Денсаулық капиталының экономикалық және әлеуметтік-мәдени шарттастығы



Дата24.02.2016
өлшемі76.78 Kb.
#16046
Денсаулық капиталының экономикалық және әлеуметтік-мәдени шарттастығы

Бейсалиева Айнур

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

мамандық «экономика»




Өркениетті дамудың векторы ретінде ғылымды ізгілендіру, адамға және оның өмір сапасына деген назары – осының барлығы қоғамның денсаулық мәселесін мемлекеттік саясат деңгейінде, сонымен қатар адамдардың өмірлік стратегиясы деңгейінде өзектілігін туындатады. Өркениетті ұлт – дені сау ұлт. АҚШ-та 1972 жылы тиімді профикалактикалық бағдарлама жыл сайын 400 мың адам өмірін құтқарып алуға, 6 млн. адам өмірін сақтап қалуға және 50 млрд. долларды үнемдеп қалуға мүмкіндік беретіндігін есептеген. Қоғам денсаулығын қорғау жүйесін жетілген деңгейге дейін дамуға көптеген елдер үздіксіз талпыныс жасайды.

Қоғамдық денсаулықты популяцияның демографиялық дамуын, барынша өмір сүру ұзақтылығын, биологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың, қоғам өмірінің жағдайлары әсерлерінің жиынтығы кезінде қалыптасатын көптеген тұрғындардың еңбек белсенділігін қамтамасыз ететін популяция ерекшеліктері ретінде анықтауға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (одан ары ДДСҰ) пікірінше, қоғам денсаулығы ұлттық қауіпсіздіктің ресурсы болып табылады. ДДСҰ мамандарымен мемлекеттің жалпы контекстінің сипаттамасын немесе белгілі бір аумақтық адамдар қауымдастығының сипаттамасын (мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси), сондай-ақ адамның белгілі бір әлеуметтік-құрылымдық топқа жатуына байланысты жеке болжамдарды қосатын денсаулықты қалыптастыру механизмінің көп деңгейлі моделін дайындады. Тиісінше, қоғамдық денсаулықты әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының, соның ішінде экономика ғылымының объектілері болып табылатын пәнаралық мәселе ретінде айқындауға болады. Қоғам денсаулығының жағдайы барынша жақсы болған сайын, соғұрлым мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың 52-сессиясында «...денсаулықтың барлық негізгі детерминанттары әлеуметтік-экономикалық факторлармен байланысты. Денсаулық жағдайы мен жұмысбастылық, табыс деңгейі, әлеуметтік қорғаныс арасындағы, тұрғын үй жағдайлары мен білім беру арасындағы байланыстар барлық еуропалық мемлекетттерде байқалған» деп баяндалды [5]. Осының барлығы қоғамдық денсаулықты экономика тұрғысынан қарауға және ғылымда жаңа бағыттың – денсаулық экономикасы туралы сөз айтуға негіз береді.

Денсаулық экономикасы экономикалық өсудің құраушысының бірі ретінде қоғамдық және жеке денсаулықты қарастырады, тиісінше мемлекеттің тұрақты дамуын да қарастырады. Халық денсаулығына олардың табыстары, тамақтану деңгейі мен сапасы, тұрғын үй шарттарының жағдайы, еңбек жағдайлары, демалысты ұйымдастыру деңгейі, денсаулық сақтау жағдайы әсер етеді.

Денсаулықтың әлеуметтік-экономикалық аспектілерін талдауға 1664 жылы дені сау жұмысшылардың тиімділігін есептеген белгілі политэконом У.Петти бет бұрды. Олардың әрқайсысы 69 фунт стерлинг табыс табады деп болжап, ол былай жазды: «...оба індетінен қарапайым өлу жағдайларынан жоғары 100 мың адамның өлімі корольдікке 7 млн. фунт стерлингке жуық шығынды білдіреді, тиісінше, осының алдын алу 70 мың фунт стерлингті жұмсаған тиімдірек екендігін білдіреді, яғни шығындардан жүз есе аз» [2].

Т. Мальтус XVIII ғасырдың соңында мынадай заңдылық ашты: халық саны көп болған сайын, оның денсаулығы соғұрлым төмен болады. Өзінің еңбегінде: «...кедейшілік пен жоқшылық демография заңдарымен байланысты, ал «денсаулық, мықты халық», оның өсуі қоғамдық құрылымның және қайырымдылықтың жақсаруына үміттермен байланысты» [3].

А. Смит ақылмен ұйымдастырылған еңбек, жұмысшының жеткілікті табысы мен денсаулық деңгейі арасындағы заңдылықты жан-жақты сипаттады. А. Смит дерттер мен өлімдердің арту жылдарын «қымбатшылық» арту уақытымен байланыстырды, бұл еңбек өнімділігінің төмендеуін «тудырмай қоймады».

К. Маркс «Капиталдың» І және ІІІ томдарында жұмыс уақытының ұзақтылығын, бір жағынан, жұмысшының «белсенді өмір сүру үдерісінің» жағдайлары арасындағы , ал екінші жағынан, жұмысшының «белсенді өмір сүру үдерісінің ұзақтылығы арасындағы себеп-салдарлы байланыстарын негіздеді. Оның пікірінше, «...ұзақтылығы 12 сағаттан асқан еңбек жұмысшының денсаулығына зиян келтіру, ерте қартаю және жастай өлу қарқынына ие» [3].

Г. Беккер, денсаулық капиталына инвестиция мен адам капиталының басқа нысандары инвестициялары арасындағы тікелей аналогиясын келтіре отырып, адам капиталына, денсаулыққа инвестициялардың теориялық моделін әзірледі [4]. Адам капиталына, денсаулыққа инвестиция туралы Г. Беккердің одан ары идеясын денсаулық капиталының неоклассикалық теориясын М. Гроссман дамытты. М. Гроссман денсаулық капиталын денсаулық иесіне «өзінің адам капиталын ұзағырақ «өзінің мақсаты бойынша қолдануға» мүмкіндік беретін актив ретінде түсіндірді [6]. Бұл зерттеудің тарихи-танымдық идеясының мәні денсаулық капиталының келесідей негізгі ерекшеліктері мен белгілері қолданылатындығында:

1. Денсаулық капиталы адам капиталы үшін негіз болып табылады. Денсаулыққа, ауру мен өлімді қысқартуға, адам ағзасына тозуын төмендетуге себін тигізетін оның қорғанысына инвестициялар адамның еңбекке қабілетті өмірін, тиісінше, адам капиталының қызмет ету уақытын ұзартады.

2. Денсаулық капиталы ұлттық мақтаныш болып табылады, өйткені ол қоғамдық еңбек өнімділігіне, тиісінше, қоғамның экономикалық даму динамикасына елеулі әсерін тигізеді.

3. Капитал ретіндегі адам денсаулығы оның иесіне әп-сәттік немесе жылдам табыс алып келмейді және көп жағдайда ағымдағы қажеттіліктер зарарына едәуір көлемдегі құралды жұмсауды қажет етеді.

4.Денсаулық капиталы екі жақты сипатқа ие. Ол бір уақытта резерв негізінде өндірілетін игіліктер, ал оның негізінде игіліктерге өндірілетін ресурс болып табылады. Денсаулық капиталы – ұзақ мерзімді игілік, бірақ физикалық және моральдық тозу тұрғысында пайдалануы шектелген.

5. Адам капиталы білім беруге қарағанда қысқа уақытта ие болуға немесе қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Сонымен қатар, адамның өмір бойы жинақталған денсаулық капиталы төтенше оқиға салдарынан әп-сәтте құртылуы мүмкін.

6. Адам денсаулығы оны іске асырмаса да, яғни қызметпен айналыспаса да, адам капиталы болып қала береді. Сол уақытта экономикалық ғылым тұрғысынан білім беру адам капиталы болып саналмайды, егер ол оған табыс алып келмесе.

7. Капитал ретіндегі денсаулық құнсыздануға жатпайды. Денсаулық жүдеуі, таусылуы мүмкін, бірақ адам үшін өз құндылықтарын жоғалтпайды. Сол уақытта адаммен алынған білім адамның өмір сүру уақыты мен орнына байланысты өзінің құндылығын жоғалтуы мүмкін.

8. Денсаулық капиталы – жоғары деңгейде адамның жеке жауапкершілігінің аясы. Мемлекет денсаулық сақтау органдары түрінде адамның денсаулық капиталын қалыптастыруға көмек беруі тиіс, бірақ оған демеу көрсетуге толық жауапкершілігін алмауы керек.

9. Денсаулық капиталының сапасы көп жағдайда адам капиталын тасымалдаушының өмір сүру дәстүрін: әлеуметтік, экономикалық және еңбектің белсенділік деңгейін, көші-қон қозғалыс деңгейін, мәдениеттің, ғылымның, техника мен технологияның заманауи жетістіктеріне қатысу, бос уақытты өткізу мен демалысты өткізу сипаттамасын анықтайды.

Сонымен, қоғамдық денсаулық көрсеткіштері мемлекеттің тұрақты даму келешегін бағалау үшін өте көрнекі, себебі адам капиталының сапасы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының кез келген бағдарламасын іске асырудың табыстылығын анықтайды. Тұрақты даму өндірістің тоқтаусыз өсуіне, бақылаусыз табиғатты пайдалану, шексіз антропологиялық экспансияның баламасы секілді. Тұрақты даму мемлекет пен қоғамның өркениеттілік деңгейінің негізгі көрсеткіштері болып табылады.

Жоғарыда аталып өткендей, адам капиталы - жоғары деңгейде адамның жеке жауапкершілігінің аясы. ДДСҰ деректері бойынша, адам денсаулығы денсаулық сақтау жүйесіне 10%-ға, ал адамның қоршаған ортасы әсерінен қалыптасатын өмір сүру дәсітүріне, таңдау құқығына, өмір сүру сапасына және денсаулықты нығайту мүмкіндіктеріне қол жетімділігіне 50%-ға тәуелді. Өзге сөзбен, денсаулықты айқындайтын факторлар арасында адамның өзінің денсаулығына қатысты мінез-құлқы жетекші орындардың бірін алады, кейде басқа факторларға әсер етеді. Өмір сүрудің бірдей экономикалық, экологиялық және басқа жағдайлары кезінде әртүрлі өзін сақтау мінез-құлқының салдары болып табылатын денсаулыққа қатысты айқын көрсетілген саралану байқалады: әртүрлі адамдар үшін өз денсаулықтарының әртүрлі құндылығы және оның әртүрлі жақтары туралы білуімен; зиянды әдеттердің болуы немесе болмауымен; өзінің денсаулығын сақтауға бағытталған үнемі әрекеттері немесе әрекетсіздігімен; денсаулық туралы ақпараттандырылуы немесе ақпараттандырылмағандығымен және осы ақпаратты тәжірибеде белсенді қолданумен немесе қолданбаумен.

Сөйтіп, мысалы Бурмыкина О. Н. өзінің зерттеуінде көптеген ресейлік азаматттары үшін денсаулықтың мәдениетінің төмен деңгейі тән екендігін айтты [1]. Бұл өз денсаулығының әртүрлі жақтары туралы жеткіліксіз мәлім болуында, өмір сүру аясының деректеріне қатысты мәселелері бойынша әлсіз ақпараттануында, ауруларды аяғымен көтеру әдеттерінде, тапсырмаларды сақтау қабілетсіздігінде, дәрігерге өз уақытылы бармағандығында, профилактикалық шараларды қабылдауға ынтаның болмауында көрініс алды. Денсаулық мәдениетінің мұндай төмен деңгейін автор адамның денсаулық сақтау жүйесімен, кәсіби-дәрігерлермен өзара әрекет кезінде қоғамдық денсаулық аясында, сондай-ақ адамдардың өз денсаулықтарына қарым-қатынаста көрінетін «патернализмнің» әлеуметтік-мәдени сипаттамасымен түсіндіреді. Патернализмнің әлеуметтік-мәдени сипаттамасының қоғамдық денсаулыққа әсері туралы соңғы жылдары отандық зерттеушілердің зерттеу пәні бола бастаған «Медициналық патернализм» феноменін тану куәлік етеді Адам өз өмірін, тәнімен қандай деңгейде ие? Ол өз денсаулығының жағдайы туралы не білуі мүмкін? Кім бұл біліммен билік етеді – ол өзі ме, шенеунік түріндегі мемлекет пе, әлде мамандар ма? Бұл сұрақтарға осы бағыттың зерттеушілері жауап беруі мүмкін.

Қазіргі таңда мәдениеттің қоғамның өзгеруіне әсері туралы тезисі даусыз, және басқа мәдени факторлармен тұрақтылығы мен тоқайласуы куәлік ететін әлеуметтік-мәдени доминант бола тұра, патернализм мәдени саралануда да басымдық орын алады.

Заманауи денсаулық сақтау саясатының дамуының бағыты мен жаңғыртылуы сырқаттық және өлім құрылымында көп жағдайда өмір сүру дәстүрлерімен және пациенттің өз денсаулығына деген тәуекелді мінез-құлқымен шартталған созылмалы аурулармен аурудың басым болуымен анықтыланады. Созылмалы ауруларды емдегеннен гөрі алдын алған оңай – бұл пікір мемлекет үшін де, халық үшін де дұрыс. Біздің пікірімізше, денсаулық мәдениетінің деңгейін арттыру, өз кезегінде, «дәрігер-пациент» қарым-қатынасының дәстүрлі патерналистік моделін «ақпараттық келісім» моделі шеңберінде сипатталған серіктестік қарым-қатынасқа қайта бағдарлануын қажет етеді. Дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделі оның қатысушыларына жаңа кәсіби және құқықтық талаптар қояды, мұндай өзара әрекеттің эмоционалдық, этикалық және ақпараттық шекаралардың өзгеруін білдіреді.

Денсаулық сақтауға қатысты әлеуметтік және экономика саясатындағы мәдени факторларды білу және ескеру халықтың мінез-құлқын болжауға, мүмкіндігіне қарай, денсаулық капиталына әртүрлі факторлардың әсер етуінің теріс жақтарын жоюға мүмкіндік береді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. О.Н. Бурмыкина. Патернализм: влияние на культуру здоровья // Журнал Социологии и социальной антропологии. 2000. Том III. № 4.

  2. Петти У., Смит А., Рикардо Д. Антология экономической классики. Москва. «Эконом-Ключ», 1993; Иохин В.Я. Экономическая теория. –М.: Юристь, 2003.

  3. Антология экономической классики. Т.2. – М., 1993.

  4. Беккер Г.С. Человеческое поведение: экономический подход. Избранные труды по экономической теории: пер. с англ. /Сост., науч. Ред., Послесл. Р.И. Капелюшников; Предисл. М.И. Левин. – М.:ГУ ВШЭ, 2003.

  5. Доклад о состоянии здравоохранения в Европе 2002 г. на 52 сессии Европейского регионального комитета ВОЗ, сентябрь 2002 г. // Пресс-релиз ЕРБ ВОЗ/15/02, Копенгаген, 17 сентября 2002 г.

  6. Grossman M. The Human Capital Model// Handbook of Health Economics. Vol. 1A. ed. By A.J. Culver, J.P. Newhouse. 2000. – P.349


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет