әсер еткен өркениет тобы:
A) отырықшы егіншілер B) көшпенділер C) саудагерлер D) құрлысшылар E) жаулап алушылар
4. ыдыстарға қарапайым өрнектер салып безендіру стилі тән болды:
A) қолөнершілерге B) саудагерлерге C) егіншілерге D) көшпенділерге E) қалалықтарға
5. Көшпенділердің отырықшы өзге өркениетке қарсы тұруына ықпал етіп, қаһарлы күшке айналдырған себептер:
І. жылқыны мініс көлігіне айнадыра алуы. ІІ. Металл өндірісіндегі жетістігі. ІІІ. ат үсті өнерін меңгеруі. IV. Сауда қатынастарының дамуы. V. жылдам соғыс қимылдары. VI. Мал шаруашылығының дамуы.
A) I, II, IV. B) I, III, V. C) II, III, VI. D) III, V, VI. E) IV, V, VI.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет