Пәннің мақсаты Жалпы жұмыс қабілетін, ағзаның қызметтік күйі мен энергетикалық мүмкіншілігін бағалау
Пәннің міндеттері: Дене тәрбиесінің анатомо-физиологиялық, гигиеналық және психологиялық-педагогикалық негіздерін, емдік дене шынықтыру және массаж әдістемесін зерттейді;
Пререквизиттері: Анатомия және спорттық морфология негіздері.
Постреквизиттер: Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері.
Пәнді оқыту нәтижелері:
Білім; Кәсіби-педагогикалық дағдыларын талдау жүргізуде,дене жаттығуларын бағалауды тәжірбе жүзінде қолданады.
Қимыл қозғалыстарының күрделігін сипаттайды, дене шыңықтыру жүмыстары мен жаттықтыру барысында алған жаттығу білімдерін түсіндіреді.
Білік; Дене тәрбиесі және өзін-өзі тәрбиелеудегі ағзаның резервтік беймдеуіне және деңсаулықты нығайтуға қабілеті.
Дағды; Алған білімінің негізінде өзінің даму жоспарын әзірлейді.
№1 Тақырып . Жалпы патология негіздері
Жоспар:
1. Жалпы патология
2. Спорттық медицина мен жаңа денсаулық ілімі тұрғысынан
3. Ауыру қаупін тудырушы себепшарттар
Қазақстан республикасынынң азаматтарынынң денсаулығын сақтау және одан әрі күшейту біздің мемлекеттің ең бір негізгі міндеті. Дене тәрбиесі мен спорттың организмнің өсуіне, физикалық және жанжақты дамуына ықпалын есепке ала отырып, олардың өркендеуіне барынша жағдайлар жасалуда. Дене тәрбиесінің негізгі атқаратын міндеті сауықтыру жұмысы болғандықтан спортщылар мен дене тәрбиесімен айналысушылар дәрігерлік бақылауда, ал спорт пен дене тәрбиесі медицинамен тығыз байланыста болу керек.
Медицина ғылымсыз спорт ғылымының дамуы мүмкін емес. Сондықтан спортшылар мен дене тәрбиесімен айналысушылардың денсаулығын бақылау, ондағы өзгерстердің физикалық дамуын сараптау дене тәрбиесі жүйесінің маңызды саласы болып есептеледі. Дәрігер мен оқытушының тығыз байланыста жұмыс атқарылуы үшін, оқытушының медициана саласынан жеткілікті білімі болуы қажет. Оқытушылар мен жаттықтырушыларда медицина жетістіктері, оның спорт саласындағы атқаратын міндеті туралы айқын түсініктері болып, дәрігерлердің міндеттерін атқару жолдары мен шамаларын анық білу керек. Болашақ оқытушының, жаттықтырушының медицина саласынан алған білімі оның негізгі салалардан алған білімінің маңыздылығынан бірдебір кем емес.
Медицина туралы түсінік
Медицина адамның сау және ауру болған жағдайын зерттеу арқылы оның денсаулығын нығайту, аурулардан сақтандыру және емдеу туралы ғылым. Сонымен, медицина ғылымның мақсатына ауруларды емдеу ғана емес, сондай-ақ денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу міндеті де кіреді. Бұл міндеттерді орындау үшін адам организмінің құрылысын және оның қалай өз қызметін атқаратындығын, органдар мен жүйелер паталогиялық жағдайда қандай морфологиялық өзгерістерге ұшырап, қызметінң қалай өзгеретіндігін толық білуі керек. Әйтпесе ол спортшының денсаулығы туралы дұрыс шешім қабылдауы мүмкін емес. Дегенмен, дәл осы мәселе дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға байланысты дәрігерлік рұқсат алуда және оның көлемін белгілеуде негізгі роль атқарады. Сондай – ақ дәрігер спортшыларда кездесетін зақымдар мен жарақаттарды емдей білуі керек. Осыларға байланысты, спорт медицинасы клиникалық медицинаның бір саласы болып есептеледі. Біздің республикда емдеу және аурудың алдын алу үшін ұйымдастырылған көптеген мемлекеттік емханалар, сауықтыру орныдары жұмыс істейді. Олардың негізні бөлігі мемлекеттің бөлген қаражаттарын пайдалана отырып, халыққа қызмет көрсетеді.
Медицина мен дене тәрбиесінің байланысы
Медицина мен дене тәрбиесінінң байланысының түбірі ерте заманда жатыр. Медцинаның атасы есептелінген, біздің эрамызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген. Гиппократ, дене тәрбиесні аурудың алдын алудағы және емдеу әдісі ретіндегі атқаратын қызметін жоғары бағалаған. Индия мен қытайдың дәрігерлерінің біздің эрадан 3000 жыл бұрын жазып кеткен қолжазбаларында, гимнастиканың әртүрді ауруларды емдеуге қолдану жолдары көрсетілген. Бірақта, емдік дене тәрбиесін ауруларды сауықтыруға жүйелі түрде ертедегі Грецияның дәрігерлері пайдаланды деп есептеу керек. Себебі олар сол заманда дене тәрбиесі жаттығуларын аурулардың түріне сай дұрыс қолдана білген.
Медицина мен дене тәрбиесінінің арақатынасы тек қана ауруларды дене тәрбиесі жаттығулармен емдеумен ғана шектелмейді. Дене тәрбиесі мен спортпен айналысқан адамдардың организмдеріне түскен ауырпалыққа байланысты денсаулықтағы өзгерсітерді бағалау үшін дәрігерлік бақылау жүргізу керек. Қазіргі кезеңде медицина мен спорттың байланысы оданда нығая түсуде. Оның бірінші себебі, спортпен және дене тәрбиесімен екінші себебі – спорттық көрсеткіштердің жоғарылай түсуіне байланысты организмге түсетін ауыртпалықтың көлемінің және жаттығулардың жылдамдығының артуы.
Спорт медицинасының атқаратын міндеттері
Спорт медицинасы клиникалық медицинаның маңызды бір тармағы. Оның өзіне тән мәні мен атқаратын міндеттері бар. Спорт медицинасының бір саласы дәрігерлік бақылаудың міндеті дене тәрбиесімен айналысушылардың денсаулығын бақылау болып табылады. Дәрігерлік бақылаудың мағынасына спортшылардың денсаулығын, организмнің дамуын және ішкі органдар мен жүйелерінің қызметінің спорт пен және дене тәрбиесімен айналысудың салдарынан өзгеруін зерттеп, жаттығулардың денсаулыққа тигізетін пайдалы және зиянды әсерлерін анықтау. Спорт медицинасының алдында мынадай келелі міндеттер бар:
1.Денсаулықтың жағдайын, дамуын анықтау және дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға байланысты ондағы өзгерсітерді бақылау.
2.Организмнің органдары мен жүйелерінің жұмысын жағдайын және оған дене тәрбиесі мен спортпен айналысудың әсерін анықтау.
3.Спорттық жарақаттар мен аурулардың, зақымдардың толық белгілерін анықтау, емдеу және алдын алу жолдарын белгілеу.
4.Денсаулықты тексерудің ескі жүйелерін дамыту және жаңа әдістерді енгізіп спортшылардың денсаулығына дұрыс баға беруді, басталып келе жатқан аурулардың алдын алып, уақтылы емдеумен айналысуды қамтамасыз етуге жағдай жасау.
5.Жаттығу ережесінің, тамақтанудың, демалудың және спорттық жаттығу мен жарыстар ұйымдастырылатын орындардың денсаулыққа зиянды жақтарын болдырмау мәселесін уақтылы шешу.
Спорттық медицинаның атқаратын міндеттеріне байланысты шешілуге тиісті мәселелрдің қысқаша мазмұны мынаған келіп тіреледі.
Дені сау деген тұжырым жасап, адамға дене тәрбиесі мен жаттығуға рұқсат беру, ауруға диагноз қойғаннан анағұрлым қиын. Ал, спортшының денсаулығы толығынан түзу болуы керек қой. Оны анықтау үшін аурулардың белгілері мен клиникалық көріністермен жақсы таныс болу керек. Мысалы, жүрек ауруларының белгілерін білмей, онын саулығы туралы тұжырым жасауға болмайды. Спортпен айналыспайтын адамдардың денсаулығына зиянын тигізбейтін болмашы ауытқулар, спортшылардың организмінде басқаша көрініс береді. Жаттығулардың барысында ауру кейбір жағдайда мүгедектікке немесе өлімге алып келіп оқтырады.
Сондықтан спортпен айналыспайтын адамдар үшін кеңінен қолданатын «іс жүзінде дені сау» және оның істейтін қызметіне зияны жоқ деген диагноз спортсмендер үшін қолданылмайды. Себебі оның денсаулығында ешқандай да өзгерістер болмауы керек. Іс жүзінде дені сау адамдарға сауығуға арналған дене тәрбиесімен айналысуға кеңес беру шарт.
Сонымен қатар, білуді қажет ететін мәселе, жаттықтырушылардың ең негізгі деп есептейтін, спортшылардың жақсы көңіл күйі, оның денсаулығына дұрыс баға беруге ешқандай да негіз бола алмайды. Жақсы денсаулық әдепдікке жақсы көңіл күймен шектесіп жатады, сондай ақ организмде аурудың белгілері пайда болған жағдайда да көңіл күйдің жақсы болуы мүмкін. Тағы да есте болатын жағдай.
Жоғары әлемдік деңгейдегі, көрсеткіштер спортшының денсаулығына толық қалыпта екендігіне кепіл бола алмайды. Оның себебі, адам организмдегі кемістіктердің орнын өтеу механизмінін шеңбері өте кең және ол механизм кез келген аурудан пайда болатын кемістіктерді уақытша қалыпты жағдайға келтіріп ұстай алады. Бірақ организмнің жұмысындағы кемістіктерді қалыпты жағдайда ұстау механизмнің шегі бар. Оны жылдам және шамадан тыс пайдаланған жағдайда қажиды, істен шығады. Адам организмнің саулығына шынайы баға беру үшін терең дәрігерлік зерттеу жүргізілуі керек. Дененің өсуіне дұрыс баға беру үшін, дәрігер әр спорттың өзіне тән денеге қоятын талғамын есепке алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |