«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет62/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   153
емдик беймделу дене тар

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________

28. Тақырып. Массаж жасағанда қойылатын талаптар.


Жоспар:
1.Массаж жасалатын адамға қойылатын талап.
2.Массаж жасаушыға қойылатын талап.
3.Массаж жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
Массаж жасау бөлмесіндегі санитарлы- эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау.
Массаж жасау бөлмесіндегі медициналық құжаттар. Мейірбикелердің кәсіптік ауруларының алдын алу
Әрбір терапевтік бөлімшенің кұрамында массаж жасау бөлмесі болады. Массаж жасау бөлмесі әртүрлі шараларды дайындауға және жүргізуге арналған. Бұл дәрілік заттарды көк тамырға ағынмен және тамшылатып енгізу, бұлшық еттік және тері астылық инъекциялар, қан тобы мен резус-факторды анықтау, клиникалық және биохимиялық анализдерге көк тамырдан қан алу, сондай-ақ бөлімше ерекшелігіне қарай диагностикалық және емдік шаралар (төс, өкпе қабы пункциясы және т.б.) жүргізіледі. Массаж жасау мейірбикесінің міндетін орындау үшін (штаттық кестеге байланысты) бөлімшенің аға мейірбикесі жалпы профильдік мейірбикелердің ішінен жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар жоғары маманданған немесе 3 деңгейлі колледжді оқып бітірген арнайы мейірбикені (3 жыл оқыған) таңдап алады. Бөлімше ерекшелігіне байланысты іс-шара бөлмесі кушеткамен, зарарсызданған үстелмен, (1 немесе 2), тамызғыштарға арналған штативпен, дәрілік заттар қоятын шыны шкафпен, қолдарды және кұрал-саймандарды жуатын колжуғышпен және т.б. жабдықталған. Қабырғалар мен еден жиі және мұқият санитарлық өңдеуге ыңғайлы материалдардан (кафель, майлы бояу) жасалуы керек. Массаж жасау бөлмесінде ауаны зарарсыздандыруға арналған бактерицидті шамдар міндетті түрде болуы керек.
Массаж жасау мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Массаж жасау бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Массаж жасау бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауга немесе бір реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды. Көп реттік құрал-саймандар залалсыздау алдында бір ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге жуылады. Содан кейін басқа ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге (хлораминнің 0,5% ерітіндісіне, хлорлы әктің 0,5% сұйық ерітіндісіне 30 - 60 минутқа немесе Дезэффектің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе Лшоформиннің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе нұсқауға сәйкес кез келген басқа зарарсыздандырғыш ерітіндіге) салып қойылады. Жууға арналған зарарсыздандырғыш ерітінділер кірлеуіне байланысты және осы ерітіндінің инструкцйясына сәйкес ауыстырылады. Салып қоюға арналған «Лизоформин», «Дезэффект» сияқты жаңа зарасыздандырғыш ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ кірлегенде ертерек ауыстырған жөн. Сондай-ақ жаңа ерітінділерді қолданған кезде жуатын ерітіндіні жеке дайындамауға болады.
Қолды өңдеу
Көрсеткіші: колғапты киюдің алдында немесе қолғапты шешкен соң, биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда (микробтық жұғуға қауіп төнгенде), иммунитеті төмен науқасқа күтім жасағанда.
Кажетті заттар: шаруа сабыны, секунды бар сағат, жылы су, заласызданған пинцет, мақта тампондары мен сулгілер, дез ерітіндісі бар ыдыс.
Кажетті жагдай: қолда жарақат болмауы тиіс. Қолдан сақинаны шешу, сағатты шешіп, халаттың білегін 2/3 түру, құбырды ашу, қолдың саусақтарын және саусақ аралығын, білектің 2/3 сабынмен ағынды суға 10 секунд бойы жуу, сүлгімен қолды кұрғату.
Казіргі кезде тәжірибемізде бір рет қолданатын кұрал жабдықтар (шприцтер, инелер, көк тамырға тамшылатып кұятын жүйе, ұштықтар) кеңінен қолданылады. Бір рет қолданатын кұрал жабдықтармен жұмыс істегенде оларды жоймастан бұрын арнайы дез ерітінділермен (жуу, сонан соң 30 - 60 минутка дез ерітіндіге салып кою) өңдеу қажет. Бір рет қолданатын құрал жабдықтар өңделгеннен соң іріктелінеді, жинақтап салып жойылуға жіберіледі. Көп қолданылатын құрал жабдықтармен жұмыс істегенде бірнеше ережелерді білу қажет. Барлық қанмен байланысты медициналық шараларды (көк тамырдан кан алу, көк тамырлық инъекция және құю), сондай-ақ қанмен байланыста болған құрал-саймандармен, шприцтермен, инелермен және т.б. жұмысты инвазивті зерттеу әдістерін мейірбике міндетті түрде қолғаппен жүргізуі керек. Бұл ережені орындау - қан аркылы берілетін аурулардың (ВИЧ-инфекция, В, С вирус гепатиттері және т.б.) негізгі алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Іс шараны орындап болган соң мейірбике міндетті:
І.Келесі көрсетілген ерітіндінің бірімен құрал жабдықтарды зарарсыздандыру:
3% Хлорамин ерітіндісіне- 60 мин экспозиция;
1,5 % кальций гипохлорид ерітіндісіне - 60 мин экспозиция;
4% сутек асқын тотығында -60 мин экспозиция.
2. Жұмыс үстелін іс шара аяқталған соң ыскышпен 3% хлорамин ерітіндісімен немесе көрсетілген ерітіндінің бірімен өңдеу қажет.
3. Дез ерітіндімен өңдеп болған соң резеңке қолғапты шешу керек.
4. Резеңке қолғапты дез ерітіндісі бар ыдысқа салу.
5. Халатты, масканы шешіп, кір салатын қапқа салу қажет.
6. Ағынды суға қолды 2 рет сабынмен жуып, бір рет қолданылатын сүлгімен кұрғату қажет.
Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы мейірбикенің киіміне және терісіне тиген кезде жасалынатын шаралар:
Былғанған киімді сыртқы жағын ішке қаратып шешу.
3% хлорамин ерітіндісіне - 1 сағатқа салып қою.
3% хлорамин ерітіндісіне батырылған сүлгіні киімнің былғанған жеріне 60 мин қойып, сонан соң ыстық сумен жуу керек.
70 % этил спиртіне батырылған тампонмен қан немесе биологиялық сұйықтык тиген жерді сүрту қажет.
Тампонды қолданғаннан кейін тастайтьш ыдысқа салу қажет.
Қолды сабынмен жуу керек.
Қан немесе биологиялық сұйықтық тиген жерді антисептикалық ерітіндіге батырылған тампонмен қайталап сүрту қажет.
Тампонды қолданғаннан кейін тастайтын ыдысқа салу қажет.
Инфицирленген құрал сайманмен қолды жарақаттап алғанда жасалынатын шаралар:
Әзірле: аптечка, залалсыздаған бинт, 2 лоток, залалсызданған корнцанг.
Қолғапты шешпей жарақатган қанды шығару, сонан соң резеңке қолғапты шешіп, 3% хлорамин ерітіндісі бар ыдысқа салу қажет.
Аптечкадан 70 % этил спиртін немесе 3% йод ерітіндісін шығару.
Жарақаттанган жерді 70 % этил спиртіне батырылған тампонмен өңдеп, тампонды қолданғаннан кейін тастайтын ыдысқа салу кажет.
Қанды тоқтатпай қолды сабынмен жуу керек.
Жарақаттанган жерді бактерицидті пластырмен еңдеу қажет.
Саусақты бактерицидті пластырмен таңып, резеңке саусақ қап киіп, сонан сон резенке қолғап кию керек.
Ем шара бөлмесінде кәсіптік жұғулардың алдын алу:
1. Жұмыс кезінде мүмкіндігінше бір рет қолданатын саймандарды қолдану.
2. Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы арқылы жұғатын жағдайлардағы ем шараларда қолғап, маска, клеенкалы алжапқыш кию және де жарақаттанған жер болатын болса лейкопластырмен таңылып, саусақ қап кию керек.
3. Щеткамен қолды жууға болмайды.
4. Медициналық құрал жабдықтарды және кан тиген заттарды жуу, реттеу үшін алдымен резеңке қолғаппен оларды дез ерітінділерге жуып алу қажет.
5. Жеке бас тазалық ережесін қатаң сақтау кажет. Әр бір іс шарадан кейін, сонымсн қатар парентеральді егулерде, қан алудан кейін ағынды суға қолды сабынмен 2 рет мұқият жуу қажет. Қолды жеке сүлгімен немесе бір рет қолданылатын сүлгімен сурту қажет.
6.Жұмыс орны жаңа дайындалған зарарсыздандырғыш ерітінділерімен қамтамасыз етілуі қажет. Жұмыс үстелінің бетін жұмыс соңында 3% хлорамин ерітіндісімен өңдеу қажет.
7. Емшара бөлмесінде аптечка болуы керек.
8. Зертханаға жазылған жолдама пробиркадағы қанға тигізбей, пробирканың сыртқы жағына жабыстыру қажет.
9. Созылмалы В гепатитпен сырқаттанатын науқастардан және НвsАg тасмалдаушылардан анализ үшін алынған қаны бар пробирканы міндетгі түрде белгілеу.
10. Кәсіптік қызметінде қанмен байланыста болған медицина қызметкерлері жұмысқа түсер алдында және жұмыс істеп жүріп жылына бір рет НвsАg -ны анықтау үшін тексеруден өтеді. НвsАg анықталған жағдайда дәрігер-инфекционист терең клиникалық зерттеуден өткізеді. Нвs-антигені бар медицина қызметкерлері қанды құю, қайта өңдеу жұмыстарынан аластатылады.
11.ВИЧ инфекциясының қаупі бар биологиялық сұйықтықпен жұмыс істегенде абай болу керек:
- қан және оның құраушылары: ми-жұлын сұйықтығы, амниотикалык сүйықтык, ү.рыктык сұйықтык:
- сүт, қынаптық сұйықтық, зәр, сілекей, без сұйықтық, нәжіс, асқазан сөлі.
Дәрілік заттарды парентералды енгізу жолдарыДәрілік заттарды инъекциялық (лат. Injectio - дәрі жіберу) жолмен парентеральды (асқазан-ішек жолдарына соқпай) енгізуге болады. Инъекциялар - дәрілік заттарды ағзаның әртүрлі ортасына қысыммен арнайы басып енгізу. Инъекцияны тіндерге (теріге, тері асты шел қабатына, бұлшық етке, сүйекке); тамырға (көк тамырға, артерияға, лимфатикалық тамырларға); қуыстарға (іш, плевра, жүрек, суйек). Егер орталық нерв жүйесінде препараттың жоғары мөлшері қажет болса, жұлындық (субдуральды, субарахноидальды) енгізу қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет