«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Тақырып: Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалар әлеуметтенуі



бет37/70
Дата10.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477066
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Тақырып: Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалар әлеуметтенуі
Дәріс мазмұны:
1.Әлеуметтік бейімделу бағыттары
2.Түзету -тәрбиелеу жұмыстарының жүзеге асырылуы
Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуі төмендегідей бағыттар бойынша анықталады.
1.Мақсатты түрде баланы қоршаған ортаға білімдеп ыңғайлау. Бұл үшін арнайы техникалықлық қозғалыс құралдармей қамту(арбалар,балдақтар, велосипедтер) қызмет ету заттары(тарелка,қасық,ерекше айырғыш электроприборлары).
2.Қозғалыс кемістігіне баланын бейімделуі - күнделікті жағдайдағы әлеуметтік ортаға өзін-өзі бейімдеп ыңғайлауы.
Бұл балаларда қозғалыс бұзылыстары аурудың ерешелігенен көрініс береді.Қарапайым қөзғалыстың мүмкін еместігі немесе шектеулілігі, бұл бұлшық ет күшінің әлсіздігімен байланысты.Қолын алға,соза алмау, аяғын жоғары көтере алмауы, бұлшық ет тонусының бұзылуы.
Гиперкинездің көрнуі, кез келген қозғалысты жасауға қиналуы, күшпен зорланып жасауының байқалуы.Қозғалыс координациясының және тепе –тендігігің бұзылуы.Отыруда,түруде,және түруда тұрақсыздақтың көрінуі.Дене қозғалысы және оның бөліктеріні түйсінудің бұзылуы (кинестезия )
Түзету -тәрбиелеу жұмысы былайша жүзеге асырылады:

  • Комплексті әсер ету

  • Жүйелі әсер ету

  • Медикаментоздық

  • Физиотерапевтік

  • Ортопедік емдеу

  • Массаж жасау

  • Емдеу физкультуралары

  • Дене және еңбек сабақтарын өткізу.

15 дәріс
Тақырып: Ерте балалық шақтағы аутизм
Дәріс мазмұны:
1.Ерте балалық шақтағы аутизм синдромының түсінігі.
2.Аутизм себептері.
Ерте балалық шақтағы аутизм синдромының түсінігі және тұлғаның аутистикалық ерекшеліктері.Аутизмге шалдыққан балалар өзінің ойларына, фантазифларына шектен тыс беріледі.Аутизм балалық шақтағы ең (кең тараған ) қауіпті проблема.2500 баланың біреуі аутизмге шалдығады.Ол ұлбалаларда қыздарға қарағанда 4 есе жиі кездеседі.«Аутизм дегеніміз –шындықты жоққа шығару өзімен -өзі болу ,сыртқы құбылыстарға деген сөзді білдіреді»( К.С .Лебединский) Аутизм симптом ретінде көптеген психикалық бұзылыстарда кездеседі. Дегенмен кейбір жағдайларда ол ерте пайда болады .Балла дуниеге келгеннен кейін 1 жыл ішінде немесе айлар ішінде .Ол клиникалық картада негізгі орын алып, балаланың психикалық дамуына ауыр негативті әсерін тигізеді .Бұл жағдайда ерте балалық шақтағы аутизм синдромы туралы айтылады.Бұл синдромның негізіклиникалық моделі психикалық дамудағы бұзылыстардың вариантардың бірі деп есептейді.Бұл синдром негізінде бөлек психикалық дамулар болу дамиды ,ол басқалары яғни потологиялық түрде жылдам дамиды.Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының критериялары мынадай;
Аутизм –соқырлық пен саңырау ақаулықтарына қараганда жиі кездеседі. Статистикалық мәлеметтер бойынша оның бақыланған өзіндік белгілері бар.Диагностикалық критерияларды анықтаудағы сапалы мінез-құлықтың жетіспеуі.Синдромның шекара аралық өсу бағалануындағы ерекшелік (бұл синдром Ресейде – 15жасқа дейін ,ол батыс Европа ,АҚШ және жапония елдерінде жастың шектелуі ескертілмейді ).Сонғы жылдары әдебиеттерде көрсетілген бойынша дүниеге келген 10 мың баланың 15-20 жағдайында аутизм байқалады .Ұл балаларда аутизм қыз балаларға қарағанда 4-4,5 есе жиі кездесіп отырады . Аутизмнің пайда болу себептері әліде айқын нақты зерттелмеген .Ең негізгі себеп синдром этиологиясындағы генетикалық факторлар көптеген әнгіме ғалымдар синдромның негізгі себептерінің бірі тұқым қуалаушылық жолмен пайда болатынын зерттеген .Тұқым қуалау механизмі дурыс анықталмағанмен ол моногендік жолмен пайда болатыны анықталынды ,яғни синдромның дамуы тек қана 1 геннен емес бірнеше геннін топтарымен байланысты .Тұқыл қуалау жолымен пайда болатын синдромның механизмі дұрыс зерттелмегенімен кейбір факторлары анықталынды .Олар орталық жүйне жүйесінің органикалық зақымдалуы .психогендік фактор ;
а) синдромның түрлі формаларында белгілі болуы ,
б) интеллектің өзін-өзі танып қалыпты денгейде болған жағдайында синдромның пайда болуының алдын –алу жолында белгілі бір үлесті қосу,
в) депривациялық психикалық дамуда және сенсорлық бұзылыстар кезінде аутизмнің екіншілей себебінің болуы.
Аутизм термині шындықтан кету, өзіне үңілу, сыртқы әсерге реакцияның болмауы, пассивтілік деп түсіндіріледі.Аутизм симптом ретінде көптеген психикалық ауытқушылықтарларда кездеседі, кейде ол өте ерте көрінеді.
Мұндай жағдайларда ертебалалық шақтағы аутизм синдромы клиникалық картинада орталық жетекші орын алады және баланың психикалық дамуына ауыр негативті әсер етеді.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы аутистикалық ауытқушылықтарда белгіленетін критерилер қабылданды.

  • әлеуметтік қарым - қатынастар сферасының сапалы ауытқушылықтары.

  • қарым - қатынасқа қабілеттіліктің сапалы ауытқушылықтары.

  • мінез - құлықтың қызығушылықтық және іс- әрекеттің түрлерінің шектелген қайталамалары мен стеориотипті модельдері.

Аутизм оқшауланған саңыраулық және соқырлыққа қарағанда жиірек кездеседі, алайда статистикалық мәліметтер олардың таралуын біркелкі деп айтпайды, оның себептері

  1. диагностикалық критерилелдің және сапалы сипаттардың жеткіліксіз анықталмағандығы.

  2. синдромның жас ерекшелік шекараларының айырмашылықтары.

  3. аутизмнің себептерін, даму механизімін және негізін түсінудегі айырмашылықтар.

Аутизм себептері жеткілікті түрде анық емес.Генетикалық факторлар үлкен роль атқаратыны белгілі.Тұқым қуалау механизмі айқын емес, бірақ ол моногенді емес, яғни ЕБА дамуы бір геннен емес, гендер топтарына тәуелді.Мультифакториалды механизм деп аталуы ықтимал.Бұлгендік комплекс патологиялық өзін емес, соның дамуына нышанды тасиды.Ол экзогендік және эндогендік факторлар болады.Экзогендік факторлар сытқы - травма, инфекция, интаксикация, психотравма т.б, эндогендік факторлар - конституционалды ерекшеліктер.
Органикалық бұзылыс орталық жүйке жүйесі 50 жыл бойы аутизм этиологиясымен байланыстырып қарастырылуда.Көптеген тәжірибелер көрсеткендей, ЕБА аутизмі диагнозі бар балаларының көпшілігінде орталық жүйке жүйесі органикалық бұзылыстар белгілері табылатын, алайда оның пайда болуын және квалификациясын табу қиын.
Психогенді фактор АҚШ- та және Батыс Европада псизоаналитикалық ыңғай негізінде қарастырады.Отандық әдебиеттерде психогендік фактор ықтимал, бірақ оның формаларының нақты сипаттамалары жоқ делінген.
16 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет