Дене шынықтыру және спорт туралы



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі405.37 Kb.
#21997
1   2   3

              қамтамасыз ету

      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi заңды тұлғалармен бiрлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келiсiм-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi отандық және шетелдiк мамандарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.


      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10.  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      21-бап. Спорт резервiн даярлау

      1. Спорт резервiн даярлау оқу-жаттығу процесi кезеңiнде оқу-жаттығу бағдарламаларының және оқу жоспарларының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Оқу-жаттығу процесi спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдерiне бөлiнедi:
      1) спорттық-сауықтыру;
      2) бастапқы даярлық
      3) оқу-жаттығу;
      4) спорт шеберлiгiн жетiлдiру;
      5) жоғары спорт шеберлiгi.
      2. Оқу-жаттығу процесiн ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық iс-шараларды өткiзудi, спортшыларға медициналық қызмет көрсетудi, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық iс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етудi қамтиды.
      3. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспiрiмдер спорт ұйымдарында жүргiзiледi.
      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.10. N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер


              мен құралдар

      1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:


      Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялар және республикалық қоғамдық бiрлестiктер тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;
      қандай түрдегi болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады.
      2.<*>
      Ескерту. 22-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471, 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       22-1-бап. Спорттық сыныптама

      1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бередi.
      Жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.

      2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:

      1) спорттық атақтар:
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы;
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы;
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
      Қазақстан Республикасының спорт шеберi;

      2) спорттық разрядтар:


      Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгiне кандидат;
      1-разрядты спортшы;
      2-разрядты спортшы;
      3-разрядты спортшы;
      жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;
      жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;
      жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.

      3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:


      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.

      4. Жаттықтырушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:


      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.

      5. Спорт төрешiлерiне мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:


      жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;
      ұлттық спорт төрешiсi;
      бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
      спорт төрешiсi.
      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз) Заңдарымен.

4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару

      22-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң дене


                шынықтыру және спорт саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1) спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесiн бекiтедi; .V042730
      2) спорттық iс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерiн бекiтедi;
      3) республикалық спорттық iс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегерлерiн және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн көтермелеу мөлшерлерiн бекiтедi;
      4) еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлемақы төлеу ережесiн бекiтедi;
      5) Президенттiк тестiлердi өткiзу ережесiн бекiтедi.
      Ескерту. 22-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10.  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi


               органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:


      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк басқару, үйлестiру және мемлекеттiк бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      2) дене шынықтыру және спорт мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      3) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзедi;
      4) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
      6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн дене шынықтыру мен спорт практикасын енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
      8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
      9) спорт ғимараттарын салуға арналған жобалық құжаттаманы келiседi және спорт құрал-сайманын шығару кезiнде әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      10) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;
      11) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеуге және оларды iске асыруға қатысады;
      12) өз құзыретi шегiнде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзiрлейдi, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкiлдiк етедi;
      13) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiн, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызмет көрсетумен байланысты спорт түрлерi бойынша республикалық және өңiрлiк қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн лицензиялауды жүзеге асырады;
      14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы, "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;
      14-1) спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеудi жүзеге асырады;
      15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерiн әзiрлейдi;
      16) тұрғын аудандардың, әкiмшiлiк үйлердiң, мектеп жасына дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негiзiнде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерiн әзiрлейдi;
      17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерiн, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөнiндегi нормативтердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;
      19) спорт жарыстарын өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын қолдану тәртiбiн айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат бередi;
      20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртiбiн айқындайды;
      21) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiтедi;
      22) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiтедi;
      23) спорт түрлерi бойынша жарыстардың ережесiн бекiтедi;
      24) Спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) ауысуы туралы ереженi бекiтедi;
      25) дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспiрiмдер спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесiнiң кезеңдерiн бекiтедi;
      26) спорт түрлерi бойынша бас және мемлекеттiк жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      27) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.04. N 471, өзгерту енгiзiлдi - 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17  N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру


                 және спорт мәселелерi жөнiндегi құзыретi

      1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:


      1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
      2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;
      3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
      5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;
      7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
      9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;
      13) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметiн жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бiрiншi, екiншi және үшiншi санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi жеке және заңды тұлғалардың, спорт түрлерi бойынша жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн лицензиялауды жүзеге асырады;
      14) емдiк дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi.
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
      1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
      2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;
      3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
      5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
      7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
      8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi.
      3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi, сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жерiнде және жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшiн жағдайлар жасайды.
      Ескерту. Заң 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.04. N 471, жаңа редакцияда - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      24-бап. Спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер

      1. Қазақстан Республикасында спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс iстейдi.

      2. Спорттың әрбiр түрi бойынша тек бiр республикалық қоғамдық бiрлестiк аккредиттелуi мүмкiн, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бiрлестiктерге қатысушы болуы мүмкiн.      

      3. Спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның iшiнде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырады.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471, өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн


                көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      1. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметi, бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, лицензиялауға жатады.

      2. Алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 24-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471, өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      24-2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы


                мемлекеттiк бақылау

      1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк бақылауды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырады..V095788

      2. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      3. Дене шынықтыру саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

      4. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 24-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

    5-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру,


материалдық-техникалық жағынан және кадрлармен
қамтамасыз ету

      25-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерi

      1. Дене шынықтыруды және спортты қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      2. <*>
      3. <*>
      4. <*>     

      5. Халықаралық жарыстарға әзiрлену кезеңiнде және оларға қатысу кезiнде Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелерi тегiн медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен қамтамасыз етiледi.

      6. Алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы


              демеушiлiк және кәсiпкерлiк қызмет

      1. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, командаларының немесе спорт шараларының демеушiлерi бола алады. Демеушiлер мен дене шынықтыру-спорт ұйымдары, командалар, шараларды ұйымдастырушылар) арасындағы қатынастар шарт негiзiнде белгiленедi. Демеушiлер спорт шараларын қаржыландыра отырып, оларды демеушiлердiң немесе олардың өнiмдерiнiң белгiсiмен (эмблемасымен) өткiзу құқығына ие болады.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарына және жеке адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы, дене шынықтыру-спорт тауарлары мен iлеспе тауарлар шығаруы, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметiне пайдалануы мүмкiн. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң эмблемалары мен атаулы нышандары олардың меншiгi болып табылады және олардың келiсiмiмен ғана пайдаланылуы мүмкiн.

      3. Мемлекет материалдық-спорт базасын кеңейту, сондай-ақ спортшыларды, осы саланың мамандарын, дене шынықтыру-спорт қызметiнiң басқа да субъектiлерiн моральдық және материалдық жағынан көтермелеу арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытуды ынталандырып отырады.


      Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз) Заңдарымен.

      27-бап. Спорт ғимараттары

      1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлерiнен құралады.       

      2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жердi ағымдағы игеру және келешектегi резервте ұстау үшiн нормативтiк бөлу арқылы анықтауы мүмкiн.


      Тұрғын үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.

      3. Қамтамасыз ету нормативтерiнде, құрылыс нормалары мен ережелерiнде көзделген спорт ғимараттарынсыз тұрғын үйлер алабын, әкiмшiлiк, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының үйлерiн салуға жол берiлмейдi.

      4. Мемлекеттiк меншiктегi дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарды, соларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарын құрмай жоюға, олардың нысаналы және функционалдық мақсаттарын өзгертуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10.  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет