«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Үшіншіден, жалпы тәрбие міндеттері мен арнайы әдістемелердің өзара байланысы туралы, олардың өзаратәуелділігі; Төртіншіден



бет27/70
Дата10.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477066
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Үшіншіден, жалпы тәрбие міндеттері мен арнайы әдістемелердің өзара байланысы туралы, олардың өзаратәуелділігі;
Төртіншіден, Л.С. Выготский әртүрлі бұзылыстары бар адамдардың компенсацияның негізгі жолы оларды белсенді еңбек әрекетімен қамтамасыз ету.Ол компенсацияның денелік мүмкіншіліктерін жоғары бағалады. Мыс, сенсорлық зақымы бар адамдарға (көрмейтін, естімейтін) еңбектің көптеген түрлеріне қол жеткізе алады деді. Жұмысқа дұрыс ыңғай табу қоғамда толықтай қалыптасуыа бағыттайды.
Бесіншіден, соқырлық, естімеу т.б. өздіктерінен тасымалдаушы емес. Оның ойынша, тұлға өмірін дефект емес, оның әлеуметтік- психологиялық тұрғыдан іске асырылуы шешеді.
Психолог, дефектологтар мен психологтарлардың зерттеу нәтижелерін жинақтай келе В.В.Лебединскии психикалық дамудың бұзылыстарының келесі түрлерін көрсетті.
Дамымай қалу. Ерте уақыттағы бұзылыс, яғни мидің толымсыздығы (ақыл-ойының қалуы).
Дамудың кешігуі. Танымдық және эмоцианалды сфераның қалыптасу темпінің жай жүруімен сипатталады. Функцианалдық- жетіспеуімен және сақталуымен бірге мозайкалық бұзылыс байқалады. Системаның реттелуінің көп уақыт сақталуы –ең жақсы болжамды анықтайды.
Дамудың зақымдалуы. Потологиялық әсердің миға кешігіп әсер етуі (2-3ж дейін), яғни мидың көпшілік бөлігі қалыптасқаннан кейінгі әсер етуі. Мысал ретінде органикалық деменция, эмоционалды сфера мен тұлғаның бұзылыстарын келтіреміз.
Дефецитарлы даму. Дара жүелердің: көру, есту, сөйлеу, қозғалыс аппараттарының күрделі бұзылыстарымен байланысты. Бірінші дефектпен тығыз байланыстағы функцияның дамымай қалуы басқа функцияның жай дамуына әсерін тигізеді.
Дамудың бұрмалануы. Бұған балалар аутизмі мысал бола алады. Қазіргі жағдайдағы психикалық функцияның қалыптасу процесінде қалыпты дамумен салыстырғанда басқа жүйелілік байқалады: онда балаларда сөйлеудің дамуы қимылдық дамуға қарағанда тез дамиды, ойлаудың дамуы заттық дағдылардан бұрын қалыптасады.
Дисгормониялық даму. Оның негізгі ерекшелігі тұлғада туғаннан психиканың эмоционалды –ерікті сфераға сай келмеуі. Бұндай дамуға психопатияны алуға болады, адекватты емес тітіркендіргіш негізінде бала қоғам өмірінің талаптарына бейімделе алмайды.Бұндай өзгерістер белгілі бір уақыт аралығында өтетін заңды түрдегі (өзгерістер) сапалық, сандық және құрылымдық өзгерістерден көрінеді. Психика дамуының ерекшелігі өзгерістердің қайтып қалпына келмеуімен сипатталады.
Арнайы психология мен арнайы педагогикада Л.С. Выготскидің қорытындысы: “Аномалиясы бар балалардың психикалық дамуы қалыпты балалардың дамуында байқалатын заңдылықтарға бағынатындығымен” түсіндіріледі.Келесісі психикалық даму бір қалыпты еместігі. Ескеретін жай, біріншіден, бала өмірінің белгілі бір кезеңінде мидың белсенді түрде жетілмеуі, екіншіден дара психикалық функциялар ерте қалыптасқан базада дамиды. Психикалық функция байланыстары әрбір жас кезеңінде қайта құрылады, ал әрбір функцияның дамуы оның қандай система байланысына қосылғандығына байланысты. Психиканың даму процесіндле оның бөлек компоненттерінің бірігуі арқылы жүзеге асады.
Арнайы психологияда психика дамуында маңызды орынды биологиялық және әлеуметтік факторлар алады. Биологиялық факторларға темперамент, қабілеттердің талабы, бала өмірінде ішкі атрибуттың өту ерекшелігі жатады. Әлеуметтік факторларға баланың өмір сүретін ортасы, идеология түрі, мәдени әдеп-ғұрыптар, дін, ғылым мен өнердің даму деңгейі жатады. Л.С.Выготский даму процесіндегі биологиялық және әлеуметтік факторлардағы әрекет бірлігін ескерген, бірақ бұл бірліктің екі ерекшелігі бар: біріншіден ол даму процесінде өзгеріске түсіп отырады, екіншіден осы факторлардың әрқайсысы әртүрлі қалыптасады, әртүрлі салыстырмалы сипатқа ие.Қарапайым психикалық функцияның дамуында жетекші орынды биологиялық фактор, ал күрделі дамуда - әлеуметтік фактор алады.Психикалық дамудың бұзылысы жағымсыз әлеуметтік факторлардың ықпалына байланысты болуы мүмкін. Жағымсыз әлеуметтік талаптар ерте пайда болған сайын дамудың бұзылуы дөрекі және ол тұрақты болады. Дамудың артта қалуы микроәлеуметтік педагогикалық қарасыздан, интелекті мен эмоция дамуының кідіруіне байланысты. Бұл ауытқудың түрі депривациямен ескеріледі – тәрбиенің жағымсыз талаптары, ақпарат пен эмоционалды тәжірибенің онтогенезде дефецит тудырады.
Анамалияның барлық түрлеріне ортақ заңдылықтар мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет