Демократиялық-құқықтық адамның құқықтары мен қызметкерлер тек нақты қоғамдық-саяси ерекше мәселе бостандықтарын қорғау


Әлеуметтік қызметкер үшін басты кәсіби міндеті



бет3/7
Дата23.11.2022
өлшемі100.89 Kb.
#465587
1   2   3   4   5   6   7
ЭТИКА БАЯНДАМА (2)

Әлеуметтік қызметкер үшін басты кәсіби міндеті клиенттің мәселелерін шешу болып табылады. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби саласы өте кең ауқымды қамтиды, мысалы халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру, әлеуметтік қызмет экономисті, әлеуметтік қызмет заңгері, медико-әлеуметтік қызметкер, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік реабилитациялау маманы, әлеуметтік қызмет психологы, әлеуметтік қызметтің әлеуметтік педагогы және т.б. Яғни, адамгершілік позиция мен қызметтік инструкция әрдайым өзара байланыста болуы тиіс. Олар өзара байланыста, тізбекті түрде жүзеге асырылғанда ғана әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетінің нәтижесін көре аламыз.
Түрткі ретінде көбінесе орындалған жұмыстың мазмұны, еңбек ету қызметінің процесі және оның соңғы нәтижесі қарастырылады. Егер әлеуметтік қызметкер тұлға ретінде өзін адамдарға қажет екенін сезінсе, егер ол әлсіз адамдарды қорғауға дайын болса, егер ол өзінің клиенттерінің табыстарына қуанса, және олардың жетістіктеріне мақтау айтса, онда қалыпты мотивацияның орны бар деп айтуға болады. Сондықтан клиентпен ортақтасу сезімі, оның тағдыры үшін жауапты болу, пайдалы болуын қажетсіну және жақсылық жасау - әлеуметтік қызметкердің оқу және практика жүзінде дамып отыратын тәртіп пен қызметтің қажетті мотивтері.
Әлеуметтік қызметкер немесе әлеуметтік қызметтің өзінің міндеттерінің негізіне үңілетін құқықтық негіздемелері мекеменің қызметін, әлеуметтік қорғау органдарының және олардың қызметкерлерін бақылайтын барлық нормативті-құықтық база арқылы түсіндіріледі.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қызметкердің тұлғалық сапаларына жоғары талап қояды. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекеті жанжақты болып келеді, оның келесі бағыттарын атауға болады:

  • әлеуметтік қызметкер клиентінің тұлғалық ерекшеліктерін зерттей отырып, оған «әлеуметтік диагноз» қояды;

  • әлеуметтік қызметкер клиенттің мінез-құлқын, болуы мүмкін жағдайды болжайды;

  • әлеуметтік қызметкер клиент әлеуметтік, психологиялық және т.б. мәселелерге душар болмауы үшін әртүрлі бағыттағы (психологиялық, құқықтық және т.б.) іс-шаралар өткізеді;

  • клиенттің әлеуметтік бейімделуі мен реабилитациялануы үшін әлеуметтік қызметкер кеңес беру жұмысын жүргізеді;

  • әлеуметтік қызметкер клиенттің әр саладағы қызығушылықтарын анықтай отырып, оның жүзеге асырылуына психологиялық-педагогикалық және ұйымастырушылық көмек көрсетеді;

  • әлеуметтік қызметкер әртүрлі категориядағы клиенттерге материалдық көмек көрсетуге ықпалын тигізеді;

  • әлеуметтік қызметкер халықты әлеуметтік қорғау жұмыстарына әртүрлі мекемелер мен ұйымдарды жұмылдырумен айналысады.

Жоғарыда аталған әлеуметтік қызметтің бағыттарынан оның әмбебап мамандық екеніне көз жеткізуге болады. Олардың барлығы әлеуметтік қызметкер профессиограммасынан көрініс табады. Әлеуметтік қызметкердің профессиограммасы ретінде психологиялық, әлеуметтік-мәдени, адамгершілік сапалары, кәсіби білімі мен қабілеттер жиынтығы түсіндіріледі[1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет