«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет59/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153
емдик беймделу дене тар

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________

25. Тақырып. . Массаждың бұлшық етке және буындарға тигізетін әсері.


Жоспар:
1.Бұлшықеттің қызметі және құрылысы.
2.Бұлшықетке қолданылатын массаждың әсері
Бұлшықеттер – тірек – қимыл аппаратының негізгі бөлігі. Қимыл жұмысын атқаратын бұлшықеттердің болуы жануарлар организмдерінің ерекшелігі және оның өсімдіктер дүниесінен айырмашылығының бірі болып табылады. Бір орнынан екінші орынға ауысу, қауіп қатерден құтылу, сонымен бірге денедегі барлық мүшелердің жұмыс істеуі бұлшықеттердің жұмысының нәтежесі. Адамдардың бір – бірімен қатынас құралы тілдесудің өзі де көптеген бұлшық еттердің жәрдемімен атқарылады.
Бұлшықеттің жұмысы негізінде оның жиырылғыштық қасиетіне және оның үнемі құрысу, сіресу, қасиеттеріне байланысты.
Бұлшықеттің негізгі жұмысы механикалық, егер бұлшық ет жиырылу кезінде дене бір орнынан екінші бір орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшықет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса – статикалық жұмыс деп аталады. Дененің әр түрлі бұлшық еттері әрқилы жұмыс істеуге бейімделген. Бұлшықет күші оны құрайтын талшықтарының санына яғни оның көлденең қимасына тура пропорционал болады.
Адам денесіндегі бұлшық еттер бірыңғай салалы бұлшықет және көлденең жолақты бұлшықетінен және жүрек бұлшық етінен түзілген. Бірыңғай салалы бұлшық еттердің эволюциялық шығу тегіне қарағанда ол өте ертеде пайда болған бұлшық еттерге жатады. Өйткені олар омыртқасыз жануарларда өте көп кездеседі. Кейінен организмнің күрделі қозғалыстарға өтуіне байланысты көлденең жолақты бұлшық еттердің омыртқалы жануарларда көбейгені ғылымға мәлім болды.
Адамдарда бірыңғай салалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің, тамырлардың және терінің құрамында ғана кездеседі. Көлденең жолақты бұлшықеттер дененің күшті және тез қимылдайтын бұлшық етіне жатады. Көлденең жолақты бұлшықеттер адамның еркіне байланысты денені қозғап жүргізеді, теңдікті сақтауға қатысады. Бұлшық еттер қол – аяқты адамның еркіне қарай қозғайды. Тыныс алуға, күйінгенде құрсақты сығып қатайтуға, сөйлеуге, ымдауға, шайнауға, зәр шығаруға да қатысады. Бірыңғай салалы және жүрек бұлшық еттері аданың еркінсіз де қызмет етіп тұрады. Оларды еріксіз бұлшық еттер деп атайды. Жүректегі , ішек, қарындағы, қуықтағы т.б. бұлшық еттерді айтуға болады.
Бұлшықеттердің құрылысы. Адамның денесінде 600 ден астам бұлшық еттер бар. Олардың көбі бөлек- бөлек болып сүйектерге жабысып тұрады. Бұны қаңқа бұлшық еттері дейді. Қаңқа бұлшық еттері бірнеше қабат болып жатады. Әр бір бұлшық еттің ортасы оның талшықтарынан түзіліп, екі ұшы тарамыс сіңір болады. Бұлшық ет құрамының 75 пайызы су және 25 пайызы тығыз заттан ( белок, май, көмірсу, тұздардан) түзілген.
Адам денесіндегі көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттердің жұсысы бірдей болғаны мен құрылысы мен дамуында айырмашылықтар бар.
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы мезенхимадан пайда болады. Ұзындығы 0,1 – 0,5 мм ұршық тәрізді клеткалардан өзара клетка қабығы арқылы жапырақталып не қабатталып, ал кейде топталып та бірігеді, мысалы, шаш түбіріндегі бұлшық ет.
Көлденең жолақты бұлшықеттер – майда талшықтардан түзілген. Фибрилдер протоплазмадан және олардың шеттерінде шашыранды түрде ядро және сарколема деп аталатын қабықтардан түзіледі. Барлық бұлшық еттер сыртынан жұқа дәнекер ұлпалы шандыр қабықпен қапталады. Шандыр қабық кейде жұқа, кейде қалың болады. Шандыр қабық ішіндегі бұлшық еттер өздерінще жеке – жеке жиырыла алатын болады. Бұлшық еттердің түсі оның жұмысына қарай қызыл және боз болады. Егер бұлшық ет көп қызмет ететін болса, онда қан тамырлары көп болғандықтан бұлшық ет қызыл болады. Жас өскен сайын бұлшық еттің түсі қызыл түске өзгеріп отырады, ал жас балаларда, әсіресе жаңа туған балаларда бұлшық еттің түсі ақшыл болады. Өйткені ересек болған сайын, қимылдау жұмысының артуынан қызыл күрең бұлшық етке айналады. Бұлшық еттердің екі ұшы негізінде тарамыс сіңір арқылы сүйекке бекиді. Бұлшық ет үнемі сүйекке жабыса бермейді. Кейбір, бұлшық еттер екінші ұшы мен теріге де, сіңірге де, бұлшық етке де, шеміршекке де бекуі мүмкін. Оларға ымдау бұлшық еттерін мысалға алуға болады. Осыған орай бұлшық еттердің қайсысы болмасын, олар жиырылған кезде бір ұшы тұрақты қалады, оны бұлшық еттің басы дейді. Көп қозғалатын ұшынқұйрығы не ұшы дейді. Жиырылып не созылатын орталық жуан бөлігін бұлшық еттің қарны деп атайды. Негізінде бұлшық еттің көбі түзу болып тартылып жатады. Кейде бұлшық ет керіліп күмбезденіп те жатады. Мысалыға диафрагма бұлшық етін алуға болады.
Бұлшық еттердің пішіндері. Бұлшық еттердің пішіні мен көлемі және бұлшық ет талшықтарының бағыты оның атқаратын жұмысына тығыз байланысты. Оларды жай, күрделі және қауырсынды бұлшық еттер деп үш топқа бөлуге болады. Жай бұлшық еттеріне ұзын, қысқа, жалпақ, сақина тәрізді дөңгелек бұлшық еттері жатады. Ұзын бұлшық еттерінің қозғалыс күші, ал пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың орталығы жуан болып қарынға, ал екі ұшы жіңішкеріп тарамысқа не сіңірге айналады. Оның дистальды ұшын басы, ал проксимальды ұшын құйрығы дейді. Бұндай бұлшық еттер қол – аяқ мүшелерінде көп кездеседі. Қысқа бұлшық еттер тереңде орналасады. Олар омыртқа бағанасының бойында, омыртқа және қабыртқа аралығында жатады. Жалпақ бұлшық еттерге көбнесе тұлға бұлшық еттері жатады. Мысалы: құрсақ бұлшық еттері, арқа, көкірек бұлшық еттері. Жалпақ бұлшық еттер тек қана, әр түрлі қозғалыстармен шектелмей дене қуысының қабырғаларын құрайды. Жалпақ бұлшық еттердің сіңірлері жалпақ болып келеді. Оларды апоневроз деп атайды. Сақина тәрізді немесе шеңберлі бұлшық еттер денедегі табиғи тесіктердің айналасында орналасады. Мысалы: ауыз, көз, құлақ, тік ішектің сыртқы тесігі шеңберлі бұлшық еттердің жиырылуына тарылады. Сондықтан оларды қыспа бұлшық еттер деп атайды. Күрделі бұлшық еттерге екі басты, үш басты, төрт басты, екі қарынды немесе сіңірлі құйрықтары тармақтанып сүйектерге бекінетін бұлшық еттер жатады. Бұлардың ішінде көп басты бұлшық еттерінің басталуы бір сүйектің немесе екі сүйектің екі, үш, төрт жерінен басталып, бәріне ортақ бір қарын және бір құйрық түзеді. Кейде бұлшық еттің қарны тарамыс сіңір арқылы көлденең екіге бөлінуі мүмкін, оларды екі қарынды бұлшық еттер деп атайды. Кейде бұлшық ет қарны бірнеше көлденең тарамыспен бөлінеді. Бұған құрсақтың тік бұлшықеттерін мысал етуге болады. Бұлшықеттерде талшықтар бір – біріне қабат орналасатыны жоғарыда сөз болған. Кейде ұзын бұлшықеттің қысқа талшықтары қиғаш орналасуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет