I. АҮ тақырыптыанықтап алып, өздерінің жағын қолдайтын аргументтерді беріп, оппозицияның аргументтеріне қарсылық білдіруі керек.
I. АҮ тақырыпты анықтап алып, өздерінің жағын қолдайтын аргументтерді беріп, оппозицияның аргументтеріне қарсылық білдіруі керек.
II. АО бірінші үкіметтің ұсынған кейсін (БҮ ұсынған аргументтер жиынтығы) жоққа шығарып, олардың жағы дебатты жеңу керектігін дәлелдейтін өздерінің конструктив аргументтерін ұсынуы қажет.
III. ЖҮ ойынға үкіметтен өзгеше, бірақ оған қарсы келмейтін қосымша аргументтерді әкеліп, тақырыпты қолдайтын анализ жасап, оппозицияның аргументтері мен анализіне жақсылап тұрып қарсылық айтуы керек. Үкімет хатшысы үкімет үстелдері атынан толық раундты қорытындылайды, жаңа аргумент енгізбейді.
IV. ЖО тақырыпты жоққа шығару үшін бірінші оппозициядан өзгеше, бірақ оған қарсы келмейтін қосымша аргументтер ұсынып, анализ жасап, үкімет командаларының аргументтері мен анализіне қарсы тұруы керек. Оппозиция хатшысы оппозиция үстелдері атынан толық раундты қорытындылайды, жаңа аргумент енгізбейді.
Атақты Авраам Линкольн мен Стивен Дугластың арасында болған дебаттың құрметіне аталған екі адамдық дебат форматы. Линкольн–Дуглас – құндылыққа құрылған ойын, кім не үшін ойнап отырғаны маңызды рөл ойнайды.
Ойынға бір ақтаушы және бір даттаушы қатысады. Біреуі Линкольннің, екіншісі Дугластың рөлін ойнайды. Пікірсайыстың бұл түрін жекпе-жек деп те айтуға болады. Өйткені бұл форматта турнирде жеңу/жеңілуіне қатысы жоқ жоғары спикерлік балл алған спикер басқа спикермен бөлек кездеседі. Бұл форматта дебат үздігін көрсету керек. Бұлар нағыз ораторлар болуы керек.
Ойын тәртібі мынадай: Линкольннің сөзі (құндылығын айту, өз кейсімен таныс-тыру) – 6 минут Дугластың сұрақтары – 3 минут Дугластың сөзі (ребаттл, құндылығын айту, өз кейсімен таныстыру) – 7 минут Линкольннің сұрақтары – 3 минут Линкольннің сөзі (ребаттл) – 4 минут Дугластың сөзі (кейсін қайта құру, кристализация) – 6 минут Линкольннің сөзі – 3 минут (кристализация)