Дайындық тест. 10-сынып
17-20 тақырып.
1. Ортақ өзіндік атауымен, өзіндік сана-сезімімен, шығу тегі нақты немесе мифтік ортақтығымен, тілімен, шарушылық түрлерімен және менталитетімен бірігетін және өзі осындай басқа қауымдастықтардан ерекшеленетін адамдардың әлеуметтік қауымдастығы:
A) Нәсіл B) Этнос C) Этика D) Ассимиляция E) Эндогомия
2. өз этносы шегінде ғана неке құру аталады:
A) Экзогамия B) Ассимиляция C) Социология D) Эндогомия E) Инициация
3. Ғалымдарың көпшілігі Ботай-Терсек мәдениетін жасаушылардың этногенезін жатқызады:
A) Түркілік кезеңге B) Үндіирандық кезеңге C) Фин-угорлық кезеңге D) Үндіқытайлық кезеңге E) Үндіафрикалық кезеңге
4. Авеста, Ригведа және басқада Ведаларда Андрондықтардың этногенезі сипатталады:
A) Түркілік кезеңмен B) Үндіирандық кезеңмен C) Фин-угорлық кезеңмен D) Үндіқытайлық кезеңмен E) Үндіафрикалық кезеңмен
5. Қытай деректерінде сақтармен туыстас болған және Бактрияға өз атын берген ирантілдес тохарармен байланыстырылды:
A) юэчжилер B) ғұндар C) сақтар D) түркілер E) қаңлылар
6. Қытай деректері бойынша Сырдарияның орта ағысында және Шаш облысында орналасқан ел:
A) юэчжилер B) ғұндар C) сақтар D) түркілер E) қаңлылар
7. юэчжилер мен үйсіндер және қаңлылар кімдердің ығыстыруымен Қазақстан даласына қоныстанды:
A) қытайлардың B) ғұндардың C) сақтардың D) түркілердің E) ұйғырлардың
8. қазақтар этногенезінің түркілік кезеңінің басталуы кімдермен байланысты болды:
A) Андрондармен B) Арийлермен C) сақтармен D) ғұндармен E) түркілермен
9. Ғұн империясының негізі қаланған уақыт:
A) б.з.б. V ғасыр B) б.з.б. ІV ғасыр C) б.з.б. ІІІ ғасыр D) б.з.б. ІІ ғасыр E) б.з.б. І ғасыр
10. Б.з.б. І мың жылдықта Орталық Азияның отырықшы-егінші жерлерін иеленіп, ассимиляцияланып хорезмдік, соғдылық, бактриялық этностарды құраған тайпалар тілдік жағынан жатады:
A) түркі тілдес B) үнді тілдес C) иран тілдес D) латын тілдес E) қытай тілдес
11. Бактрия жеріне келіп қоныстанған Юэчжилердің (тохарлар) құрған мемлекет:
A) Парфия B) Кушан C) Хетт D) Ассирия E) Вавилон
12. қазақтар этногенезінің түркілік кезеңінің қамтитын аралығы:
A) V-X ғғ. B) VI-XIII ғғ. C) VII-IX ғғ. D) VI-IХ ғғ. E) VIII-XV ғғ.
13. VI ғ. Гоби шөлінен солтүстікке қарай таралып қоныстанған этностардың қытай деректеріндегі атауы:
A) хунну B) сюнну C) теле D) усуньго E) кангюи
14. VII ғасырдың басында теле тайпаларының құрамы:
A) 11 тайпа B) 13 тайпа C) 17 тайпа D) 120 тайпа E) 15 тайпа
15. Түрік қағанаты ыдырғаннан кейін шығыс телелер тоғыз-оғыз (ұйғырлар) одағына бірігіп 646 жылы құрған мемлекеті аталды:
A) Екінші Шығыс Түрік қағанаты B) Бірінші Ұйғыр қағандығы C) Түркеш қағанаты D) Қарлұқ қағанаты E) Қимақ қағанаты
16. 682 жылы құрылған қағандық:
A) Екінші Шығыс Түрік қағанаты B) Бірінші Ұйғыр қағандығы C) Түркеш қағанаты D) Қарлұқ қағанаты E) Қимақ қағанаты
17. Түргештер құрамында болған тайпалық одақ:
A) Нушеби B) Дулу C) Қарлұқ D) Ұйғыр E) Оғыз
18. VIII ғ. Ұйғыр қағандығының тоғыз-оғыздарымен соғыса жүріп Жетісуға қоныс аударған тайпа:
A) түргеш B) оғыз C) қимақ D) қарлұқ E) қыпшақ
19. өз тарихында еуропеоидтік белгілерді көбірек қабылдаса да, түркілік тілдерін сақтап қалған тайпа:
A) қыпшақтар B) оғыздар C) қарлұқтар D) қидандар E) түргештер
20. XII ғасырда Қазақстан аумағына қоныс аударған моңғол тілдес халықтар:
A) дулулар B) оғыздар C) юэчжилер D) қидандар E) үйсіндер
21. Қазақтар этногннезінің түркілік кезеңі туралы «Диуани лұғат ат-түрікте» халықтар тізбесінде көрсетеді. «Диуани лұғат ат-түрікте» тайпаларды батыстан шығысқа қарайға бағытта көрсетеді. 29 түркі тайпасының аты, тұрмысы, қоныстануы, тарихы берілген:
- Солтүстік топ халықтары - бедженек, қыпшақ, имек, оғыз, басшқұрт, басмыл, кай, йабаку, татар, қырғыз;
- Оңтүстік топ халықтары - шығыл, тухси, яғма, игрок, жарұқ, жұмұл, ұйғыр, таңғұт, хитай.
«Диуани лұғат ат-түрікте» айтуынша бұлардың кейбіреулері түрікше сөйлемеген.
«Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы:
A) Әбу Райхан әл-Бируни B) Әбу Насыр Әл-Фараби C) Махмұд Қашғари D) Жүсіп Баласағұни E) Қожа Ахмет Йасауи
Достарыңызбен бөлісу: |