Бақылау сұрақтары:
1. Қазып алынған, сұрыпталған тамырсабақтарды қандай ыдысқа салып қояды?
2. Тамырсабақтарды қайда сақтайды?
3. Желтоқсанда немесе қаңтардың басында тамырсабақты көктету жолы қандай?
4. Тамырсабақтар салынған жәшіктер мен құмыраны гүл бүршіктері білінгенше қандай жерге қояды?
5. Неғұрлым күшті гүл сабақтары қандай жерде жақсы өседі?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Домненкова Л. Комнатные растения. -Мн.: Харвест, 2000. -410с.
Клаус К. 300 растений для дома и офиса. -Ростов н/Д: Феникс, 2002. -320с.
Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.
Чувикова А.А., Потапов С.П., Коваль А.А., Черных Т.Г. Учебная книга цветовода. -М.:Колос, 1980. -224с.
9 тақырып Кесілген бұталарды көктету
Мақсаты:
Кесілген бұталарды көктету мезгілін және оларды көктету жолдарын, ережелерін білу
Жоспар:
Кесілген бұталарды көктету
Кесілген бұталарды көктету мезгілін және оларды көктету жолдары, ережелері
Керекті құрал-жабдықтар:
Жұпаргүл
Жалпы түсініктеме
Үй жағдайында кесілген бұталарды көктетуге кесуге арналған үлкен бұталарға қарағанда азғантай жер кетеді. Көктету үшін әдемі гүлдейтін өсімдіктерді ғана емес, жапырақ бүрі бар, қыста жеңіл тарайтын өсімдік түрлерін де пайдалануға болады. Ашық жасыл түсті гүлдеген, қыста көктетуге болатын, гүлдейтін өсімдікке гүл бүршіктері жазда жетілетін, бұл өсімдіктердің гүл бүрлері өткен жылғы бұтақтарда қалған бұталар мен ағаштар жатады. Бұлардың қатарына жұпаргүлден басқа мойыл, алмұрт және тағы басқа жатады. Ырғайдың, қара қарақаттың, теректің, қайыңның бұталары ерте күзде немесе қыстың басында ашыла бастайды. Олар сирек гүлдейді. Бұтақтарды бақта кескенде бүлдірмей кесу керек, көктемде қалыпты гүлдеп дамуы үшін. Бүршіктері жақсы дамыған бұталарды қарашада, желтоқсанда және ақпанда дайындау керек.
Егер кесілген жұпаргүлдің бұтақтарының жапырақтары қазанның аяғы – қарашаның басында әлі түспесе, жинап бұтақтарын қосып байлап, бүрлері кеуіп қалмас үшін полиэтиленді целофанға салып мұздатқышқа салады.
Жұпаргүлге арналған ең жақсы қоспа форзиции, 3% қанттан, 0,03% азотқышқыл күмістен, 0,1% кальций селитрасынан, 0,025% двунитроцианисты бензолдан және 0,001% сіркеқышқылды фенолртуттан немесе 0,001% ртуттың фенилацетынан тұратын алма мен мойыл. Қоспаны фаянсты немесе эмалмен қапталған ыдыста дайындайды. Сынап тұздары улы, сол себепті қоспаны дайындағанда барлық қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Талапқа сай қоспа дайындауға мүмкіндік болмаса алдымен төменгі температурада, содан кейін жылы суға салынған кесілген бұтақтарды көктетуді қантты қоспада жүргізуге болады.
Қыста кесілген бұталар (қаңтар, ақпан) жібуі үшін салқын бөлмеге кіргізеді. Бұталарды көктету алдында табиғи түрде де, жасанды түрде де 8-12 сағат бойы (300-350) жылы суға салып жылытады. Осы уақыт бойы судың температурасы бір қалыпты болуы керек (суды жылытып тұру керек). Жылы ваннадан кейін бұтақтарды құмыраға салады, оған бөлме температурасындағы су құйылады. Суға салған бұтақтарындағы бүршіктер ісіне бастағанда, 1 литр суға 30г мөлшерінде қант қосуға болады, немесе арнайы қоректендіргіш ерітінді қосады. Бұтақтар салынған құмыраны жылы жерге қою керек. Бұтақтарды қараңғылау үшін үстінен сәуле өткізбейтін қара қағаздан жасалған қалпақпен жауып қояды.
Көктету өткізетін орынның температурасы желтоқсанда 260-280С, қаңтарда 220-230С, ақпанда 160-180 С болу керек. Көктету кезінде бұтақтарды үздіксіз су бүркіп тұру керек. Бүршіктер ісініп ашыла бастағанда бұтақтарды жарық терезенің алдына қояды, өйткені ондай жерде олар тез гүлдей бастайды. Бұтақтың гүлдеу ұзақтығын ұзартуға болады, егер гүлдеген бұтақтары бар құмыраны түнде салқын бөлмеге қойса. Бұтақтар көктегеннен бастап оларға жапырақ шығып гүлдегенге дейін 25-45 күн керек, ол кескен бұтақтың сортына, дайындау уақытына байланысты.
Қысты күні бөлмеде бұтақтарды көктету қызық. Құмыраға салынып көктеп тұрған әсем бұталар жасыл түсімен бөлмеге көктемнің бірінші сәлемін әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |