1-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қайнар көздері


-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы



бет4/22
Дата08.12.2022
өлшемі96.89 Kb.
#466788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
РУБЕЖКА ОТВЕТ ЮР-31

19-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы
1. Әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.
2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
3. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.
4. Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс.
20-бап. Қайтадан соттауға және қылмыстық қудалауға жол бермеушілік
Ешкiмдi де бір сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа ұшыратуға болмайды.
21-бап. Сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру
1. Сот төрелігі баршаның заң мен сот алдында теңдiгi бастауларында жүзеге асырылады.
2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайды.
3. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
22-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi
1. Судья сот төрелігін іске асыру кезiнде тәуелсiз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Соттың сот төрелігін іске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бір араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.
3. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңда белгiленген.
23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптаушы және қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қылмыстық қудалау, қорғау және соттың iстi шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.
3. Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәлiлiгiн дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдерін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жекеше айыптаушыларға жүктеледi.
4. Қорғаушы күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға мiндеттi.
5. Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi.
6. Сот объективтiлiктi және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз процестік мiндеттерін орындауы және өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайларды жасауға міндетті.
7. Қылмыстық процеске қатысатын тараптар тең құқылы, яғни оларға Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Кодекске сәйкес өз ұстанымын қорғауға бiрдей мүмкiндiктер берілген. Сот процестік шешiмді тек тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде зерттелуіне қатысу қамтамасыз етiлген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.
8. Тараптар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, басқа да органдар мен адамдарға тәуелсiз таңдайды. Сот тараптың өтiнiшхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртiппен қажеттi материалдарды алуға жәрдем көрсетедi.
9. Мемлекеттiк айыптаушы және жекеше айыптаушы белгiлi бiр адамды қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық қудалаудан бас тарта алады. Күдіктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң кiнәсiн еркін түрде теріске шығаруы немесе өзiн кiнәлiмiн деп мойындауы, жәбірленушімен татуласуы, процестік келісімді, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімді жасасуы мүмкін. Азаматтық талапкер талап қоюдан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы. Азаматтық жауапкер талап қоюды мойындауға немесе азаматтық талапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы.
10. Сот тараптардың істі бiрiншi және апелляциялық сатыларында қарау құқығын қамтамасыз етедi; сотталушы мен оның қорғаушысы және процеске басқа да қатысушылар істі кассациялық тәртіппен қарау кезiнде, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру және үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде қатысуға жіберіледі. Сот әрбiр қылмыстық iстi қараған кезде айыптаушы тарап атынан мемлекеттiк не жекеше айыптаушы өкілдік етуге тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi болатын басқа да жағдайлар осы Кодексте айқындалады.
24-бап. Iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу
1. Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
Бұл ретте сот істе бар және ұсынылған дәлелдемелерді осы Кодексте көзделген тәсілдермен зерттейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын жою мақсатында сот өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелер жинауға құқылы емес.
2. Қылмыстық қудалау органдары нақты деректердi айқындайды, солардың негiзiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар анықталады.
3. Қылмыстық iстi қарайтын сот объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, айыптаушы және қорғаушы тараптарға олардың iстің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге деген құқықтарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдай жасайды.
4. Осы Кодекстің 380-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот істе бар және сот отырысында тараптар ұсынған дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігі мен жеткіліктілігі мәселелері бойынша тараптардың пікірімен байланысты емес.
5. Іс бойынша күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны әшкерелейтiн де, ақтайтын да, сондай-ақ олардың жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталуға жатады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәсіздігі немесе кінәлілік дәрежесінің аздығы туралы, сондай-ақ оларды ақтайтын не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдемелердің бар-жоғы туралы барлық мәлімдемелерді, сондай-ақ дәлелдемелердің жиналуы мен бекітілуі кезінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістерінің қолданылғаны туралы мәлімдемелерді тексеруге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет