Декоративті гүлдендіру



бет17/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

2.Пальмапальма тұқымдасы. Көбіне тропикалық аймақта өседі. 25-30 0С температурада тұқым өсіп-өне бастайды. Оларды құм араласқан топраққа отырғызады. Құмыра түбіне аздап ұсақ тастар салып егеді. Тұқымның өсіп-өсуі әр түрлі. Мысалы: финик пальмасы 30-50 күн, какос пальмасы 150-180 күн.
Пальма шамалап өскен соң, орнын ауыстырып отырғызады.
Кейбір түрлерінде негізгі тамырлары топырақтан жоғары көтеріледі, сондықтан оларды отырғызу алдында құмыраның ұзын, жіңішке болуын қадағалау керек. Топырағы құнарлы болуы керек, яғни қарашірік, құм т.б.
Пальмалар жарық сүйгіш, сол себепті әйнектің алдына қою дұрыс болады. Ал жазда күннің тікелей түсуінен сақтау қажет, себебі күннің әсерінен жапырақтың беті күйіп қалуы мүмкін. Пальма үшін 16-18 0С қолайлы болып саналады. Ал егер бөлме температурасы жоғары болса, онда жапырақтың ұштары кеуіп, сарғаяды. Бұл құбылысты болдырмау үшін, температураның бір қалыпты болуын қадағалап, жапырақты сүртіп, су шашу қажет. Әдетте пальманы жылы сумен суарады. Жақсы өсу үшін, таңертен және кешке пульвилизатормен су шашады. Ал қыста айына 1-2 рет сулы губкамен сүрткен дұрыс болады.
3.Бромелилер – бұл тұысқа морфологиялық, экологиялық ерекшеліктері бар өсімдіктер жатады. Көбіне Американың тропикалық және субтропикалық ормандарында кездеседі. Тасты–тауларды жерде өседі. Жапырағы қатты, шеттері үшкірленген, элипс тәріздес. Гүлдері көп және қанық түсті болады.
Бильбергиялар. Бұл өсімдіктер ақпан айынан сәуірге дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл, ашық қызыл түстес болады. Қазіргі таңда бильбергияның 60-қа жуық түрі белгілі. Көп түрлері 24 0С температурадағы бөлмеде жақсы өседі. Бұл өсімдікті сәнді – жапырақ ретінде іліп қойған жөн. Жаз айларында оларды көп суарады және де су шашып, органикалық немесе минералды тыңайтқышпен тыңайтады.
Оңтүстік Қазақстанда бильбергияны жарық көп түспейтін немесе көленкелі жерде өсіреді, себебі күннің әсерінен жапырағы сарғайып, өзінің сәндігін жоғалтады. Көбіне тұқым арқылы көбейтеді. Оған таулы жердің топырағын, шымтезекті қолданады. Бильберияны гүлдеп болған соң ғана, орнын ауыстырып отырғызуға болады.
Вриезиялар – шөптесін өсімдік. Көбіне қабырға өсімдігі ретінде сәндік үшін өсіреді. Тұқым арқылы көбейтеді. Қара топырақты және қарашірік араласқан топырақта өсіріледі.
Нидуляриумдарқысқабойлы шөптесін өсімдік, тропикалық Америкадан шыққан. Жапырағы жалпақ воронка түзеді, жоғарғы жапырағы қызыл түсті болады. Нидулярияны вриезияны өсіргендей өсіреді.
Эхмеяларэпифитті өсімдік. Гүлдері қанық түсті болады. Эхмея әсемдік өсімдік. Бөлмеде өсіріледі, топырақтын тек құнарлы түрін таңдайды. Суарғанда біріншіден суды дәл үстінен құяды, содан соң құмыра ішіне құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет