Дайындық тест. 10-сынып 1-3 тақырып. Рессей империясы кезінде «Орта Азия»



бет4/21
Дата22.12.2022
өлшемі0.69 Mb.
#467733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Джандосова тест

Дайындық тест. 10-сынып
10-11 тақырып.

1. ежелгі гректік батыс ғылымында мәдени сипаты, шаруашылық түрлері, қарулары, жерлеу салттары мен сыртқы түрлерінің ұқсастығына, өнердегі сәйкестіктеріне байланысты барлық көшпелі тайпаларды атады:


A) Ұлы далалық B) Скиф C) Кентавр D) массагет E) исседон
2. «Ұлы көш» картинасының авторы:
A) Н.Г.Хлудов B) Ш.Уалиханов C) Ә.Қастеев D) Е.М.Сидоркин E) А. Исмаилов
3. Сақтардың көне парсыша атауы:
A) сэ B) скиф C) сака D) юэчжи E) тиграхауда
4. б.з.б. VI ғасырдың соңында сақтар туралы жазылған ең алғашқы дереккөз:
A) грек жазбалары B) қытай жазбалары C) түркі жазбалары D) парсы жазбалары E) мысыр жазбалары
5. Парсы патшасы І Дарийдың сақтар туралы жазылған тас жазулары атауы:
A) Марафон жазбалары B) Авеста жазбалары C) Персеполь жазбалары D) Накши Рустам жазбалары E) Бехистун жазбалары
6. империясының солтүстік шетіндегі мемлекетті «соғдылықтардың сыртындағы сақтар» деп атаған парсы патшасы:
A) Кир B) Дарий C) Камбиз D) Ксеркс E) Нефертити
7. Иранда Аршакидтер империясын құрған дахтардың тайпасы:
A) парн тайпасы B) аорс тайпасы C) алан тайпасы D) тиграхауда тайпасы E) хаомаварга тайпасы
8. Қазақстанда табылған сақ қорғандарының саны шамамен:
A) ондаған B) 20 дан астам C) 50 ден астам D) 70 ке жуық E) жүздеген
9. диаметрі 100, биіктігі 17 метрге жататын ірі сақ қорғаны:
A) Шілікті B) Берел C) Аралтөбе D) Тасмола E) Бесшатыр
10. Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары жатады:
A) б.з.б. X ғасырға B) б.з.б. VIII ғасырға C) б.з.б. VI ғасырға D) б.з.б. VII ғасырға E) б.з.б. III ғасырға
11. б.з.б. VII- III ғасырға жататын Солтүстік және Орталық Қазақстанда таралған сақ мәдениеті:
A) Ұлыбай мәдениеті B) Берел мәдениеті C) Афанасьев мәдениеті D) Тасмола мәдениеті E) Майемер мәдениеті
12. б.з.б. ІІІ ғасырда дах-массагеттердің ығыстыруымен ҰЛЫ Даланың батыс бөлігін тастап кеткен тайпалық одақ:
A) Аргипийлер B) Исседондар C) Аримаспалар D) Сарматтар E) Тиграхаудалар
13. Сарматтарда маңызды шаруашылық түріне жатады:
A) аң аулау B) балық аулау C) егіншілік D) сауда E) қолөнер
14. Андрон мәдениетімен туыстас қатар өмір сүрген, Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Сібір далаларында темірді алғаш игерген мәдениет:
A) Тағар мәдениеті B) Қарасұқ мәдениеті C) Афанасьев мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Пазырық мәдениеті
15. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңында Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Сібір және Батыс Монғолиядағы Андрон және Афанасьев мәдениеті Ұлы Даланың шығыс аймағынан келгендер мен жергілікті далалықтардың араласуынан пайда болған, көшпелі малшаруашылығына өтпелі кезең деп саналатын мәдениет:
A) Тағар мәдениеті B) Қарасұқ мәдениеті C) Афанасьев мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Пазырық мәдениеті
16. Сақтардың ерте темір ғасырында Тува, Шығыс Алтай және Солтүстік-Батыс Монғолия аумағында қалыптасқан мәдениет:
A) Тағар мәдениеті B) Қарасұқ мәдениеті C) Афанасьев мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Пазырық мәдениеті
17. Орталық Азиядағы сақтар мен Қара теңіз маңындағы скифтерді өзара байланыстырған тайпалық одақ:
A) Тиграхауда B) Исседондар C) Аримаспалар D) Сарматтар E) Массагет
18. Олар қорымдарын тас жәшік секілді жұқа тастан қалады. Төбесін тақта таспен жауып, оның үстіне топырақ үйді. Бұл мәдениетті кейде «тақтатас қабірі мәдениеті» деп те айтады:
A) Тағар мәдениеті B) Қарасұқ мәдениеті C) Афанасьев мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Пазырық мәдениеті
19. Сақтар кезеңінде Оңтүстік Сібір даласыда өмір сүрген мәдениет:
A) Тағар мәдениеті B) Қарасұқ мәдениеті C) Афанасьев мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Пазырық мәдениеті
20. I Аружан, V Аружан және II Аружан қорғандары жатады:
A) Тағар мәдениеті B) Қарасұқ мәдениеті C) Афанасьев мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Пазырық мәдениеті
21. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің шығыстық элементтері бар қоныс аударушылар қатысынан пайда болған, құрылымдық жағынан сақтарға жақын таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген мәдениет:
A) Тағар мәдениеті B) Қарасұқ мәдениеті C) Афанасьев мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Пазырық мәдениеті
22. Көптеген андрондық қорымдар жататын Тәжікстандық (Маргиан) мәдениет:
A) Вахш мәдениеті B) Сапаллин мәдениеті C) Сарғақ мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Қарасұқ мәдениеті
23. Федоров кезеңінде Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалар арасында кең тараған діни ғұрып:
A) пұтқа табыну B) тәңірге сиыну C) отқа табыну D) жануарға табыну E) көкке табыну
24. Мәңгілік тоң жағдайында түрлі бұйымдар мен тату салынған адам мумиялары жақсы сақталып қалған:
A) Тағар мәдениеті B) Қарасұқ мәдениеті C) Афанасьев мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Пазырық мәдениеті
25. б.з.б. XV-XI ғасырларда шыққан тегі тазабагиьябтық болып табылатын андрондық мәдениет қалыптасқан аймақ:
A) Ферғана B) Соғды C) Шығыс Түркістан D) Хорезм E) Маргуш
26. Отырықшы-көршілер арасындағы «өркениеттердің сабақтастығын» көрсеткен Өзбекстандағы мәдениет:
A) Вахш мәдениеті B) Сапаллин мәдениеті C) Сарғақ мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Қарасұқ мәдениеті
27. Венгрлердің ата-бабалары - Угорлықтардың қалдырған мәдениеті:
A) Вахш мәдениеті B) Сапаллин мәдениеті C) Сарғақ мәдениеті D) Ұйық мәдениеті E) Қарасұқ мәдениеті
28. Контекс:
Көшпеліліктің пайда болуы
Далада ұзақ ғасыр көшпелі малшы-егінші шаруашылығы өмір сүрді, б.з.б. ІІ мың жылдықтың ортасында көшпелі мал шаруашылығына өтудің барлық алғышарттары қалыптасқанмен, ол жүзеге аспады. Көшпелілікке өтуге б.з.б. І мыңжыолыдқта болған кезекті құрғақшылық ықпал етті. Б.з.б. І жылдықтың алғашқы жартысында құрғақшылыққа ұшыраған Далада шаруашылық жүргізудің жалғыз түрі көшпелілік болды. Ұлы Даланың барлық белдеуінде андрондық мәдениет түрінің мұрагерлері тұрақты қоныстардан бас тартып, жыл бойы көшіп жүретін көшпенділікке ауысты. Қоныстар мүлдем бос қалды немесе мауысымдық қонысқа айналды. Көшпеліліктің тағы бір ерекшелігі малды жыл бойы далада бағу болды. Андрондықтар қыс мезгілінде малды өз баспаналарына ұстады немесе арнайы қорада бақты. Олар малды алдын ала дайындалған азықпен (шөппен) асырады. Өйткені ол кезде негізінен, қар астынан өздігінен шөп таба алмайтын сиыр түлігі басым болған еді.
Көшпенділер мал құрамын өзгертіп, тебінге ыңғайлы қой мен жылқыны көбірек өсіре бастады. Жайылымды тиімді пайдалану үшін көшпелілер мауысымдық көшуді меңгерді: шөпштің қашан, қайда өсетітін зерттеді, бір маусымдық жайылымнан басқасына көшу жолдарын есте сақтады, малдарды суаратын су көздерін іздестірді. Бұған олардың жабайы жануарлар үйірінің (мысалы киіктердің) маусымдық көшіп жүруін бақылап отыруы да көмек болады. Маусымдық жайылымдар мен көшіп қонатын жолдар, ондағы су көздері туралы мәлметтер ауыздан-ауызға таралып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Көшпенділердің әрбір үлкен туыстас топтарының жайлымдық аймағы қалыптасады. Алғашқы кезден мал үйірлерімен бірге ер адамдар көшті. Әйелдер, балалар мен қарттар тұрақты қоныста қалып, егіншілікпен және үй шаруаларымен айналысады. Кейін көшу үдерісіне біртіндеп барлығы қатыса бастады. Ақырында ерлер әйелдері мен балаларын қоныста қалдырмайтын болды. Отбасылар жүк пен үй артылған арбалармен салт атты малшылардың соңынан еріп жүретін болды.
Арбаға қос тігіп көшу б.з.б. І мыңжылдықтың ортасына дейін сақталды. Кейін тұтастай технологиялық өзгерістер (құрастырылмалы киіз үй, үзеңгі, ер-тоқым мен жаңа шикізат материалдарының пайда болуы) классикалық көшпелі малшаруашылығының қалыптасуына әкелді.
1. Ұлы Дала адамдарының көшпелілікке бетбұру себебі:
A) табиғаттағы өзгерісі B) адамдар қажеттілігі C) доңғалақты көліктің пайда болуы D) андрондық мәдениеттің қалыптасуы E) мал басының көбеюі
2. Көшпеліліктің ерекшелігіне жатады:
A) малға қыста шөп дайындау B) жаңа шикізат материалдарының пайда болуы C) жабайы жануарларды қолға үйрету D) төрт мезгілдік дала жайылысы E) егіншіліктен бас тарту
3. Андрондықтардың қыс мезгілінде малдарға алдын ала азық дайындау себебі:
A) қыста шөптің қар астында қалмауы үшін B) тебінді жануарлардың болмауы C) сиыр қораларын жылы ұстау үшін D) жылқыларды қолда ұстау үшін E) аңдарды қолға үйрету үшін.
4. алғашқы көшпенділер үшін маусымдық жайылым таңдауға септігін тигізген жағдай:
A) су көздерінің анықталуы B) көш жолдарының пайда болуы C) жабайы аңдардың мезгілдік көші D) тұтастай технологиялық өзгерістердің пайда болуы E) сал атты малшылардың пайда болуы
5. Андрондық мәдениет түрінің орнына келген мәдени-тарихи қауым атаулары:
I. Сақ. II. Скиф. III. Қаңлы. IV. Үйсін V. Ғұн. VI. Сармат
A) I, II, VI. B) I, III, VI. C) II, IV, V. D) III, V, VI. E) III, IV, V.
29. Контекс:

Парсылар сақтарды Парадарайа, Тиграхауда, Хаумаварга деп атаған:
І. Сақ-тиграхауда (шошақ бөріктілер), Жетісу, Тянь Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұры.
ІІ. Сақ-парадарайа (теңіздің арғы жағындағы сақтар), Ара бойы мен сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен.
ІІІ. Сақ-Хаумаварга (Хаома сусынын дайындайтын сақтар), Парадарайа сақтарының оңтүстігінде, муграб аңғарында қоныстанады.
1. картада берілген шошақ бөрікті сақтарының қоныстанған аумағы:
A) Муграб аңғары, Түркіменстан B) Арал бойы, Сырдарияның төменгі ағысы C) Солтүстік қазақстан, Есіл бойы D) Жетісу, Тянь Шань таулары, Сырдарияның орта ағысы E) Батыс Қазақстан, Елек бойы
2. Картада берілген тайпалардың өмір сүрген мерзімі:
A) Орта тас ғасыры B) Кейінгі тас ғасыры C) Ерте темір дәуірі D) Қола дәуірі E) Кейінгі темір дәуірі
3. Картада көрсетілген Шығыс Қазақстан жеріндегі сақ тайпаларының ескерткіші:
A) Бесшатыр B) Тасмола C) Шілікті D) Ұлыбай E) Ботай
4. Картада көрсетілген Исседон тайпасы қалдырған мәдениет:
A) Алакөл B) Петров C) Берел D) Пазырық E) Тасмола
5. Картада берілген Сақ және Сармат тайпаларының қоғадық құрлымындағы ерекшелік:
A) Халық жиналысында жабғудың төрелік етуі B) Билер кеңесінің үш рет шақырылуы C) Халық жиналысына тек ақсақалдардың қатысуы D) Әр иелікті кіші хандардың басқаруы E) Әскери демократиялық басқару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет