Дайындық тест. 10-сынып 1-3 тақырып. Рессей империясы кезінде «Орта Азия»



бет7/21
Дата22.12.2022
өлшемі0.69 Mb.
#467733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Джандосова тест

Дайындық тест. 10-сынып
21-26 тақырып.

1. Еуразия даласында түркілік белгілердің одан әрі күшеюіне ықпал етті:


A) Әмір темір шапқыншылығы B) Жоңғар шапқыншылығы C) Моңғол шапқыншылығы D) Қытай шапқыншылығы E) Араб шапқыншылығы
2. Қазақ этногенезінің қалыптасу үрдісі аяқталды:
A) Көк орда аумағында B) Ақ орда аумағында C) Шағатай ұлысы аумағында D) Төле ұлысы аумағында E) Хулагу ұлысы аумағында
3. Қазақстанның отырықшы-егінші аймағы, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан інжулік жері болған Шыңғыс ұрпағы:
A) Жошы B) Шағатай C) Үгедей D) Төле E) Құбылай
4. XIV ғ. ортасына қарай мұсылмандық жазба деректерде Шығыс Дешті Қыпшақ халқы атала бастады:
A) қазақтар B) татарлар C) ноғайлар D) өзбектер E) қыпшақтар
5. Алтын Ордадан бөлінген Дешті Қыпшақ «Өзбек хандығы» деп атала бастады, «Өзбек хандығына» қазақ тарихында берілген атау:
A) Әбілхайыр хандығы B) Қазақ хандығы C) Қоқан хандығы D) Көшім хандығы E) Хиуа хандығы
6. XV ғ. соңында Шайбан хан бастаған Дешті Қыпшақ даласынан оңтүстікке жылжыған далалық өзбектердің саны шамамен:
A) 100 мың B) 200 мың C) 300 мың D) 400 мың E) 500 мың
7. Даладан Мәуеренназхрға кеткен көшпелі өзбектер неше тайпаға бөлінді:
A) 52 B) 62 C) 72 D) 82 E) 92
8. Қазақ этногенезінің аяқталу мерзімі сәйкес келеді:
A) IX-XI ғғ. B) XII-XIII ғғ. C) XIV-XV ғғ. D) XVI-XVII ғғ. E) XVII-XVIII ғғ.
9. Қазақ халқы этногенезінің аяқталуында маңызды рөл атқарған оқиға:
A) Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хандығынан бөлініп көшіп кетуі. B) Шах Мұхаммед Шайбанидің Мәуереннахрды жаулап алуы. C) Әбілхайыр ханның қаза болуы. D) Моғолстан тағына Есен-Бұқа мен Жүністің таласуы. E) Алтын ордасының ыдырауы
10. Өз шығармасында қазақ-өзбектер ұғымын қолданған тарихшы:
A) Өтеміс қажы B) М.Х.Дулати C) Қ.Жалайыри D) Әбілғазы хан E) Бабыр
11. 1459-1460 жылдары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп көшіп кетті:
A) Хорезмге B) Шығыс Түркістанға C) Батыс Жетісуға D) Шығыс Жетісуға E) Мәуереннахрға
12. Қазақ сөзінің түркілік анықтамасы:
A) мықты, берік, алып. B) еркін, тәуелсіз өмір сүру. C) нығыз сақ ұрпақтары D) бүлікшіл, қайсар. E) жаужүрек, достыққа адал
13. Көпғасырлық этникалық үрдістің нәтижесінде қазақ этносы қалыптасты:
A) XIII ғ. бірінші жартысында B) XIV ғ. бірінші жартысында C) XV ғ. бірінші жартысында D) XVI ғ. бірінші жартысында E) XVII ғ. бірінші жартысында
14. XX ғасырдағы қазақтардың мәдени-генетикалық кодының бұзылуына алып келген жағдай:
A) дүниежүзілік соғыстар B) сыртқы қысым саясаты C) репереция саясаты D) орыстандыру саясаты E) неміс автономиясын құру саясаты
15. Әрбір этностың мәдениетінде тек өздеріне ғана түсінікті және соларды ғана біріктіретін идеялар мен түсініктер, нышандар мен белгілер жүйесі болады. Этностың бұл ішкі әлемі этностың көзге көрінбейтін «құпия» коды аталады:
A) Мәдени-генетикалық код B) Әлеуметтік-саяси код C) Тарихи-саяси код D) Биологиялық-генетикалық колды E) Ғылыми-генетикалық код
16. Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жерге – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де, жүрегінің түбінен әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айырықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриодизмның маңызды көрністерінің бірі. Бұл - кез келегн халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін Мәдени-генетикалық кодының негізі.
Мәтін авторы:
A) Н.Назарбаев B) Қ.Тоқаев C) Д.Қонаев D) Ж.Тәшенов E) Ә.Бөкейханов
17. Ел арасында ауызша өмір сүріп, рулардың шығу тегінің бір екендігін және біртұтас туыстық жүйеге жататындығы көрініс табады:
A) мифологияда B) шежіреде C) ертегілерде D) эпостық жырларда E) тарихи жазбаларда
18. ер адам жағынан ататегі ортақ топтар:
A) экзогамия B) интервенция C) инициация D) патронимия E) ассимиляция
19. жеті атаны білу, туыс адамдардың үйленуіне салынған тыйым:
A) экзогамия B) интервенция C) инициация D) патронимия E) ассимиляция
20. дереккөздерде қазақ жүздері туралы алғаш айтылады:
A) XIV ғ. бас кезінде B) XV ғ. бас кезінде C) XVI ғ. бас кезінде D) XVII ғ. бас кезінде E) XVIII ғ. бас кезінде
21. Қазақтардың жүздерге бөлінудегі көрніс тапқан ерекшелік:
A) саяси-қоғамдық үрдіс B) тарихи-территориялық үрдіс C) географиялық-физикалық үрдіс D) тарихи-шежірелік үрдіс E) шаруашылық-мәдени үрдіс
22. XV-XVI ғасырларда қазақ хандығында сақталған ұлыстық жүйені алмастырды:
A) туыстық жүйе B) рулық жүйе C) тайпалық жүйе D) жүздік жүйе E) аймақтық жүйе
23. қазақ жүздерінің орналасу ретін сәйкестендіру:
І. Ұлы жүз, ІІ. Орта жүз, ІІІ. Кіші жүз.
a. Орталық және солтүстік, Шығыс Қазақстан. b. Батыс Қазақстан. c. Жетісу мен одан батысқа қарай.
A) I-b, II-a, III-c. B) I-c, II-a, III-b.
C) I-c, II-b, III-a. D) I-a, II-c, III-b.
24. Ортағасырлық жазба дереккөздерде өте жиі аталатын бүгінгі қазақ руы:
A) оңғыт B) яғма C) шекті D) кунграт E) тама
25. Ұлы жүз руларына жататын дулат және үйсін тайпасына қатысты ортақтықты анықтаңыз:
A) тайпалардың түпкі атасы үйсін атты батыр болған. B) ерте темір дәуірінде өз мемлекеттерін құрған. C) Жетісу жерінде кең тараған тайпалар. D) Қытай деректерінде билеушілері гуньмо деп аталған. E) ғұндарға қарсы әскери одақ құрған.
26. Қазақстанның шығыс бөлігінде, Алтайдан Жетісу (Жоңғар) Алатауына дейінгі жерлерді және бүгінгі Қызылорда облысының аумағында көшіп-қонып жүрген орта жүз руы:
A) Арғын B) Найман C) Қоңырат D) Керей E) Уақ
27. Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда (Ертіс және Батыс Алтайда) көшіп-қонып жүрген орта жүз руы:
A) Арғын B) Найман C) Қоңырат D) Керей E) Уақ
28. Қазақстанның сотүстігінде, Торғайдан Алтайға дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрген, керейлерге туыстас орта жүз руы:
A) Арғын B) Найман C) Қоңырат D) Керей E) Уақ
29. кіші жүз қазақтары қанша ірі ру-тайпалық бірлестікке біріккен:
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6
30. Жүздік жүйеге кірмейтін, Шыңғыс ханның ұрпақтары аталды:
A) қожалар B) билер C) батырлар D) төрелер E) жыраулар
31. қазақ қоғамының басқа мүшелерімен салыстырғанда құқықтық артықшылыққа ие болған топ өкілдері:
A) билер B) байлар C) сұлтандар D) рубасылар E) батырлар
32. Шыңғыс хан ұрпағының ортақ таңбасы мен ұраны болды:
A) Барыс B) Бөрі C) Арқар D) Тұлпар E) Айдаһар
33. құрылтайлар мен салтанатты жағдайларда ақсүйектер отыратын, сұлтандық артықшылықтың сыртқы белгелерінің бірі:
A) ақ қиіз B) жібек төсеніш C) алтын түстес кілем D) бұлғын ішік E) аю терісі
34. Мұхаммед пайғамбардың, төрт халифтің және Орталық Азияға ислам дінін таратушылардың ұрпақтары саналды:
A) қожалар B) билер C) батырлар D) төрелер E) жыраулар
35. рулар мен тайпалардың басшылары саналды:
A) билер B) байлар C) сұлтандар D) төрдер E) батырлар
36. Би сөзінің ежелгі түркілік нұсқасы:
A) түменбасы B) елтебер C) шад D) бек E) түтік
37. Қазақ қоғамындағы кәсіпқой әскери адамдар деп атауға болады:
A) халық жасағын B) билер C) батырлар D) төлеңгіттер E) жыраулар
38. өз руы мен тайпасынан, халық арасынан шыққан батырлардың жауынгерлік ерліктерін мадақтай отырып, ел ішінде олардың беделін көтеріп, даңқын арттырып отырды:
A) ақындар B) билер C) жасауылдар D) шежіресішелр E) күйшілер
39. жауласушы тараптар арасында бейбіт келісімдер жасау кезінде елшілер мен бітімгерлер рөлін атқарып, өз жасы мен бұрынғы сіңірген еңбектеріне қарай құрметке ие болды:
A) Ақсақалдар B) билер C) батырлар D) төлеңгіттер E) жыраулар
40. Ортағасырлық қазақ қоғамында толықтай құқықсыз, куәгер ретінде сөйлей алмайтын, мемлекеттік міндеткерлікті атқармайтын, куәгерлікке тартылмайтын ең төменгі әлеуметтік топ:
A) қара халық B) еріксіз адамдар C) төлеңгіттер D) барымташылар E) шабармандар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет