Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


МУНАФИҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ



Pdf көрінісі
бет151/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

МУНАФИҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға көшіп келгенде болашақ Ислам 
орталығының жергілікті тұрғындары әр түрлі нанымдағы адамдардан 
құралған еді. Мұнда мұсылман арабтармен қатар мүшрік арабтар, яһудилер, 
бірен-саран болса да христиандар тұратын. Расулаллаһ осында қоныстанып 
орныққаннан кейін Мәдинаны Ислам нұры сәулелендіре түсті. Жергілікті 
тұрғындар лек-легімен муминдер қатарына қосылды. 
Осы тұста жаңадан бір топ пайда болды, бұлар жүректері 
иланбағанмен, сырттай мұсылман болып көрінуге тырысатын мунафиқтар 
еді. Мәдина мунафиқтарын Абдуллаһ ибн Үбәй басқарды. Ол меккелік 
муһажирлер келетін шақта Әус пен Хазраж руының билеушісі сайланып, 
асыл тастан тәж киіп, таққа отыру салтанатына қым-қуыт әзірлік жасап 
жатқан. Аллаһ Елшісі Мұхаммедтің (с.а.у.) хижреті Абдуллаһ ибн Үбәйдің 
қиялының күлін көкке ұшырып, асыл тәж арман күйінде қалып қояды. 
Өйткені өзін қолдауға тиіс әустер мен хазраждар бірінен соң бірі 
мұсылмандықты қабылдап, ескі жүйенің тас-талқаны шығады. Басшылыққа,
мансапқа ұмтылған Абдуллаһ ибн Үбәйдің салы суға кетсе де, онысын 
жан баласына сездірмей, мұсылмандарды күле қарсы алған болып, иланбаса 
да иман келтіргенсиді. Сырты бүтін, іші түтін екендігін өзі де білдірген. 


231
Мысалы, Мүрәйси жорығында муһажирлер мен әнсарларды бір-біріне айдап 
салып "Мәдинаға жетсек, ізетті әрі қуаттылар дәрменсіздерді қуып шығады" 
деп аузынан шыққан сөзге есеп бере алмаған. 
"Мунафиқун" сүресінің түсуіне себеп болған да сол. Мұсылмандар 
мұны оған: 
"Уа, Үбәйдің ұлы, сен туралы терең мәнді аяттар түсті. Расулаллаһқа 
барып, өзің үшін Аллаһтан кешірім сұрауын өтін", - деп ескерткенде, 
мунафиқ маңғазданып: 
"Аңдығандарың мен ғой деймін. Иман келтіруімді бұйырдыңдар, иман 
келтірдім. Мал-мүлкімнен зекет беру қажеттілігін ескерттіңдер, оны да 
орындадым. Мұхаммедке сәжде қылып, құлдық ұрғаннан басқаның бәрін 
жасадым", - деген. 
Мунафиқ Абдуллаһ ибн Үбәй айналасына өзімен мұңдас, пікірлестерді 
жинайды. Кейбір туыстары мен лауазымдас ескі достары да ештеңенің 
парқын айырып жатпастан оның соңынан ерген. Жалпы мунафиқтардың 
саны туралы нақты мәлімет бүгінге жетпеген. Дегенмен Ухуд соғысында 
Абдуллаһ ибн Үбәйға еріп, әскер сапын тастап қашқандар үш жүзге жуық, 
яғни мың адамдық Ислам қолының үштен бірін құраған. Бұл аз емес, әрине. 
Мәдинаның саяси өміріне екіжүзділердің қаншалықты әсері болғандығын 
осыдан-ақ аңдаймыз. Бәдірдегі мұсылмандардың мәртебесінің асқақтауы 
жауды ықтырып, Исламның кең таралуына жол ашты. 
Яһудилердің өзі: 
"Тәураттан таныған соңғы пайғамбардың Хазіреті Мұхаммед екеніне 
күмәніміз қалмады. Мұнан былай онымен салғыласу ретсіз", - деп кәлимаға 
тілдерін келтірді. Дегенмен олардан да сырттай мұсылман кейпіне енгендер 
де шықты. Екіжүзділікпен қитұрқыланып имандылыққа бет бұрғансып, 
мүләйімсігендер яһуди оқымыстылары еді. Олар қулықпен, арам пиғылдарын 
жүзеге асырды. Мұсылмандардың арасына от салып, ұрыс-керіске сылтау 
тауып, Исламды жамандап бақты. 
Шөлдегі арабтар - бәдәуилер арасында да мунафиқтар болғандығын 
Құран Кәрімнің Тәубе сүресінен (101-аят) көреміз. "Айналаларыңдағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет