Даналық мектебі клубы "Әжелер сөзі-тәрбие көзі"


Сайыскерлер сайысымыздың келесі бөлімі



бет8/9
Дата07.02.2024
өлшемі0.7 Mb.
#491017
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қыз бен жеңге сайысы Сырғалым-сырласым

Сайыскерлер сайысымыздың келесі бөлімі «Бармағынан бал тамған» кезеңіне дайындала берулеріңізге рұқсат.

(Әділ қазылардан «Бейне сұрақ» кезеңі бойынша беретін бағаларын сұраймыз. Дұрыс жауапқа ортақ жоғары 5 ұпай беріледі.)




1- жүргізуші: Сайысымыздың «Бармағынан бал тамған» атты бөліміне кезек берсек. Бұл бөлімде сіздерге мынадай шарт қойылады.
Жеңгесі мен қайын сіңлісі үйде шүйіркелесіп отыр еді. Кенет қоңырау соғылып, көптен келмеген ағайындарыңыз үйге қонақ болып келетінін айтты. Сізде өте аз ғана уақыт бар. Дүкенге барып қажетті тағамдар сатып алуға сізде уақыт жоқ. Не де болса қайын сіңлісі мен жеңгесі ақылдасып үйдегі бар тағамдармен ас жасауды ұйғардыңыз. Олай болса, қонақ күтуге қамданып, ас әзірлеңіздер. Шарт түсінікті болса, іске сәт!


2 - жүргізуші: Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
Сайыскерлеріміздің жасап жатқан тағамдары дайын болғанша Бітімов Шерханның орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.

(Әділ қазылардан «Бармағынан бал тамған» кезеңі бойынша беретін бағаларын сұраймыз)




1- жүргізуші: “Батырды батыр жеңер алысқанда,
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда”- демекші, сайыс болған жерде алға озып шығу бар да, кейінде қалу да бар. Бүгінгі сайыста сынға түскен аруларымыз бен жеңгелеріміздің бәрі де шетінен көрікті де ақылды, білімді де өнерлі екенін байқадық. Десек те, қайсысының тұлпары оза шапқанын айтар әділқазыларға сөз кезегін береміз және бүгінгі сайысқа қатысушы аяулы қыздарымыз бен жеңгелерін ортаға шақырамыз.


2 - жүргізуші: Әділ қазыларымыздың қорытынды есебі дайын болғанша 4 оқушысы Рахаш Арайдың орындауында «Анаға тілек» әнін қабыл алыңыздар


Ән: «Анаға тілек»
Ендігі кезекті қазылар алғасына береміз (Сайыскерлеріміздің алған бағаларын есептеп, қорытындысын айтады, жеңімпаздарды марапаттап, сыйлықтар беріледі.)
(Шерхан сайысқа қатысушы қыз - келіншектерге гүл таратып шығады)
1- жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Сырғалым - сырласым» атты сайысымыздың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, бүгінгі мерекелік кешімізді қорытындылау сөз көзегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Әбдіжәмиева Зәмзәгүл апайға береміз.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осыменен «Сырғалым – сырласым!» атты сайысымыз аяқталды. Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекелік сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Жақсы күндерде жолыққанша. Сау болыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет