Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы


Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін



бет5/5
Дата21.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#151878
1   2   3   4   5

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлер)
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шараның (іс-әрекет) басталу негізділігі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қажетті құжаттарды алу болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін шаралар (іс-әрекеттер):
      1) көрсетілетін қызметті беруші маманының құжаттарды қабылдауы, жүгінулерді тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті беруші маманының ұсынылған құжаттарды қарауы және деректер базасымен салыстыру;
      3) көрсетілетін қызметті беруші маманының медициналық тексеруі (психиатр дәрігер);
      4) мемлекеттік қызметті көрсетуге ақы төлеу;
      5) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – демалыс және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұма аралығында үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен көрсетіледі, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлер) тізімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу бөлімінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кассасы;
      3) психиатр-дәрігер.
      9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасында шараның (іс-әрекеттер) кезеңділік сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу бөлімінің қызметкері қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін мемлекеттік қызметті көрсету үшін психиатрлық ұйымның журналына тіркеу жүргізеді;
      2) барлық құжаттар топтамасы болған жағдайда, медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін психиатрлық есепке алу деректер базасымен салыстырады;
      3) мемлекеттік қызметті көрсетуге ақы төлеу;
      4) психиатр дәрігер психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың бар-жоғына медициналық тексеру жүргізеді, бұзылыстар болмаған жағдайда стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша психоневрологиялық диспансерден анықтама жазып береді.
      10. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші демалыс және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында түскі асқа үзіліспен сағат 8.00-ден бастап 17.00-ге дейін жүзеге асырады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен көрсетіледі, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мамандары арасында шараның кезенділік сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес кестеде көрсетілген.
«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері
(жұмыскерлері) арасында шараның (іс-әрекеттер)
кезеңділік сипаттамасы



1

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағымы)

2

3

4

2

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлер) тізімі

Көрсетілетін қызмет берушінің тіркеу бөлімі

Көрсетілетін қызмет берушінің кассасы

Психиатр дәрігер

3

Шараның (іс-әрекеттің) кезеңділік сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызмет алушының психоневрологиялық ұйымның психиатрлық есепке алу деректер базасымен салыстыру

Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметке ақы төлеуі

Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың бар-жоғын тексеру, қол қою және дайын құжатты беру

4

Аяқтау түрі

Психиатрлық ұйымның журналына тіркеу, психоневрологиялық ұйымның психиатрлық есепке алу деректер базасында жоқтығын белгілеу

Төлем жүргізгені туралы чек беру

Дәрігердің қабылдауы журналында тіркеу, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар болмаған жағдайда Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беру

5

Әр шараның ұзақтығы

5 минут

5 минут

15 минут

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң


2014 жылғы 11 мамырдағы N 2/337
қаулысымен бекітілген
«Наркологиялық диспансерден анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
      1. «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 «Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы» қаулысымен бекiтiлген «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Стандартының негiзiнде әзірлендi (бұдан әрi - Стандарт).
      «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Алматы қаласы, Мақатаев көшесі 10 мекенжайы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттiк қызметті көрсету мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, өтінім ресімделген тілге байланысты іске асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы). «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызмет беруші айқындайды және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандарттың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу журналына жазылу; анықтама берген нарколог-дәрігер және медициналық тіркеуші қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі наркологиялық диспансерден анықтама беру.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлер)
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шараның (іс-әрекет) басталу негізділігі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған қажетті құжаттарды алу болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) сағат;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды.
      6. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасында шараның (іс-әрекеттер) кезеңділік сипаттамасы осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – демалыс және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұма аралығында үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен көрсетіледі, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
      8. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);
      2) заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (кәмелетке толмағандар үшін);
      3) қамқоршының жеке басын куәландыратын және қамқорлықты растайтын құжат (сот қабілеті жоқ деп таныған тұлғалар үшін);
      4) бекітілген халық тіркеліміне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің қызмет ету ауданында бекітудің болуы қажет.
«Наркологиялық диспансерден анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері
(жұмыскерлері) арасында шараның (іс-әрекеттер)
кезеңділік сипаттамасы



1

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағымы)

2

3

4

2

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлер) тізімі

Көрсетілетін қызмет берушінің тіркеу бөлімі

Көрсетілетін қызмет берушінің кассасы

Көрсетілетін қызмет берушінің тіркеу бөлімі

3

Шараның (іс-әрекеттің) кезеңділік сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызмет алушының мәліметтерін көрсетілетін қызмет берушінің наркологиялық есепке алу деректер базасымен салыстыру

Мемлекеттік қызметті көрсетуге ақы төлеу

Тиісті құжаттарға қол қою, мөр басу, дайын құжатты беру

4

Аяқтау түрі

Мемлекеттік қызметті ұсыну журналында тіркеу, деректер базасында наркологиялық есепке алынудың жоқтығын белгілеу

Төлем жүргізгені туралы чек беру

Дайын құжатты алу

5

Әр шараның ұзақтығы

5 минут

15 минут

5 минут


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет