Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№10. Тақырып.. Максимал қарқынды сынамалар.
Жоспар:
1. Оттегін тұтыну шегі (ОТШ) – денсаулықтың, аэробты жалпы жұмыс қабілетінің көрсеткіштері.
2. ОТШ анықтаудың тура және жанама тәсілдері.
3. Сынама нәтижесін спорттық машықтандыру процесін тиімдеуде қолдану принциптері
Сынауды таңертеңгі уақытта, аш қарынға немесе жеңіл тағам ғана ішкеннен кейін өткізген жөн. Сынау алдында ауыр жұмыс орындауға болмайды. Ең дұрысы – 1-2 сағат дұрыс деғм алу. Сынауға түсетін адамдар алдын ала дәрігерлік бақылаудан өтіп, рұқсат алулары керек. Сынау кезінде медицина қызметкерлерінің болғаны дұрыс. Тұмау – сүзек, дененің ыстығы 37,5 0 - тан С жоғары, ТСЖ минутына 100 реттен көп адамдарды сынауға болмайды. Сынау барысында спортшының өңі бозарып, басы айналып, тамыр соғу жиілігі мен қан қысымы мөлщерден асып кетсе, немесе электрокардиограммада жағымсыз өзгерістер пайда болса жұмысты ары қарай орындауға болмайды.
Сынама жүктемелерін велоэргонометрде, тредбанда /қозғалмалы таспалы жол/ немесе сатыға көтеріліп – түсу арқылы мөлшерлеуге болады. Кейбір қарапайым сынамаларда белгілі бір ырғақпен отырып- тұру, жүгіру, секіру сияқты жаттығулар қолданады. Арнайы спорттық жұмыс қабілетін анықтау үшін әр спорт түріне лайықты жаттығуларды беруге болады. Ең бастысы: қандай жаттығу берілсе де, оның мөлшерін тура белгілеп, сынау тәсілінің негізгі қағидаларын сақтау. Спорттық медицинада қолданылатын сынамалар түрлері көп. Оларды белгілі бір ерекшеліктері бойынша топтастырып, жіктеуге де болады. 1.Сынамадағы сыртқы әсерлердің түріне байланысты жіктеу.
2.Мөлшерлі қара жұмыс орындауға негізделген сынамалар.
Мортино сынамасы – 30 секунд ішінде 20 рет отырып тұру: ГЦИФК сынамасы- 3секундта 60рет секіру, С.П.Летунов сынамасы – үш түрлі жаттығуды /30 секундта 20 рет отырып тұру. 15 секундтық жылдам жүгіру және минутына 160-180 қадам жылдамдықпен жүгіру/ арасында 3-5минуттық демалыспен орындау: гарвард сынамасы – белгілі бір биіктікке мөлшерлі ырғақпен мерзімді уақытта көтеріліп түсу; PWC 170 – тамыр соғу жиілігін минутына 170 ретке жеткізетін жұмыс мөлшерін анықтау т.б.
1. Жоғарыда көрсетілген сынамаларда біртекті, стандарт жаттығулар орындалады, арнайы жұмысқабілетін бағалау үшін әр спорт түріне лайықты жаттығу берілген дұрыс, мысалы: боксшыларға көленкемен сайысу, күрескерлерге – тұлыпты лақтыру т.б.
2. Дененің кеңістіктегі қалпын өзгертуге негізделген сынамалар эртостатикалық, клипостатикалық, климостатикалық сынамалар және центрфугада айналу, салмақсыздық тудыратын жағдайларда сынау т.б. Бұл сынамалар дененің кеңістікте қозғалуына байланысты қан айналымның өзгеру дәрежесін анықтап, күрделі қимыл орындаған кезде вегетативті жүйке жүйесінің ішкі ағзалардың қарым – қатынастық қызметтерін реттеу мүмкіншілігін бағалауға арналған.
3. Гипоксемиялық сынамалар. Гипоксемиялық гипоксия деп өкпенің алвеоллалары арқылы қанға оттегінің түсуінің қиындауынан пайда болатын өзгерістерді айтады. Гипоксемиялық гипоксия қарқынды жаттығулар барысында, әсіресе жаттығу сабақтары мен жарыстар таулы жерде өткізілген кездерде дамиды. Бұл жағдайларда спортшының оттегінің тапшылығына төзімділігін анықтап, оны арттыру мақсатымен гипоксиялық сынамалар қолданады.Ол үшін спортшы газдың құрамы өзгертілген ауамен дем алады немесе жабық кеңістікте, барокамерада жаттығулар орындайды. Мұндай төзімділікті уақытша дем алуды тоқтатуға негізделген Штанге, Генче сынамалары арқылы да жобалауға болады.
4.Күшті нығыздауға негізделген сынамалар ауыр салмақ не бар күшті жұмсай орындалатын жаттығулар кезінде спортшының қан айналым реттеу қабілетін анықтау үшін қолданады.. Бұл топқа Вальсальва, Бюгер, Флек сынамалары жатады. Жоғарыда көрсетілген сынамалар мен қатар спорттық медицинада дәрі- дәрмектер, ыстық- суықтық, тағам әсерлері де қолданады.
ІІ. Қолданатын жүктемелердің қарқынына сәйкес барынша жоғары, не максимал, субмаксимал /ТСЖ шамамен мин 145-170 рет/ жоғары, орташа және төмен қарқынды сынамалар бар. Барынша жоғары қарқынды сынамаға оттегін тұтыну шегін ӨТШ анықтау, субмаксималдыға – Гарвард. PWC 170 сынамалары, орташа қарқындарға –С.П.летунов, төменгі қарқындыға Мартинэ сынамасы жатады, қай жағдайда қандай қарқынды сынама берузерттелуші адамның қызметтік мүмкіншілігіне, жасына, машықтық дәрежесіне, денсаулығына т.б. өзіндік ерекшелігіне байланысты, әйтпесе сынау нәтежесі дұрыс болмауы мүмкін, оған қоса зорығу қаупі барын да ұмытпаған жөн.
Оттегін тұтыну шегін /ӨТШ/ анықтау.
Бұл сынама ең жоғарғы қарқынды жұмыс істеуге негізделген, жұмыс қарқыны зерттелушінің қызметтік мүмкіншілігіне тен немесе одан сәл жоғары болып келуі керек, ӨТШ жалпы аэробты жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіші, оның ең жоғарғы мөлшері төзімділікті талап ететін спорт түрлерінде қалыптасады. Сонымен қатар ӨТШ денсаулықтың да көрсеткіші болып табылады. ӨТШ тура және жанама әдістермен анықтауға болады, тура әдіс қуаттылығы біртіндеп өсетін жұмысты шаршап қалжырағанға дейін орындауға негізделген, жұмыс велоэргонометрде немесе қозғалмалы таспалы жолда орындалады, алдымен зерттелуші тегеуріні ең жоғары қарқында жүктеменің жартысына тең жұмысты 5-10 мин орындап, негізгі сынамаға дайындалады, Содан кейін әрбір 3 минут сайын жұмыс қарқыны минутына 300-400 кг өсіп отырады. Жұмыстың әр сатысында дем алғандағы шаққан ауаны Дуглас қабына жинап, газ анықтамалық құралмен әр сатыда тұтынылған оттегі мөлшерін анықтайды. Жұмыс әбден шаршап қалжырағанға дейін орындалады. ӨТШ жүктемені орындауға қатысқан бұлшық еттердің көлеміне байланысты, егержүктеме қолмен ғана орындалса, ӨТШ төмен болады. Ең жоғары шегі велоэргометр мен жылжымалы таспалы жолда ғана анықталады. Тура тәсілде зерттелуші шаршағандықтан жұмысты ертерек аяқтаушы мүмкін.Сондықтан ӨТШ сенімді белгілерін анықтаған жөн. Олар оттегін тұтынудың өсу бағытын сипаттайтын қисық сызықтың әрі қарай өсуін тоқтатып, көлденең бағыт алуы, қандағы сүт қышқылының мөлшері 70-80мг% / 1 литрде 8-10мг – жоғары / ЖСЖ минутына 185-200 рет, тыныс коэфициенті 1,0- ден көп болуы. ӨТШ анықтаудың тура әдісінде зорығу қаупі бар, оның үстіне спортшылардың 6% соңына шыдай алмайды, сондықтан ӨТШ анықтаудың жанама әдістерін қолданған дұрыс.Астранд пен Роминг жанама тәсілі. Бұл әдістеме зерттелуші велоэргонометрдемөлшерлі бір дүркін жұмыс орындайды. Велоэргонометрдің орнына 40см /ер адамдар үшін/ және 33см /әйелдер үшін/ сатыға түсіп- көтерілудің қолдануға болады, 5 минуттық жұмыстан соң ТСЖ минутына 140реттен төмен болмауы керек /тиімдісі-140-165рет/Тамыр соғу жиілігін, орындаған жұмыс қуатын, зерттелушінің жасын ескере отырып, арнайы қисық сызық /номограмма/ арқылы ӨТШ хабарланады, ӨТШ анықтаудың жанама әдісінің бірі PWC170 мөлшерін қолдану. Ол үшін арнайы формулалар пайдалананады, машықтық дәрежесі төмен және жылдамдықпен күшке негізделген спорт түрлерімен шұғылданушылар үшін қолданатын формула: ӨТШ PWC 170 + 1240, мұнда ӨТШ 1минуттағы литр көлемінде белгіленеді.PWC 170 –минуттағы кгм/мин мөлшері. Жоғары дәрежелі спортшылар үшін: ӨТШ = 2,2 – PWC 170 +1070 ӨТШ Добельи формуласы арқылы да анықтауға болады: ӨТШ = 1,89√(W/(f-60)•e-0.000824 •Т,) мұнда
W – кгм/мин мөлшерімен берілген жұмыс f – сынама кезінде ТСЖ, Т- зерттелушінің жасы. Е- логорифмнің негізі.
Боксшылар нокаут алғаннаң кейін жаттығуға бір айдан кейін кірісе алады. Екі рет нокаут алған ересек бокссрлер жаттығуға 3 айдан кейін, ал үш рет нокаут алған боксерлер тек 1 жылдан кейін ғаіна жаттығуға рұқсат алады.
Нокауттың болдырмау жолы боксшының шеберлігіне, оның қорғану әдістерін ұйымдастыра білу қабілетіне, төрешілердің боксты уақтылы тоқтату және оның әділ қазылық жасай алу дәрежесіне байланысты.
Мидың жарақаттануының алдын алу үшін, оньщ себептерін жөте зерттеу, емдеу шаралрын уақтылы және жетклікті дәрежеде өткізу керек. Жұлынның жарақаттануы шайқалу, соғылу, қысылу, қан кету, үзілу және жыртылу түрінде жүреді.
Жұлынның зақымдануы омыртқа жотасының шамадан тыс иілуінен немесе жазылуынан туады, Жұлынның қысылуы немесе үзілуі омыртқа жотасының сүйектерінің сынуынан туады.
Жұлынның шайқалған жағдайында оған қан кетіп, ісінуі мүмкін. Осыған байланысты аяқ пен қолда терінің, бұлшық еттердің сезімталдығы кемін, жамбасқа орналасқан органдардың жұмысы нашарлайды. Ол белгілер жарақаттан соң бірден пайда болып, 1-3 аптада толық қалыпқа келеді.
Жұлынның соғылуынаң қан кетіп, ісініп, нерв тканінің кейбір жерлері жұмсарады. Осы жағдайда сал болу, жансыздану, зәрдің және үлкен дәреттің тоқтауы сияқты белгілер көрініс береді. Жарақаттын дәрежесіне байланысты осы белгілер жоқ болъіп кетуі немесе өмір бойы қалып кетуі мүмкін.
Жұлынның жаншылуы омыртқа сүйектерінің сынуынан немесе жұлын қабына қан кетуінен шығады. Одан аяқ пен қолда жансыздану пайда болып, жамбаста орналасқан органдардың жұмысы толық істен шығады. Жұлынның ұзак уакыт жаншылуы қалыпқа келмейтін өзгеріске ұшыратады. Омыртканың бітеу сынықтары мен шығуы жұлынның ырғылуына немесе толық үзілуіне себеп болады. Оған байланысты аяқ пен қол толық сал болады, сезімталдығы төмендейді, теріде ісіктер мен іріңді жаралр пайда болады.
Нервтердің шамадан тыс созылуы гимнастикамен айналысушыларда, акробаттарда, Жеңіл атлеттерде кездеседі. Нервтің шамадан тыс созылуынан қатты сыздаған ауыру шығады да, ұзақ уакыт кетпейді. Сонымен қатар бұлшық еттердің сезімталдығы төмендеп, куатының азаюы мүмкін.
Бірінші көмек Хлоэтил себу, новокаин қолдану керек. Емдеу барысында ионофорез, УВЧ, 5-6 күннен кейін уқалау және дене тәрбиесі жаттығуларын жүргізеді.
Қатты соққыдан қабырғалардың, төстің, жамбастың, сүйектерінің сынуына байланысты бауыр, көк бауыр, ішектер, күрек, өкпелер. Өкпе қабыршағы, бүйректер, қуық зақымдануы мүмкін. Ішкі органдар оң қабырғадан қатты ұрғанда, міктіктен кұлағанда, омыртқа жотасы менкабырғаңың қайта байланысты жарақаттанады. Осындай жарақаттан адамның есінен тануымен жалғасуы мүмкін. Әдеттіде, жарақаттанғаннан кейін іштің қуысына кан көтеді. Ол сұп сұр болып, есінен айырыла бастайды. Тамырдың соғысы кылдамдап, қысымы төмендеп, іштің бұлшық еттері қатты киырылады.
Кейбір жағдайда іштің кабыршағы қабынады (неритон). Ол өте кауіпті асқынуға жатады.
Ауруды шалқасынан жатқызын, ішіне мұз немесе мұздай су кояды. Жедел жәрдем шақырып, хирургиялық бөлімге жеткізеді.
Жүректің: зақымдануы спортта өте сирек кездеседі, Ол шпага мең рапираны колданып сайысқанда пайда болуы мүмкін.
Егер ауру бірден өлп кетпесе, оны отгерадия жасау үшін ауруханаға жеткізеді. Өкпе мен оның қабыршағының закымдануы кеуденің соғылуынан (биіктен құлау, суға ұпыла құлау), қысымға ұшырауынан, кабырға мен тәстің сынуынан, сайысатын карумен және найзамен жарақаттануынан туады.
Өкпе кабыншағынын бітеу жарақаты сынған қабырғаның әсерінен шығады. Өтер, сонымен қатар қан тамырлары жарақаттанса кеуде куысына қан көтеді. Оны гематоркс деп атайды. Кеткен қаннын көлемі шамалы болса тыныс жүйесінің жұтысы өзгере коймайды. Өкпе мен оның қабыршағы жарақаттанған жағдайда тыныс жүйесінен қанды қакырық түседі. Ал, кеудедегі ірі қан тамыры жарақаттанса тыныс жүйесінен қан кетеді.
Осыған байланысты гемоторакс көлемді болады (1000- 1500).
Кеуденің ашык жарақатынан кеуде қуысына ауа кіреді. Оны пневмоторакс деп атайды. Ол ашык, бітеу және клапанды пневмоторакс деп бөлінеді.
Ашық пневмоторакс дегеніміз — сырткы орта мен кеуде қуысынның арасында тесік пайда болып, кеуде куысына ауа кіруі.
Ал, клапанды пневмоторакска байланысты кеуде қуысына тесік арқылы ауа кіреді де ондағы ткандардан пайда болған клапанға байланысты кайта- шыға алмайды.
Кеуденің жарақатын бинтпен ауа-кемейтін етіп таңады да, ауруханаға тез жеткізеді. Бүйрек пен қуыктың жарақаттануы белдің тусынан және іштің төменгі жағынан қатты соғудан туады. Бүйректің жарақатынан шоқ зәрде қан (гематурия) немесе бүйректің жанында канның ұйындысы пайда болуы мүмкін.
Сонымен қатар, буйректің кан тамырларынан кан көтеді, зәр шыкпайды және бел катты сыздайды.
Қуық жыртылған кезде ауру есінен таиып, ақкан зәр қуықты қоршаған ткандарға сініп, қуыстарға жайылады.
Бірінші көмек: жарақат алған жерге суық су мұз қояды. Ауруды тез арада ауруханаға жеткізеді.
Мұрынның закымдануына қолмен ұру, баспен соғу, доптың тиюі, бетімен құлау себеп болады. Мұрынның закымдануынан одан қан көтеді, сүйектері мен шеміршектері сынады. Мұрын сүйектерінің сынуынан ол ішке кіріп көтеді.
Мұрынның зақымдарынан кеткен қанды тоқтатады. Ол үшін зақымданған жерге мұздай су, мұз қояды. Одан тоқтамаған жағдайда, мұрын куысына 3 проценттік сутегі тотығының ертіндісіне малынған томпон кояды.
Құлақтың қалқанының зақымдануы боксшылар мен күрескерлерде кездеседі. Қөбінесе құлақтың қалқаны жыртылады. Кейбір жағдайда онда гематома пайда болады. Құлақ калканы жыртылған кезде оны тігеді.
Тістің зақымдануы көбінесе боксшыларда. футболшыларда. хоккейшілерде және спорттык гимнастикада кездеседі.
Бірнеше тісінен айырылған спортшыны тез стомотологқа жіберу керек.
Боксшыларда тістің эмалі жарылу мүмкін. Оның алдын алу үшін арнайы резинкаларды қолданады.
Көздің зақымдануы доптың тиуінен, жұдырықтаудан, шайбадан, сайыс қаруларының тиюінен пайда болады. Қабақтың астына,көздің ағына қан кетумен қатар, көздің қарашығына да қан кетуі мүмкін. Одан көздің көру қасиеті төмендейді
Көздің кез келген зақымын көздің дәрігеріне көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |