«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет36/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153
емдик беймделу дене тар

Иммунитет - Бұл организмнің реактивтік қасиетінің бір көрінісі. Иммунитет дегеніміз – организмнің әртүрлі қоздырғыштарға беретін жауабы. Бұл жағдайда көбінесе инфекция тудыратын микробтар сөз болады. Бірақ иммунитеттің мағынасы одан кеңдеу. Ол адам организмнің кез – келген ауру тудыратын қоздырғышқа жауап беру қасиетін көрсетеді. Иммунитеттің қоздырғыштарға жауабы толық, жартылай немесе мүлдем болмауы мүмкін. Аурудың дамуы мен бітуі иммуниттің дәрежесіне байланысты. Иммунитеттің туа және жүре пайда болған түрлері бар. Туа пайда болатын иммунитет тірі организмдердің жеке түрлеріне тән қасиет. Мысалы, бірде – бір жануар қалыпты жағдайда холера, сифлис немесе дифтерия ауруымен, ал адамдар жануарлардың ауыратын кейбір жұқпалы инфекциялық аурулармен ауырмайды. Жүре пайда болатын иммунитет табиғи немесе қолдан жасалған деп екіге бөлінеді. Табиғи активті иммунитет жұқпалы инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін пайда болады (қызылша, дифтерия, іш сүзегі және т.б.аурулар). Табиғи пассивті иммунитет жаңа туылған балаларға анасының қаны арқылы, анасының бұрында сондай инфекциялық аурумен ауыруына байланысты беріледі. Қолдан жасалған активті иммунитетті денеге өлтірілген немесе күші кеткен микробтардың вакциндерін (немесе олардың уларын) ендіру арқылы тудырады. Бұл жағдайда микроорганизмдер ауру тудыра алмайды, бірақ организмде иммунттет болуына жағдай жасайды. Қолдан жасалған пассивтік иммунитетті алу үшін денеге иммунды заттардың дайын сарысуын ендіреді. Қанның сарысуын инфекциямен ауырған жануардан немесе адамнан алды. Пассивті иммунитеттің әсер ету мерзімі қысқа және сарысудың сыртқы ортаға шығарылуымен тоқтайды. Керісінше, активті иммунитет ұзаққа созылады да, кейбір ауруларға қарсы өмір бойы сақталады.
Орыстың ұлы ғалымы И.И. Мечников иммунитетті, денеге жат белоктардың клеткалардың ішінде қорытылуы деп түсіндіреді. Қазіргі кездегі алынған мәліметтерге қарағанда, иммунитеттің механизмі одан тереңде жатыр. Кейбір клеткалардың денеге түскен жат белоктарды ұстап алып, қорытып жіберу қасиетін фагоцитоз деп атайды (фагео-жеу, цитос-клетка). Фагоцитарлық қасиет қанның лейкоциттарында (микро және макрофагтар) бауырдың, көк бауырдың, сүйек кеміктерінің, лимфа бездерінің клеткаларында бар. Осы клеткалардың бәрі «ретикулоэндотелий жүйесі» деген атпен белгілі. Фагоцитоз жалпы қасиеті. Себебі фагоциттер кез – келген микробтарды ұстап, денесінде қорыта береді. Бірақ иммунитет пайда болған жағдайда фагоциттер тек бір түрлі микробтарға қарсы жүргізу мүмкін. Инфекциямен күресте фагоситоздан басқа өте активті заттар – антителалар іске кіріседі. Олар қанның құрамында болады және ауру тудыратын микробтар мен токсиндерді залалсыздандырады. Антителаларды тудырып, олармен реакцияға қатысатын денелерді антигендер деп атайды. Антигендерге микробтар, токсиндер, организмдерге жат белоктар жатады. Антителалар ретикулоэндотелиялық жүйеларде жасалады. Олар глобулиндер, турасын айтқанда қанның белоктары, бірақ антигендерінің әсерінен құрамын өзгерткен глобулиндер. Антителаның бірнеше түрі балады: антитоксиндер улы заттарды істен шығарады; лизиндер микробтарды ірітіп жібереді;агглютининдер мен преципитаттар микробтарды өзіне жабыстырып тұндырады; опсониндер микробтарды әлсіретіп, фагоцитозды жеңілдетеді. Барлық антителалар тек өзіне тән микробтар мен токсиндерге ғана әсер етеді.
АЛЛЕРГИЯ. Иммунитет сияқты аллергия да организмнің реактивтігін көрсетеді. Аллергия - денеге енгізілген инфекциялық немесе басқа қоздырғыштарға организмнің өте күшті және қасиеті өзгерген сезімталдықпен берген жауабы. Денеге жат белоктар, микробтар, олардың уы және бөлінген заттары, құрамы белоктаран тұрмайтын заттар – аллергендер деп аталады. Антигендерге қарағанда аллергендер өздеріне организмнің сенсибилизациясын (өте жоғары сезімталдығын) туғызады. Сондықтан аллерген мен антителаның кездесуі ауыр және қызу, жалпы және жергілікті реакциялармен жүреді. Осындай қызу реакцияны анафилаксия немес анафилактикалық шок деп атайды. Мысалы, ақ тышқанның терісіне кез – келген жат белокты (жұмыртқа немесе аттың сары суынан алынған белок) енгізсе, бастапқыда ешқандай кеселді жағдай тумайды.
Бірақ осы ақ тышқанның қанында антитела пайда болған уақыттан кейін ( 10-12 күннен кейін) қайтадан жат белокты ендірсе, оған қарсы қызуда ауыр да, оның өлімімен аяқталады. Себебі, бірінші рет ақ тышқанның денесіне ендірілген белок, оның денеге қайта ендірілуіне сезімталдығын арттырады. Адам организмінде жүретін сары су ауруы өзінің көріністерімен анафилаксияға өте ұқсас келеді. Ол емдік сары судың денеге қайтып ендірілуінен тутын реакция. Себебі адам организмі қайта егілген емдік сары суға жоғарғы дәрежедегі сезімталдықпен жауап береді. Сондықтан емдік сары суды қайта еккенде оған организмнің сезімталдығын тексерту керек.Тексеру үшін сары судың өте аз мөлшерін егу қажет. Бұл тексеруді жүргізбесе сары су ауруы пайда болуы мүмкін. Температура көтеріліп, қышыма пайда болады. Денені бөртпе басып, ерін мен бет ісініп, құсады. Аллергиялық аурулар белгілі бір заттың денеге қайта енуіне организмнің жоғары сезімталдық көрсетуінен туады. Осы ауруларға тән нәрсе – терінің ісінуі, онда күлдіректердің, жаралардың пайда болуы, көзден жас ағып, мұрнынан су кетуі, бронхалардың бұлшық еттері жиырылып – демікпе пайда болуы. Демікпе ауруын тудыратын аллергендер тыныс жүйесі мен бронхалаға жетеді.Олар белоктардан немесе басқа белоксыз заттардан құралуы мүмкін.
Патогенез – патологиялық жағдайдың пайда болуы мен даму жолдарын зерттейтін ғылым. Сонымен қатар, патогенез деген ұғым ауру тудыратын қоздырғыштардан организмде пайда болатын патологиялық өзгерістерді білдіреді. Патогенез ауру қалай туады деген сұраққа жауап береді. Патологиялық жағдай әртүрлі сатыда дамуы мүмкін: клеткаға дейінгі, клеткаларда, ткандарда, органдарда, ең соңында бүкіл организмде жүреді. Бірақ та оның барлық сатыларда бірдей жүруі мүмкін емес. Өзгерістер кез – келген даму сатысында тежелуі мүмкін. Бір сатыдан екінші сатыға (мысалы,клеткадан ткандарға) ауысуы үшін клеткалардың қалыптастыру механизмі жеткіліксіз болуы шарт. Патологиялық өзгерістердің қарқыны күшті жағдайда ол кез – келген сатыдан аттап өтіп, бүкіл организмді жаулап алады. Ауруларды тудыратын себеп (мысалы, өкпе, сүйек және бүйрек туберкулезінің себебі туберкулез микробактериясы) біреу бола тұра, патогенез әртүрлі болуы мүмкін. Бұлайша айтқанда олардың пайда болуы, дамуы әртүрлі болады. Аурудың патогенезі негізінен алғанда қоздырғыштардың организмге ену жолына тікелей байланысты (мысалы, өкпе мен ішек обалары). Сондықтан бір себептен екі түрлі ауру пайда болады. Ауру қоздырушы агенттер организмге бірнеше жолмен, атап айтқанда: бүйірлескен ткандардан (қатерлі өскіндер мен іріңді инфекция) организмнің тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару және т.б. жолдары арқылы енеді. Сонымен қатар гематогендік жол – қанның ағымымен, лимфогендік жол – лимфа ағымымен (осы екі жолмен улы заттар, инфекция ауруының қоздырғыштары және басқалар) және нейрогендік жол – нервтің қабымен (сіріспе таяқшасының уы, құтырма вирусы) тарайды. Аурудың дамуы организмнің ішкі жағдайына және орталық нерв жүйесінің қызмет атқару қабілетіне байланысты болады. Бір аурудың дамуы бірнеше органдар мен ткандардың зақымдануымен көрініс береді. Патогенез организмнің тоқтаусыз жүретін реакциясына сәйкес келеді. Қоздырғыштар аурудың бастапқы клиникалық көріністерінің себепкері болғанымен оның жалғасына қатыспауы да мүмкін. Мысалы, денеде күйік тудыратын жоғары температура қысқа мерзімде әсер етеді де, күйік ауруының әрі қарай дамуына қатыспайды. Ауру қоздырғыш агент тек қана бір органды зақымдап қоймайды, бүкіл организмді ауру етеді. Организм жікке бөлінбейтін органдар мен ткандар жүйесі. Осыдан барып шыққан «Ауруды емес, ауру адамды емдеу керек», - деген сөздің үлкен мағынасы бар. Аурудың дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді:
I кезең – латентті, көзге көрінбейтін кезең;
II кезең – аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы;
III кезең – аурудың қызу жүру шағы;
IV кезең – аурудың аяқталу кезеңі;
Көзге көрінбейтін латентті кезең деп, қоздырғыштың денеге енгеннен аурудың бірінші белгілерінің көрінуіне дейінгі мерзімді айтады. Бұл кезең өте қысқа, өте ұзақ мерзімге созылуы мүмкін (бірнеше секундтан, бірнеше жылға). Мысалы, улы заттардың әсерінің басталуы денеге түскеннен бірнеше секундтан, рентген шұғыласынан туатын аурулар бірнеше айдан, ал проказа ауруы – бірнеше жылдан кейін басталады. Инфекциялық жұқпалы аурулардың летентті кезеңі инкубациялық кезең деп аталады. Жұқпалы аурудың алдын алу, емдеу және аурулардың айналасындағы адамдармен ара қатынасын тоқтату шаралары инкубациялық кезеңге сай жүргізіледі. Аурудың бастапқы белгілерінің пайда болу кезеңі жалпы көңіл күйдің нашарлауы, бас ауыру, қалтырау, ыстықтың көтерілуі арқылы білінеді.Бірақ, негізгі ауруға тән белгілер көрініс бермейді. Аурудың қызған кезеңінде негізгі ауруға тән белгілер шығады. Әр аурудың өзіне тән клиникалық белгілері болады. Аурудың белгілерінің жиынтығын синдром деп атайды. Аурудың аяқталуы не жазылуы тез немесе баяу жүруі мүмкін. Аурудың соңы әртүрлі болып аяқталады.
1) Аурудан жазылып, органдардың жұмысы толық қалпына келді. Аурудың белгілерінің бітуі, ішкі органдардың қызмтінің қалпына келуімен қатар келе бермейді. Ол үшін организм ұзақ уақыт өзін – өзі қалыпқа келтіріп, ішкі органдардың жұмісін реттеуі керек.
2) Ауру созылмалы түрге ауысады (мысалы, созылмлы бронхит, гастрит, колит, пневмония) немесе органдарда әртүрлі патологиялық өзгерістер қалдырады (мысалы, жарақаттан соң сүйектің қисық бітуі, буындардың қозғалысының кемуі).
3) Аурудың өлімі. Ол үшін кезеңде жүреді. Өмір үшін жан –таластың алдындағы жағдай, жанталас (агония), клиникалық және биологиялық өлім. Организм кейде өліммен ұзақ және жанталаса күреседі. Бірақ тіршілік бірте – бірте сөне береді, қанда (гипоксемия) және ткандарда (гипоксия)оттегі азаяды. Қанда өте көп көлемде толық жанбаған қоректік заттардың қалдықтары жиналады. Осының барлығы орталық нерв жүйесін уландырып, жұмысын нашарлатады. Бастапқыда адамның есі кірелі – шықпалы болып, кейіннен есінен танады. Ал, ішкі органдардың жұмысы бірте – бірте нашарлай береді. Осының бәрі өмір үшін жанталас (предагония мен агония) деп аталады. Клиникалық өлім тыныс алудың және жүректің соғысының тоқтауынан басталады. Бірақ ткандардың тынысы жалғаса береді. Егер жүрек пен тыныс жүйелерінің жұмысын тез қалыпқа келтірсе, организм одан әрі өмір сүре алады. Адамды клиникалық өлімнен құтқаруға болатын мерзім 5-6 минутқа дейін созылады. Бұл жадайда оттегінің кемшілігіне сезімтал ткандар зақымданады. Ең бірінші мидың қыртысының клеткалары өледі. Ал, адамдар мүгедек болады. Биологиялық өлімде клеткалар терең өзгеріске ұшырайды. Аурулар шұғыл, баяу және созылмалы түрде жүреді. Шұғыл аурулар ойламаған жерде қызу баталып, барлық белгілері айқын көрініп, бірнеше күнде немесе аптада аяқталады. Баяу жүретін аурулар жайлап, бірте – бірте басталып, бірнеше айға созылады. Созылмалы аурулар көптеген айлар мен жылдар жүреді, кейде өмір бойы аурудың денесіне ұялайды. Созылмалы аурулар бірде қозып, бірде тоқтап аурудың жағдайы түзеледі.Кейбір жағдайда шұғыл арулар созылмалы күйге ауысады. Оған нашар және жеткілксіз дәрежеде емдеу, ауру бітпей жұмысқа шығу немесе спортпен айналысып, денеге ауыртпалық түсіру себеп болады. Кейбір жағдайда ауру баяу басталып, созылмалы түрге жалғасады. Кез келген ауру органдар мен ткандарда өзгерістер туғызады. Патологиялық жағдайлар мен аурулардың түрлері өте көп. Егер әртүрлі ауруларды салстыратын болсақ, олардағы өзгерістер бір түрде жүреді. Мысалы, ми қабыршағының қабынуы мен соқыршектің қабынуының даму жолдарында ешқандайда айырмашылық жоқ. Аурулардың дамуы ткандардағы зат алмасудың, жергілікті және жалпы қан айналудың, қызуды реттеу механизмі істен шығып, дененің қалтырауы арқылы жүреді. Осы көріністердің дәрежесі әр ауруда әртүрлі боғанымен, олардың даму механизмі бірдей болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет