Даналық мектебі клубы "Әжелер сөзі-тәрбие көзі"



бет7/9
Дата07.02.2024
өлшемі0.7 Mb.
#491017
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қыз бен жеңге сайысы Сырғалым-сырласым

1. Көк түс «Байғазы сұрау» . Сырттан келген алдымен үйдің балаларын қуантады. Оларға сыйлықберіп, қуанышын еселеген. Әсіресе, қызбалаларға алқа, сырға секілді әшекейлер тарту еткен. Сыйлығын алған балғын қыздар салтымыз бойынга үлкендерден байғазы сұраған. Байғазы сұрау балабалрды көпшілікке, қуанышын өзгелермен бөлісуге, жомарттыққа үйретеді. «Алаған қолым береген» дейтін қазақ үшін байғазы сұраудың ешқендай ағаттығы жоқ. Байғазыны тек ақшалай ғана емес, балаға жарасымды бағалы дүниелер де берген.


2. Жасыл түс «Босаға майлау». Біздің салтымызда көнерген дәстүрлер бар. Отау тігіп, шаңырақ көтерген екі жасқа жасалар жоралғы жа, айтылар тілек те көп. Осындай салттың бірі – Босаға майлау. Бұл дәстүрді көреген әжелер мен ақ жаулықты аналар жасайды. Жас отаудың босағасы майлы болсын, қазаны оттан кетпесін, еліне, халқына қалаулы, майдай жұғымды болсын деп жас отаудың босағасын майлайды. Үлкен әжелер мен аналар шашу шашып, жас жұбайларға батасын береді.


3. Күлгін түс «Қорықтық құю». Қазақ бала шошынып немесе үрейленсе түрлі тәсілдермен халықтық ем жасаған.Үлкендер мұндайда баланы ұшықтап емдеген. Ал кеселі дендеп кеткен болса, науқас баланы отырғызып, табаны қыздырып, оған май салып, балқытылған қорғасын құйған. Ыстық қорғасын қыздырылған таба үстіне құйылғанда қатты дыбыс шығады. Осыдан кейін бала денесі тітіркеніп, шошынып, сырқаты сытылып шығып ауруынан айығады деп сенген. Міне, осындай ем домды қорықтық құю деп атаған.


4. Сары түс «Тұмаққа салу». Қазақ ырымшыл халық. Ұрпағының аман сау жетілуі үшінтиымдар мен дәстүрлерге жүгінген. Сондай дәстүрдің бірі – Тұмаққа салу. Ата – бабамыз ай күні жетпей шала туылған баланы шалатуылған немесе жылбысқа деп атаған. Тұмаққа салу байырғы қазақтың халықтық ұстанымы. Бала дүниеге келетін уақытына қанша күн жетпей туылса, сонша күн тұмаққа салып, керегенің басына күн санап ілген. Ай күні толғанда бесікке салған.


5. Қызыл түс «Ашамайға отырғызу». Қазақ дүниеге ұл келсе, ерекше қуанған. Өйткені атқа мінер, жылқы жалын ұстарұрпағым деп ұлықтаған. Сүндетке отырғызып, атқа мінгізген. Бұл рәсімді «Ашамайға мінгізу» деп атаған. Бала есі кіріп төрт, бес жасқа келгенде оған бәсіре тай тарту еткен. Егер балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Баланың қолына аттың тіззгінін беріп, қамшы ұстатады. Үлкен әжелер шашу шашып, тілектерін айтады. Бала мінген атты жетекке алып, көрші – қолаң, аукылды аралатады. Бұл дәстүр бала жүрегіне мен азамат болдым деген сенім ұялатады. Ұрпақты еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық бағыты ашамайға мінгізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет