Даналық мектебі клубы "Әжелер сөзі-тәрбие көзі"



бет3/9
Дата07.02.2024
өлшемі0.7 Mb.
#491017
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қыз бен жеңге сайысы Сырғалым-сырласым

Ән: « »


1-жүргізуші: Біздің мерекелік сайысымыз жеңге мен қайын сіңлінің қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 5 жұп қатысады. Құрметті қонақтар, сайысымызды бастамас бұрын сіздерді сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, келін тәрбиелеп отырған анамыз Қарлығаш апай


2. Ұлағатты ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі Гүлжамал апай
3. Адам жанының арашасы ауылымыздың медбикесі Нағима апай
4. Сыңғырлау ауылдық мұражайының меңгерушісі Сәния апай

Құрметті қазылар алқасы бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлеріміз өте үлкен дайындықпен келіп отыр. Сондықтан сайыскерлеріміздің әрбір бөлім бойынша көрсеткен өнерлерін, білімдерін сарапқа салып әділ бағасын береді деген үміттеміз.




2- жүргізуші: Қазақтың әдеті көп дәстүрі мен,
Мен - дағы оның бәрін жақсы білем.
Бір ғажап – ұл - қыз біздің елде керім,
Қадірлеп құрметтейді жеңгелерін.

1 - жүргізуші: Жас келін үй билемес тізгінді алып,
Ал сосын тым бауырмал біздің халық.
Қазақтың жас - кәрісі өле – өлгенше,
Самарқау тұра алмайды өнер десе.
Білмесең, таны, достым, жақын барып,
Шетінен қазақ деген ақын халық.
Даламыз жазық болса қанша біздің,
Сондай кең пейіліміз де баршамыздың – деп ақын апамыз Ф. Оңғарсынова жырлағандай, өнерлі де бауырмал қазақ халқының салт - дәстүрі ұшан - теңіз. Ендеше бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған ажарлы жеңгелер мен ару қыздарымызды ортаға шақырып, қошеметпен қарсы алайық!


1-жұп: «Үкілім» тобы қайын сіңлісі 11-сынып оқушысы Қармысова Тілектес, жеңгесі мектеп
психологы Тілегенова Гүлназ


2-жұп: «Шашбаулым» тобы қайын сіңлісі 10-сынып оқушысы Озғанбаева Ақтолқын, жеңгесі
мектебіміздің бағдарламалар жөніндегі маман Амалбаева Сандуғаш




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет