Даниярова анара бахиткеревна


Қазақстан Республикасында 2005-2009 жылдар арасында дифтериямен сырқаттанушылық



бет2/3
Дата25.06.2016
өлшемі424.04 Kb.
#157949
түріАвтореферат
1   2   3

Қазақстан Республикасында 2005-2009 жылдар арасында дифтериямен сырқаттанушылық

Республикада соңғы жылдары дифтериямен сырқаттанушылық спорадикалық жағдайда кездеседі. Сырқаттанушылық тіркелмеген жылдар да бар. 2003 жылы 3(0,03%000) дифтерия жағдайы , 2004ж. - 2(0,02%000), 2005ж.-1(0,01%000), 2006ж.- 9(0,06%000), 2007ж. -4(0,03%000), 2008 ж.– 5(0,03%000), 2009ж. -0 жағдай тіркелді.

2006 жылы эпидемиялық жағдай едәуір күрделі болды: дифтерия сырқаттанушлығының қолайсыз жағдайы Солтүстік Қазақстан облысында байқалды. Аталған облыста 8 және Алматы қаласында 1 жағдай тіркелген, барлығы 9 (0,06%000). Ауырғандар 26-59 жас аралығында (5-кесте). Барлық науқастар ауру жағдайына шағымданып дәрігерге қаралған, тек зертханада дифтерия қоздырғышының С.gravis варианты бөлініп алынғаннан соң, қорытынды «Дифтерияның орныққан түрі» диагнозы қойылып, емдеу шаралары жүргізілді. Науқастар ауруханадан сауығып шықты.

2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысында – 4 науқастан (біреуі бала) C.diphtheriae, гравис tox+ бөлінді. Дифтерияның тағы бір зертханалық дәлелденген оқиғасы Қарағанды облысында тіркелді. Ерекшелігі – науқастардың барлығы да (балалар да) дифтерияға қарсы егу күнтізбесінің бұзылыстарымен егілгендер болып шықты.

2008 жылы дифтерияның 5 сырқаттанушылық жағдайы тіркелді (Солтүстік Қазақстан облысың - 4 (80%) және Атырау облысы- 1 (20%)). Сырқаттанғандар ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 3 (60%). Барлық науқастардың егу құжаттарына талдау жасағанда төмендегі жағдайлар анықталды: ересектердің вакцинация мерзімі өтіп кеткен (соңғы вакцинациядан 12 жылдан аса уақыт өткен). Балалардың вакцинациялануында қателіктер бар, мысалы екінші және үшінші ревакцинация аралығы 1 айдан (28 күннен) аспуы керек болса, сырқаттанған баланың біреуінде бұл аралық - 3,5 ай. Барлық науқастардың дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунитет деңгейі - қалыпты қорғаныс титрінен төмен болды. Солтүстік Қазақстан облысында Б. атты науқастан эпидемиологиялық анамнез жинау барысында жұқпаның көзі анықталып, ол Петропавл қаласының психоневрологиялық диспансерінің санитаркасы болып шықты. Жұқпа көзімен жанасқанда болған балаларды зертханалық тексергенде 3 бактерия тасымалдаушы бала анықталды.

2009 жылы елімізде дифтериямен сырқаттанушылық мүлдем тіркелмеді.



5-сурет. 1999-2009 жылдары Қазақстан Республикасында балалар мен ересектер арасында дифтериямен сырқаттанушылықтың көрсеткіші




1999-2009 жылдары Қазақстан Республикасында балалар мен ересектер арасында дифтериямен сырқаттанушылық көрсеткішіне тоқталатын болсақ (5-сурет), балалар арасында көбірек тіркелгенін байқауға болады. Мұның себебі, балалар арасында дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунитет деңгейінің төмен болуы. Аталған жағдайларды, біріншіден, балалардың анамнезінде егуге қарсы көрсеткіштердің болуы кедергі болса, екіншіден, кейбір ата–аналардың егуден бас тартуына әсер етті.
Коринебактерияны тасымаушылықтың сипаты

Дифтериямен сырқаттанушылық кезінде бактерия тасымалдаушылықтың ерекше рөл алатынын ескере отырып, 1990-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында тіркелген бактерия тасымалдаушылыққа талдау жүргізілді. Аталған жылдар аралығындағы дифтериямен сырқаттанушылықтың көпжылдық статистикалық мәліметтері қолданылды. 14 жасқа дейінгі балалар мен 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің (жалпы саны 1191) ұжымдық иммунитет деңгейі серологиялық реакциямен зерттелу нәтижелерінің статистикалық нәтижелері талданды. Сонымен қоса, алдын алу және диагностикалық мақсатпен осы жылдар аралығында барлығы 65766 адам бактериологиялық әдіспен тасымалдаушылыққа тексерілді. Зерттеу барысында тек токсигенді штамды тасымалдаушылықты ғана ескердік (6-сурет). 1995 жылы бактерия тасымалдаушылықтың ең жоғары шегі 1131(6,84%000) жағдай, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 685(12,3%000) жағдай тіркелді.

Осы жылы сырқаттанушылықтың деңгейі де ең жоғары болған, осы жылдары дифтерия қоздырғышын тасымалдаушылық балалар арасында да, ересектер арасында да тіркелді. 1990 жылмен салыстырғанда, бактерия тасымалдаушылық 15,9 есеге, ал балалар арасында - 15,2 есеге өсті.

1990-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының жалпы тұрғындарының дифтериямен сырқаттанушылығы мен бактерия тасымал-даушылық (100 мың халық санына шаққанда) көрсеткіштерінің ұқсастығын байқауға болады. Осы көрсеткіштерді салыстырғанда тікелей корреляциялық күшті байланыстың бар екендігі анықталды (r=0,9), яғни бір көрсеткіштің жоғарылауы екіншісінің жоғарылауына әсер ететіндігі дәлелденді.


6-сурет. 1990-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының тұрғындардың дифтериямен жалпы сырқаттанушылығы мен бактерия тасымалдаушылықтың (100мың халық санына шаққандағы) көрсеткіші


Дифтериямен сырқаттанушылықтың күрт төмендеуі кезінде Алматы қаласында әртүрлі жас топтары арасындағы тұрғындардың ұжымдық антитоксикалық иммунитет деңгейі

Дифтерияға қарсы ұжымдық иммунитет деңгейін анықтау үшін Алматы қаласының балалар және ересектер емханасынан әртүрлі жас аралығындағы ұйымдаспаған контингенттің қан сары суындағы дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунитет деңгейі зерттелді. Зерттелген контингенттің жас аралығы: 0-2 жастағылары 305 бала , 3-6 жас аралығында - 575 бала,7-14 жастағылары - 1215 бала, 15-19 жаста - 449 жасөспірімдер. Зерттелген науқастарға емхана жағдайында «Баспа» диагнозы қойылған.

Зерттеу барысында әр топтағы дифтерияға қарсы иммунитет деңгейі төмен контингенттер анықталды, дәлірек айтсақ 0-2 жастағы балалар арасында мұндайлар саны - 129 (42,3%), 3-6 жас аралығында - 212 (36,9%), 7-14 жастағы балалар арасында - 504 (42,5%), ал 15-19 жасындағы жасөспірімдер арасында - 235(52,3%) болды. Сонымен, барлығы 2544 зерттелген контингент ішінде 1140 (45%) дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунит көрсеткіші төмен балалар екені анықталды.

Дифтериямен сырқаттанушылықтың күрт төмендеуі кезінде ұйымдасқан контингенттің антитоксикалық иммунитет деңгейі

Дифтерияға қарсы ұжымдық иммунитет деңгейін зерттеуді 2006-2008 жылдары 17-18 және 23-25 жастығы ұйымдасқан ұжым-контингент - 2, 5 курс студенттерінің арасында жүргіздік (Қазақ Ұлттық медицина университеті және Талдықорған қалалық медициналық колледж студенттері). Зерттеу мақсаты- студенттердің дифтерияға қарсы ұжымдық иммунитет деңгейін анықтау.

17-18 жастағы 2 курс студенттерінің арасынан егу карталарындағы мәліметтермен танысып, дифтерияға қарсы кезекті ревакцинациядан өтетін 250 студент анықталды. Бұл ұжымнан вакцинация жасау алдында иммунитет деңгейін анықтау және вакцинация жүргізгеннен соң 3 ай өткен соң түзілген иммунитет деңгейін анықтауды басты мақсат етіп көздедік. 23-25 жасар (179) 5 курс студенттері, бақылау тобы ретінде дифтерияға қарсы ұжымдық иммунитет деңгейін анықтау үшін алынды. Барлығы 429 қан сары суы зерттеуге алынды.

Дифтериялық анатоксинге қарсы антиденелер титрін - қорғаныс емес титрі 1:20, төменгі қорғаныс титрі 1:40- 1: 160, орташа қорғаныс титрі 1:320- 1:640 және жоғарғы титр 1:640 және одан жоғары деп топтастырылды.

Ревакцинация кезегі келген 250 студенттің егу картасын зерттеп қарағанда дифтерияға қарсы жоспарлы иммундауды бұрын барлығы 6-8 жастарында қабылдағаны анықталды. 11 (4%) студент дифтерияға қарсы егуді күнтізбесінен кешігіп алған, бұл жерде жеке егу күнтізбесі бұзылғаны байқалды (5-кесте), қалған 239 (95%) студенттің егу мерзімі жоспар бойынша орындалған. Зерттеу барысында осы топта анықталған қорғаныс титр бойынша зерттелгендерді былай топтастырдық: дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунитет деңгейінің қорғаныс титрі -1:20 болған 17 жасар 38 (34%) студент, 18 жасар 58 (42%) студент, жалпы саны 96 (38%) болды, төменгі қорғаныс титрі 1:40- 1: 160 болған 17 жасар 44 (39%) студент, 18 жасар 42
5-кесте. 17-18 жастағы ұйымдасқан контингенттегі жастардың алдыңғы вакцинация мерзімі


Жас

ҚР күнтізбесінің егу кестесіне сәйкес

вакцинацияланған (АДС-М –мен)топ



Күнтізбе


17 жас

18 жас


cаны

%

±m

cаны

%

±m



6 жас

69

48,6

0,9

73

51,4%

6,1

Мерзімді


7жас

36

37,1

5,7

61

62,9%

6,7

Мерзімді


8 жас

8

72,7

8,0

3

27,3%

4,4

Мерзімі өткен

Барлығы 113

137




(31%) студент, жалпы саны 86 (34%) студенттер анықталды, орташа қорғаныс титрі 1:320- 1:640 17 жасар 13 (12%) студент, 18 жасар 26 (19%) студентте, жалпы саны 39 (15%) және жоғары қорғаныс титрі 1:1280 және одан жоғары 17 жасар 18 (16%) студент, 18 жасар 11 (8%) студентте анықталып, олардың жалпы саны 29 (11%) болды (6-кесте). Осыған байланысты зерттеуге алынған 17-18 жасар студенттер арасында дифтерияға қарсы антитоксикалық қорғаныс деңгейі барлығы 154 (62%) адамда сақталғанын байқадық.


6-кесте. Дифтерияға қарсы кезекті иммундалған 16 - 17 жастағы студенттердің иммунитет деңгейінің титрлері

17 жас

Титрлер

1:20

1:40-

1: 160

1:320- 1:640

1:1280

Саны

38(34%)

44(39%)

13(12%)

18(16%)

Барлығы 113

18 жас

Саны

58(42%)

42(31%)

26(19%)

11(8%)

Барлығы 137

Келесі зерттеуімізде ҚР-ның егу күнтізбесі бойынша алдыңғы ревакцинациясы 16-17 жаста өткен, 23-25 жастағы 179 студенттердің егу карталары талданылды. Зерттеуде 163 (91%) студент 16-17 жасында егілген, ал қалғандары 18 жасында 15 (8,4%) және 1(0,6) студент 19 жасында егілген. Анықталғаны 16(9%) студенттің егу мерзімі уақытынан асып кеткен.

Анықталған қорғаныс титрі бойынша 23-25 жастағы 179 студенттер мынадай топтарға бөлінді: дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунитет деңгейінің қорғаныс титр -1:20 болған 23 жасар 19(12,8%), 24 жасар 9 (37,5%) және 25 жастағы 6(100%) студент, жалпы саны 34 (19%) болды, қорғаныс титрі төмен 1:40- 1: 160 болған 23 жасар 49(33%), 24 жасар 3 (12,5%), жалпы саны 52 (29%) болды, орташа қорғаныс титрі 1:320- 1:640 анықталған 23 жасар 66 (42,3%), 24 жасар 12 (50%), жалпы саны 78 (44%) және жоғары қорғаныс титрі 1:1280 және одан жоғары тек қана 23 жасар 15(10,1%) студент болды, сонымен зерттеуге алынған 23-25 жастағы 179 студенттің арасында дифтерияға қарсы антитоксикалық қорғаныс деңгейінің титрі 145 (81%) студент жоғары болып анықталды (7-кесте).

7-кесте. Дифтерияға қарсы кезекті иммундалған 23-25 жастағы студенттердің иммунитет деңгейінің титрлері




23 жаста (149)

Титрлері

1:20

1:40-1: 160


1:320- 1:640

1:1280

Саны

19 (12,8)


49(33)


66 (42,3)


15 (10,1)

24 жаста (24)

Саны

9 (37,5)


3 (12,5)


12 (50)


-

25 жаста (6)

Саны

6 (100)

-

-

-

Келесі зерттеуімізде Қазақстан Республикасының егу күнтізбесі бойынша әртүрлі жастағы (17-18 және 23-25) ұйымдасқан контингент -студенттердің егу карталарындағы алдыңғы егілуі туралы мәліметтер талқыланды. Талдау барысында барлығы 429 студент арасында 24 (5,6) студентте егу тәртібі бұзылған. Бұл жағдай дифтерияға қарсы иммунитет деңгейін ойдағыдай түзілуіне кедергі болады.

Сонымен, барлығы 429 студенттің арасында серонегативтілер саны мынадай болды: 17 жасар 38 (34%) студент, 18 жасар 58 (42%) студент, 23 жасар 19 (12,8%), 24 жасар 9 (37,5%) және 25 жастағы 6(100%) жалпы саны 130 (30%) болды.

Дифтериямен сырқаттанушылықтың күрт төмендеуі кезінде ұйымдасқан контингенттің иммунды алдын алу шарасының тиімділігі

2006 жылы ҚазҰМУ-дың 2- курс студенттерінің арасында (жалпы саны 1112) егу күнтізбесі бойынша 16-17 жаста егілуі тиіс, бірақ әртүрлі себептермен АДС-м вакцинасын алмаған 250 (22%) студент анықталды. 2006 жылдың қараша айында осы студенттерді Алмалы ауданы бойынша санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиология бөлімінің көмегімен, қажетті мөлшерде вакцинамен қамтамасыз етуінің арқасында, АДС-м вакцинасымен дифтерияға қарсы егілгендер санын университет студенттері бойынша 100% жеткізілді. Студенттерден зерттеуге қан алу 2 мәрте жүргізілді. Осы студенттерден 3 ай өткен соң, дифтерияға қарсы түзілген иммунитет деңгейін анықтау үшін, тағы да 5мл қан алынды. Қосарланған қан сарысуын зерттеудегі мақсат – АДС-м вакцинациясының иммунологиялық тиімділігін бағалау. 3 ай өткеннен соң жүргізілген вакцинациялау нәтижелері 8-кестеде көрсетілген.

8-кесте. 16- 17 жаста ҚР егу күнтізбесі бойынша АДС-м-мен егілуі тиісті 17-18 жастағы студенттерді иммунизациялаудың тиімділігі


Дифтерияға

қарсы


антиденелер

титрі


17 жастағылар

18 жастағылар

вакцинация-лаудан

бұрын


вакцинация-лаудан

кейін


вакцинация-лаудан

бұрын


вакцинация-лаудан

кейін





абс

%

абс

%

абс

%

абс

%


0-1:20

38

34%

-

-

58

42%

-

-


1:40- 1:160

44

39%

-

-

42

31%

6

4%


1:320- 1:640

13

12%

19

17%

26

19%

59

43%


1:1280 және жоғары

18

16%

94

83%

11

8

72

53%

Барлығы

113(100)

137(100)

17 жастағылардың арасында 1:320- 1:640 орташа қорғаныс титрі 19 (17%) студентте, 1:1280 және одан жоғары болатын жоғары қорғаныс титрі 94 (83%) студентте, 18 жасар жастар арасында 1:40- 1:160 төменгі қорғаныс титрі 6 (4%), 1:320- 1:640 орташа қорғаныс титрі 59 (43%) с17% студентте, 1:1280 және одан жоғары болатын жоғары қорғаныс титрі 72 (53%) студентте анықталды. Жалпы барлық зерттелгендерде дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунитет деңгейі қажетті деңгейде түзілді, АДС-м вакцинациясының иммунологиялық тиімділігі 100%.


Дифтерия оқиғасының стандарттық анықтамасын және іс- шаралар алгоритмін құрастыру

Стандартты анықтаманы тәжірибеге енгізуде мынадай басты мақсат көзделді:



  • дифтерия оқиғасының стандартты анықтамасын құрастыру үшін

қажетті критерийлерді толықтыру;

  • эпидемиологиялық тексеру картасын түрлендіру;

  • дифтерия оқиғасы үшін зертханалық зерттеу алгоритмін жасау;

  • эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын атқару, қауіпті топтарға

және дифтериямен сырқаттанып айыққандарға диспансерлік бақылау

жүргізу үшін іс-шаралар алгоритмін жасау;



  • емдеудің стандартты хаттамасын тәжірибеге енгізу.

Зертханалалық зерттеу әдістерінің мейлінше толық болуына мынадай көрсеткіштер таңдалды:

  • зертханалық әдістердің сезімталдығы жоғары және арнайы-тест жүйелермен, аспап-қондырғылармен жабдықталу керектігі;

  • зертхана қызметкерлерін қазіргі кездегі зерттеу әдістеріне үйрету және алынған нәтижелерді дұрыс талдауды түсіндіру;

  • сапаны бақылау әдістері мен принциптерін енгізу.

Мәліметтерді талдауда төмендегі шарттардың орындалуы тиіс:

  • дәрігер-эпидемиологтардың дифтерия оқиғасы мен бактерия тасымалдаушылар оқиғаларынан жиналған мәліметтерді заманауи әдістерді қолдану арқылы талдау жасай алу;

  • дифтерия оқиғасының бұрқетпелері тіркелгенде эпидемиологиялық тексерудің халықаралық стандарттарын қолдану;

  • дифтерия және коринебактерия тасымалдаушылығымен күресу мен оның алдын алу тактикасын және стратегиясын жасауда эпидқадағалау мәліметтерін тиімді пайдалану;

  • атқарылатын іс-шаралардың (емдеу, эпидемияға қарсы, алдын алу) дәлелдік деңгейін жоғарылату;

  • дифтерия және коринебактерия тасымалдаушылығымен күресу және алдын алу үшін қабылданатын басқару шешімдерінің жоғары сапалы болуына қол жеткізу.

Дифтерияға эпидемиологиялық қадағалау жүргізу мақсатымен жұқпаға тән критерийлердің (белгілерінің) спецификалық кешеніне негізделген ауыру оқиғасының стандартты анықтамасын құрастыру кезінде жұқпа оқиғасының стандартты анықтамасының құрылымына мынадай критерийлерді енгізуді жөн көрдік:

● клиникалық критерийлері – дифтерия жұқпасының патологиялық физиологиясымен байланысты белгілері және объективті көріністері;

● зертханалық критерийлері – ең маңызды тесттер (серологиялық, иммунологиялық, бактериологиялық);

● эпидемиологиялық критерийлері – эпидемиологиялық алғышарттар (эпиданамнездік мәліметтер, дифтерия оқиғасының басқа да сондай дәлелденген оқиғалармен байланысы және т.б.).

Дифтерияның эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық критерийлерін ескере отырып, тексерілген және анықталған ауруларды болжамалы, ықтимал, дәлелденген оқиғаға топтастырдық.

Зерттеу барысында дифтерияға күдікті 236 адам тексерілді. Осы науқастардың барлығы болжамалы оқиға ретінде талдауға алынды, себебі оларда дифтерия жұқпасына ұқсас клиникалық белгілері болды. Оларың ішінде: жалпы белгілері: қызба (236), улану симптомдары (236); жергілікті белгілері: қабыршақты баспа (233), мұрын жолдары (3), конъюнктива сілемейлі қабатының қабыршақтануы (пленка) (133), мойын талшығының ісінуі (25); бадамша бездердің ісінуі (216), тілше доғаның ісінуі (23); ларингит (36), назофарингит (26), тонзиллит (201).

Клиникалық белгілермен қоса мынадай эпидемиологиялық алғы шарттар анықталды: соңғы 10 күн ішінде «баспасы», «қабыршықты конъюнктивиті», «ұзақ тұмауратуы» бар науқастармен қарым-қатынаста болғандар (35); науқастың дифтериямен қолайсыз өңірден болуы (16); дифтерияға қарсы егілмеген науқастар (12), егу күнтізбесінде бұзылыстары бар науқастар (35). Жалпы клиникалық және эпидемиологиялық белгілері сәйкес келген 157 (66,5%) оқиға анықталды.

Дифтерия оқиғасының болжамалы оқиғаларынан ықтимал болу оқиғаларын дифференциациялап, науқастарда болуы мүмкін күдікті оқиғалары деп анықтаған адамдардан дифтерияға нақтырақ қосымша клиникалық белгілерді есепке алуды жөн көрдік. Ол мына нақтырақ белгілер: круп (2), мойынның ісуі (9),сілемейлі қабық астына немесе теріге петехиальды қан құйылыстар (1), токсикалық айналымды коллапс (1), жіті бүйрек жетіспеушілігі, нефроз (3), миокардит (13), бас-ми жүйкелерінің зақымдануы (1), дауыс мыңқылы, жұмсақ таңдайдың шала салдануы (парезі) (3). Сонымен қатар, қосымша эпидемиологиялық анамнез жинадық. Олар мыналар: науқастың келген жерінде дифтериядан қолайсыз жағдай болуы (3); науқастың дифтерия бойынша эпидемия ошағынан екені(3); науқастың егілмегендігі (12); жақында (2 аптаға дейін) науқастың дәлелденген ошағында қарым-қатынаста болуы (3); науқастар тұратын нақты аумақта дифтерия эпидемиясының өтіп жатуы (157).

Сонымен, тексерілгендерде дифтерияның ықтимал оқиғалары 67(28,4%) адамда болды. Бұл сатыда эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық мәліметтер бойынша диагнозды дәлелдеу қажет етті. Біздің талдауымыз бойынша клиникалық және эпидемиологиялық мәліметтері бар дифтерияға ұқсас 67 науқас анықталды.

Дифтерия жұқпасының диагнозын зертханалық дәлелдеу - ең маңызды мәселе болып саналады, себебі бұл жұқпаның емдеу шарасында науқастың ауыр түрінде сары су енгізу, антибиотиктік ем тағайындау сұрақтарын шешуді қажет етеді. Дифтерияға қорытынды диагноз қоюда зертханалық зерттеулер нәтижелері негізге алынды. Клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық мәліметтердің нәтижесіне сүйеніп 47 (19,9%) науқасқа қорытынды «Дифтерия» диагнозы қойылды. Диагнозды зертханалық дәлелдеу үшін бактериологиялық және иммунологиялық (АБЛ) әдістер қолданылды. Клиникалық материалдан (жұтқыншақ жағындасынан) C.diphtheriаe токсигенді штамыны 29 (12,3%) жағдайда бөлініп алынды, иммунологиялық әдіс АБЛ-мен 47 (19,9%) науқасқа қорытынды диагноз қойылды.

Стандартталған эпидемиологиялық, клиникалық, зертханалық критерийлер негізінде, медициналық көмек алуға келгендердің ішінен 47 адамда дифтерия диагнозы және 7 адамға коринебактерия тасымалдаушылығы деген қорытынды жасалды.

Сонымен, стандарттық анықтамалар тіркеуге жататын жұқпалы аурудың болу мүмкін оқиғасын анықтауға, клиникалық көріністері ұқсас ауруларды ажыратып, тіркеуге алмауға мүмкіндік береді, яғни гипердиагностиканы жояды және әр түрлі аймақтардағы тұрғындар арасында дифтериямен сырқаттанушылық және бактерия тасымалдаушылық жағдайларына тиімді мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.



Дифтериямен сырқаттанушылық және бактерия тасымалдаушылықтың дәлелденген оқиғаларының барлық эпидемиологиялық ошақтарында біз құрастырған алгоритм бойынша эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар кешенін жүргізу ұсынылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет