Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Пайғамбардың үйін торуылдау



Pdf көрінісі
бет116/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Пайғамбардың үйін торуылдау 
Алдын ала жоспарлағандай, әр рудан таңдалған тепсе темір үзетін 
мықтылар түн ортасы ауғанда ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үйін 
қоршап, торуылдауға кірісті. Араларында Әбу Жәһил, Әбу Ләһаб және 
Умаййа ибн Халаф сияқты азулылар да бар болатын. Қаскөйлер таңның 
рауандап атуын, Хазіреті Мұхаммедтің үйінен шығуын күтіп, кірпік 
қақпастан күзетті. Әдеттері бойынша біреуді үйінде жатқан жерінде өлтіру 
қорқақтықтың ең масқара түріне жататын. 
Мұхаммед (с.а.у.) дұшпан үйінің айналасына мықтап орныққан сәтте 
сыртқа шықты. Табалдырықтан аттар-аттамас жерден бір уыс топырақ алды 
да, күзетші қаныпезерлерге шашып жіберіп, "Ясин" сүресінің алғашқы сегіз 
аятын оқыды. Екі көзі төрт боп түні бойы пайғамбардың үйінен шығуын 
күткендердің бірде - біреуі оны көре алмады. 
Біраз уақыт өткенде қастарына жақтастарының бірі келіп: 
"Неғып отырсыңдар, сақадай сайланып? Көздеріңді шел басқаннан сау 
ма? Мұхаммед (с.а.у.) әлдеқашан бастарыңа топырақ шашып, көз алдарыңда 
осы үйден шығып кетті", - деді. 
Не болғанын түсінбеген мүшріктер бір-біріне қарап, шаң-шаң болған 
шаштарын қақты. Сонан соң әлгінің айтқанына сенер-сенбестерін білмей
үйге кіреді. Төсекте ұйықтап жатқан адамды көріп: 
"Қайдағы шыққан, әне, ұйықтап жатыр әлі" - деп, сыртқа шығып таң 
атқанша тағы күтеді. 
Таңертең Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) орнынан Хазіреті Әлидің 
тұрғанын көргенде қандары бастарына теуіп, ашуын кімнен шығарарын 
білмей, әбден ызаланады. 
"Мұхаммед (с.а.у.) қайда?", - деген сұрақтарына Хазіреті Әлидің: "Мен 
қайдан білейін, оянғаным жаңа ғана емес пе", - деп жауап беруі оларды тіпті 
ашуландырады. 
Хақ Тағала осы оқиғаға қатысты "Әнфал" сүресінің отызыншы аятын 
түсірген: 
"Бір кездері сені тұтқындау үшін, өлтіру үшін, сені зорлап еліңнен 
қуу үшін тұзақ құрған еді. Олар тұзақ құрған сайын Аллаһ Тағала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет