Керекті құрал-жабдықтар:
Екі жылдық өсімдіктің суреті салынған плакаттар
Жалпы түсініктеме
Астильбаның ерте көктемде көктеуі үшін 10-120С жылылықтағы жылыжай пайдалы; қыс айларында көктеуі үшін 20-220С қажет. Жақсы дамыған тамырлары бар өсімдікті күзде терең қазылып, қоршалған арықтарда, қопсытылған, тыңайтқышқа бай жерге отырғызады. 1-2 жыл өсіреді, көлдетіп суарады, сұйық тыңайтқышпен тұрақты қоректендіреді. Топырақ жартылай қышқылды болу керек. Тамыз айынан бастап құмыраға отырғызар алдында көктету үшін суару тоқтатылады. Отырғызуға дайындалған өсімдікте 4-6 гүл бүршіктері және жақсы дамыған тамыр жүйесі болуы керек. Ерте көктету үшін (желтоқсанда) бұталарды күзде, жапырақ түскеннен кейін, қарашірік салған құмыраға отырғызады. 1м3 -қа 3 кг сүйек ұны қосылады. Өсімдігі бар құмыраны салқын булыжайға қарашаға дейін қояды. Ол оның жеңіл аязға үйренуі үшін, жақсы гүлдеуі үшін маңызды, жеңіл аязға шығарып шынықтырмаса көктеген кезінде жапырақтары көп өсіп гүлдеуіне кері әсер етеді. Қатты аяз көп бола бастағанда ағаш жапырақтарымен 20-25 см қалыңдықта жабады. Себебі қысты күні кез келген уақытта оларды көктету үшін алуға болады. Егер өскіндерді құмыраға күзде отырғызса, аязға ұсталған болса, көктетуді жылы жайда ерте қаңтардың аяғында бастауға болады. Өсімдікті жылы жайда жарық жерде ұстау керек, 8-100С жылу шамасында, содан кейін жапырақтар шыға бастағанда жылуды 150С дейін көтереді. Гүлдеу 10-12 аптадан кейін басталады. 10-120С жылылықта өсімдік 9-10 аптадан кейін гүлдей бастайды. Көктетуде екі рет толық минералды тыңайтқыштармен қоректендіреді, 10-20г 10 литр суға араластырады. Егер астильбаны кесуге өсірсе, онда көктемде бұтақты жерге қайтадан отырғызуға болады. Жақсы күткен жағдайда олар тез қалпына келеді және екінші жылы оны тағы да көктетуге немесе көгалдандыру үшін пайдалануға болады.
Тапсырма:
Екі жылдық өсімдікті көктету жолдарымен танысу
Екі жылдық өсімдікті көктету ережелерін білу
Достарыңызбен бөлісу: |