Дайындық тест. 10-сынып 1-3 тақырып. Рессей империясы кезінде «Орта Азия»



бет3/21
Дата22.12.2022
өлшемі0.69 Mb.
#467733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Джандосова тест

Дайындық тест. 10-сынып
7-9 тақырып.

1. «Ұлы Дала» таралған аймақ:


A) Алтайдан Әмударияға дейін B) Дунайдан Маньчжурияға дейін C) Ертістен Орхонға дейін D) Алтайдан Хаунхэға дейін E) Атлайдан Алатауға дейін
2. Ұлы Дала – тарихи мәдени ұғым, ал оның географиялық атауы:
A) Шығыс Азия B) Еуразия C) Кіші Азия D) Оңтүстік Азия E) Сібір
3. Орта ғасырдардағы мұсылман жазба деректерінде Ұлы Даланың Дунайдан Алтайға дейінгі аралығы аталды:
A) Жетісу B) Кавказ C) Мәуереннахр D) Дешті Қыпшақ E) Еуразия
4. Қазақстан тарихы ғылымында Х-XVII ғ. Қаратеңіз бен Каспий теңізі аралығын атады:
A) Батыс Дешті Қыпшақ B) Скандинавия C) Шығыс Дешті Қыпшақ D) Мәуереннахр E) Маньчжурия
5. Ұлы Даланың экологиялық, табиғи-климаттық жағдайы қолайлы болды:
A) балық шаруашылығына B) отырықшылыққа C) қала мәдениетінің қалыптасуына D) көшпелі мал шаруашылығына E) қолөнер шаруашылығына
6. б.з.б. 3700-3100 жылдар арасында өмір сүрген мәдениет:
A) Ботай-Терсек мәдениеті B) Көнешұңқыр мәдениеті C) Андрон мәдениеті D) Шебір мәдениеті E) Алакөл мәдениеті
7. б.з.б. 3600-2300 жылдары Ұлы Даланың батыс бөлігін қамтыған, энеолиттік және ерте қола дәуірінің мәдениеті:
A) Ботай-Терсек мәдениеті B) Көнешұңқыр мәдениеті C) Андрон мәдениеті D) Шебір мәдениеті E) Алакөл мәдениеті
8. Олар мыс қортуды білмеді:
A) Андрондықтар B) Аралдықтар C) Беғазылықтар D) Ботайлықтар E) Сақтар
9. Авеста аңызында құдайлар шайқасында жауынгерлерге көмектсетін, аспанда дөңгелекті әскери арбамен жүретін жауынгерлер қамқоршысы құдайы:
A) Заратуштра B) Зевс C) Брахма D) Арес E) Митра
10. б.з.б. ІІІ мың жылдықта Ботай мәдениетінің құлдырау себебі:
A) қуаңшылық пен жылқы басының азаюы B) тайпа аралық соғыстар C) алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы D) жеке меншіктің пайда болуы E) отырықшылықтың пайда болуы
11. Көнешұңқыр мәдениетінің өзіндік белгісі болып табылады:
A) мәйітті өртеу B) мәйіттерді қорған астындағы шұңқырларға жерлеу C) Мәйітті суға ағызу D) мәйітті мумиялау E) мәйітті сақтау
12. Төрт дөңғалақты арбаның қалдықтары мен саздан жасалған үлгілері табылды:
A) Ботай-Терсек мәдениеті B) Көнешұңқыр мәдениеті C) Андрон мәдениеті D) Шебір мәдениеті E) Алакөл мәдениеті
13. Тұрақты қоныстар пайда болып, дөңгелекті көліктер кеңінен қолданысқа енген дәуір:
A) Мезолит B) Неолит C) Энеолит D) Қола E) Темір
14. Дөңгелекті көліктің пайда болуы адамдар қандай мүмкіндік берді:
A) аң аулауға B) егін егуге C) алысқа көшуге D) сауда жасауға E) шөп тасуға
15. Ұлы Дала үшін үлкен бетбұрыстар кезеңі болды:
A) б.з.б. V мыңжылдық. B) б.з.б. IV мыңжылдық. C) б.з.б. III мыңжылдық. D) б.з.б. II мыңжылдық. E) б.з.б. I мыңжылдық.
16. Орталық Қазақстан мен өзгеде өңірлерден, ежелгі заманда анықталған кен қазған орындардың саны шамамен:
A) 500-ге жуық B) 300-ге жуық C) 100-ге жуық D) 200-ге жуық E) 400-ге жуық
17. Қазақстан аумағындағы қола дәуірін, далалық қола мәдениетін иеленушілерді атайды:
A) Ботай-Терсек мәднеиеті B) Андрон мәдениеті C) Көнешұңқыр мәдениеті D) Батпақты мәдениеті E) Сексеуіл мәдениеті
18. б.з.б. ХХІ-XVIII ғғ, Ресейдегі Оңтүстік Орал жазығында шоғырланған қола дәуір мәдениеті:
A) Сынтасты B) Петров C) Алакөл D) Федоров E) Беғызы-Дәндібай
19. б.з.б. XVII-XVI ғғ. жататын, Петров мәдениетінің негізгі ерекшелігі:
A) мәйітті өртеуі B) жеке меншіктің болуы C) жауынгерлер мен балаларыды қатар жерлеуі D) ерлер мен әйелдерді де қарумен жерлеуі E) қорғаныс орларының болуы
20. б.з.б. XVII-XIII ғғ. орманды далада таралған қола дәуірі мәдениеті:
A) Сынтасты B) Петров C) Алакөл D) Федоров E) Беғызы-Дәндібай
21. Мәйітті өртеу дәстүрі кездесетін Тасты-Бұтақ қонысы жатады:
A) Сынтасты B) Петров C) Алакөл D) Федоров E) Беғызы-Дәндібай
22. б.з.б. XV-XII ғғ. алакөл мәдениетін жалғастырушы мәдениет:
A) Сынтасты B) Петров C) Алакөл D) Федоров E) Беғызы-Дәндібай
23. қола дәуірінің Арқайым қонысы жататын мәдениет:
A) Сынтасты B) Петров C) Алакөл D) Федоров E) Беғызы-Дәндібай
24. Арқайым қонысы табылған өңір:
A) Қарағанды B) Алматы C) Қостанай D) Ақтөбек E) Көкшетау
25. Андрондықтардың ең басты шаруашылығы мен күнкөріс көзі әрі материалдық байлығы болды:
A) егіншілік B) малшаруашылығы C) аң аулау D) балық аулау E) қолөнер
26. Андрондықтар өсірген негізгі мал түрі:
A) түйе B) жылқы C) сиыр D) қой E) ешкі
27. б.з.б. XIII-VIII ғғ. Федоров мәдениетін алмастырған, 200 қоныс пен 40 қорымнан тұратын мәдениет:
A) Сынтасты мәдениет B) Петров мәдениет C) Алакөл мәдениет D) Сырғалық мәдениет E) Беғызы-Дәндібай мәдениет
28. Сырғалық мәдениетінен өзіндік қыш бұйымдарымен ерекшеленетін, б.з.б. X-VIII ғғ. Шығыс және Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын ерекше мәдениет:
A) Сынтасты мәдениет B) Петров мәдениет C) Алакөл мәдениет D) Сырғалық мәдениет E) Беғызы-Дәндібай мәдениет
29. Қорғандық жерлеуден бас тартып, кесене тұрғыза бастаған тайпалар:
A) Сынтастылықтар B) Петровтықтар C) Алакөлдіктер D) Федоровтықтар E) Беғызы-Дәндібайлықтар
30. б.з.б. ІІІ мың жылдықтың соңы мен І мың жылдықтың басында Ұлы Далада өмір сүрген өзара туыстас тайпалардың ортақ атауы:
A) Сақтар B) Андрондықтар C) Ғұндар D) Қаңлылар E) Беғазылықтар
31. Қола дәуіріндегі алғашқы қала Арқайым архитектурасына ұқсас қоныс:
A) Аржан B) Шебір C) Шағалалы D) Дүзбай E) Қамысты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет