Лекция №3. Дененің дамуын зерттеу және бағалау тәсілдері
Дене бітімі деп адамның жұмыс қабілетін және биологиялық жетілу дәрежесін сипаттайтын құрылымдық, қызметтік көрсеткіштердің белгілі бір жинағын атайды.
Дене бітімінің ерекшеліктері тұқым қуалай беріледі. Бұл генотип. Бірақ жеке даму кезеңінде (антогенез барысында) сыртқы әсерден генотип өзгеріп, фенотип қалыптасады.Фенотипті қалыптастурушы әсерлердің ішіндегі бастылары; әлеуметтік – экономикалық және сыртқы орта әсерлері. Фенотипке дене тәрбиесі мен спорттың да ықпалы зор. Оған дәлел – әр спорт түріне тән дене бітімінің ерекшеліктері. Дене бітімі мен денсаулықтың да өзара байланысы бар.
Лекция №4.Спортшы ағзасының қызметтік дайындығын пайымдау негіздері
Дене пішіні деп дененің сыртқы бейнесін, әр бөлімдерінің өлшемдерін және олардың өзара үйлесімділігін атайды. Дене пішіні дене салмағының құрылысына, яғни бұлшық еттер мен май тінінің дамуына да байланысты.
Дененің құрылымы – дене пішінімен салыстырғанда әлдеқайда кеңірек ұғым, ол құрылымдық және қызметтік ерекшеліктердің жинақтамасы, дене құрылымының ерекшеліктері тұқым қуалай беріліп, жеке даму кезеңінде сыртқы ортаның әсерлерімен өзгеріп қалыптасады. Черноруцкий Н.В. жұптауы бойынша дене құрылымының үш түрі бар: нормостеникалық, астеникалық, гиперстеникалық.
Лекция №5. Сыртқы тыныс алу жүйесі
Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.
Лекция №6. Жүрек-қан тамырлар жүйесі
Кезінде дененің жалпы ауырлық орталығы аяқ пен қолдың ірі буындарының көлденең Қан ақшылтым келген тұтқыр, сұйық, сарғылтзаттан (плазмадан) және қан жасушаларынан тұрады. Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритоциттер) ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан тақташаларынан (тромбоциттер) құралады. Эритроциттер ядросы жоқ. Дене құрамында ішкі тыныс алуға қатысатын бояуы (пигменті) гемоглобині бар. Лейкоциттер ядросы бар және түссіз цитоплазмадан тұратын жасушалар. Олар түйірлі (грануллациттер( эозинофилдер, базафильдер, нейтрофильдер. Түйірсіз (агр
Достарыңызбен бөлісу: |