Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


жәрдемдескен болатын. Тағы да Ол көмегін аямайды. Ол қиын сәт еді



Pdf көрінісі
бет119/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

жәрдемдескен болатын. Тағы да Ол көмегін аямайды. Ол қиын сәт еді. 
Расулаллаһ екеудің бірі еді (жанында тек Әбу Бәкір болды). Олар (Сәуір 
тауының етегінде) үңгірде отырды. Пайғамбар қасындағы жолдасына 
"Уайымдама, Аллаһ бізбен бірге" деді. Аллаһ (жолдасының) жүрегіне 
күш беріп, Оны (сүйікті құлын) көрінбейтін әскерлермен қолдады. 
Сөйтіп кәпірлерді төмендеткен еді. Аллаһтың діні - ұлы дін. Аллаһ 
(міндетті түрде) жеңуші, әр нәрсені орынды істеуші хаким." (Тәуба сүресі, 
9/40-аят) 


186
Бейсенбіден жұмаға қараған түні үңгірге кірген екі дос үш күн, үш түн 
бойы тапжылмастан сонда отырады. Бұлай етулерінің де мәнісі бар. 
Мүшріктер мұнша уақыт ішінде оларды іздеп таба алмаған соң Меккеден 
ұзап кеткендіктерін ойлап, жаппай қуғынды бәсеңсітер деген сақтық. 
Шынында да солай болды. 
Үңгірде тығылып отырып мүшріктердің арасында болған оқиғаларды 
Әбу Бәкірдің ұлы Абдуллаһтан естіп, біліп отырды. Абдуллаһ күндіз 
мүшріктердің арасында жүріп, айтқандарының бәрін тыңдап, кешке 
Расулаллаһ пен әкесіне хабар беретін. Түнде үңгірде болып, таң сәріде 
Меккеге қайтып келетін... 
Хазіреті Әбу Бәкірдің құлы Амир ибн Фухайра да Сәуірдің баурайында 
қой жайып жүрген болып, Абдуллаһтың келген-кеткен іздерін таптап 
тастайтын. Әрі үңгірдегілерге сүт апарып беретін... 
Осылайша үш күн, үш түнді өткізген соң Абдуллаһтан Меккедегілердің 
із кесуді саябырлатқанын естіп, екі дос ары қарай жолға шығудың қамын 
ойластырады. 
Дүйсенбі күні сәресі мезгілінде, алдын ала келісілгендей, жол 
бастаушы Абдуллан ибн Ұрайкит екі түйені жетелеп Сәуір тауының маңына 
келді 
Үңгірден аттаныс 
Рәби'уләууал айының төртінші дүйсенбісі... Үңгірден шығар сәт те 
келіп жетті... 
Хазіреті Әбу Бәкір екі түйенің қоңдырағын досы Хазіреті Мұхаммедке 
(с.а.у.) ұсынып: 
"Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, уа, Расулаллаһ, міне 
мінісің де әзір", - деді. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 
"Тұра тұр, асықпа досым. Мен мына түйенің құнын төлемей міне 
алмаймын", - деді. Хазіреті Әбу Бәкір: 
"О не дегенің, сенің жолыңда мал түгілі жанымыз пида. Кел, мін", - 
деді. 
Мұхаммед (с.а.у.) келіспеген соң Хазіреті Әбу Бәкір түйенің сатып 
алғандағы бағасын айтуға және оны алуға мәжбүр болды. Үрайкиттің ұлы 
Абдуллаһ бастап, қастарына Әбу Бәкірдің қызметшісі Амирді де алып, екі 
дос Сәуірмен қош айтысты. 
Аллаһ Елшісіне туып-өскен мекенінен айырылу оңай болмады. Артына 
қайта-қайта қарайлап, мұңды жанарын Меккеге тігумен болды. Хәзрауа 
алқабына келгенде түйесін тоқтатып көз ұшында қалып бара жатқан туған 
қаласына деген қимастық сезімін төмендегі сөздермен білдірді: 
"Уаллаһи, сен Аллаһтың жаратқан мекендерінің ішінде ең құттысысың. 
Аллаһ сүйген орынсың. 
Мен үшін де сенен қайырлы, сенен әсем жұрт жоқ. Кетуге мәжбүр 
болмасам, басқа жерден қоныс іздеп көшпес едім. Қош бол, туған жер - 
атамекенім!" 


187
Хақ Тағала осы сәтте сүйікті құлын жұбату мақсатымен төмендегі 
аяттарын түсірді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет