«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет34/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   153
емдик беймделу дене тар

Аурудың химиялық қоздырғыштары.
Ауруды туғызатын химиялық қоздырғыштарға сыртқы ортадан түсетін және ішкі ортада пайда болатын химиялық улы заттар жатады. Сыртқы ортадан түсетін улы заттарды эндогенді улы заттар деп атайды. Эндогендік химиялық заттармен улануды өзін - өзі уландыру деп атайды. Организмде патологиялық өзгерістердің шығуы химиялық заттардың көлеміне, ішкі ортада ерігіштік қасиетіне, түсу жолына дененің оған қарсы тұрақтылығына байланысты. Химиялық заттардың көлеміне қарай олар бірде емдік, бірде уландырғыш қасиет көрсетеді. Шығу тегіне байланысты уландырғыш заттарды органикалық немес бейорганикалық химиялық заттар деп екіге бөледі. Бейорганикалық қоздырғыштарға қышқылдар, сілтілер, қорғасын, сынап, хлор, йод, бром және т.б жатады. Органикалық улы қоздырғыштарға өсімдіктер мен жануарлар тектес заттар жатады. Химиялық қоздырғыштардың құрамына жаппай қыратын әскери улы заттар да (ипирт, зарин, зоман, би – зет) кіреді.
Аурудың биологиялық қоздырғыштары.
Биологииялық қоздырғыштарға тірі микроорганизмдер жатады. Олар әртүрлі жолмен организмге еніп, аурулар туғызыды. Биологиялық қоздырғыштар жәндік тәріздес, өсімдік тәріздес және вирустар деп бөлінеді. Жәндік тәріздес биологиялық қоздырғыштар бір клеткалы организмдер (безгек тудыратын қарапайым паразит, дизентерия туғызатын қарапайым амеба), әртүрлі ішек құрттары (аскарида, бәсір, таспа құрт, эхинокок ауруын тудыратын құрттар) организмді уландырып, оның жұмыс істеу қасиетін төмендетеді. Өсімдік тәріздес паразиттерге бактериялар мен уақ саңырау құлақтар жатады. Бактериялар – бір клеткалы бөліну арқылы тез көбейетін өсімдіктер организмі. Олардың сырт пішіні әртүрлі болады және жай көзге көрінбейді. Тек микроскоппен бірнеше мың үлкейткенде жылдам қозғалатын организм екендігі байқалады. Бактериялар денесінен бөлінетін улы заттардың қасиетіне байланысты патогенді (ауру туғызғыш) және бипатогенді (ауру туғызбайтын) деп екіге бөледі. Патогенді микробтар адам организмінде қолайлы жағдай туған кезде инфекциялық аурулар туғызады. Бірақ, ол үшін микробтар өте жоғары ауру туғызғыштық күшпен организмнің қорғанысын бұзып өтуі керек. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары организмга қоршаған ортадан тамақпен, сумен, ауамен немесе аурумен қолма – қол араласқан кезде беріледі. Бірталай жағдайда микробтарды жәндіктер мен жануарлар (бүргелер, масалар, шыбындар, тышқандар, дала тышқандар және т.б.) тасымалдайды. Өте майда саңырауқұлақтар микроскоппен ғана көрінетін бір немесе көп клеткалы организмдер. Олар өзіне тән аурулар (эпидермофития деген спортшыларды жиі кездесетін тірідегі саңырау құлақ туғызатын ауру) туғызады.
Вирустар аса майда дене және оларды жәй микроскоптармен көру мүмкін емес, тек электронды микроскоптардың көмегімен көруге болады. Вирустар көптеген жұқпалы инфекциялық аурулар (қызылша, көкжөтел, тұмау т.б) туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет