1. Технико экономикалық негіздеу



бет2/36
Дата15.12.2023
өлшемі1.06 Mb.
#486657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Дип.-Өнімділігі-30-тоннатәулігіне-модифицирленген-майлар-цехын-жобалау

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жобаның тақырыбы: “Өнімділігі 30 тонна/тәулігіне модифицирленген майлар цехын жобалау”.


Жобаның мақсаты Алматы қаласында модифицирленген майлар цехының құрлысын жобалау.
Жобада технологиялық тәсімі, цехтың жоспары және келесі есептер көрсетілген: өндірістік және жылулық балансы, жабдықты таңдау және есебі, жобаланатын цехтағы процестің есебі.
Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтары қарастырылған және экономиканың тиімділік және цехтың құрлысының техникалық мүмкіндіктері туралы қорытынды жасалды.
Дипломдық жобаның түсініктеме хаты - 89, графикалық бөлім беттері – 6
Негізгі сөздер: модифицирленген майлар, сұйық өсімдік майы, қатты майлар, қата этерификация.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. Өсімдік майы және маргарин өнімдері ГОСТ 306 24 – 98.


2. Қатты глицеридтердің массалық мөлшерін анықтау ГОСТ 289 30 – 91.
3. Үшглицеридтердің құрамын анықтау ГОСТ 289 29 – 91.
4. Жануар майы ГОСТ 112 1128 – 75.

АНЫҚТАМАЛАР

1. Қайта этерификациялау – гидрогенизациялау немесе жануар маайларына май қышқылдарына орын алмасуы.


2. Реактор - өнімді реакцияластыруға арналған жабдық.
3. Дезактивизация – қалдықты тазарту және активтендіру.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Берілген дипломдық жобада кейбір белгілер мен қысқартулар бар:


% - пайыз
0С – градус цельский
М3 – метр куб
М – метр
кВт – киловат
кПа – килопаскаль
т – тонна
мин – минут
сағ – сағат
мг – миллиграм
кг – килограмм
МЕУЛ – мемлекеттік үлгі
Тәул – тәулік
г/см3 – грамм сантиметр куб
град – градус
м/с – метр секунд
лк – электр қуаты
В – ватт
атм – атмосфера
Гкал – гегакалория
мПа – мегапаскапаль
ШМК – шекті мүмкіндік ластануы
ККК –
т.б. – тағы басқа


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқан болатын: “Біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай түзуіміз керек.


Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кіріп инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс.
Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білуі керек. Мысалы: Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90% астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50% - дан астамын береді.”
Өсімдік май мен қатты майлар – тамақ өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Олардың негізгі өнімі өсімдік майлар және жануарлар майы. Азық – түліктік майлар басқа да тағамдармен қоса адамзаттың нәрлі тағамдармен қоректенуінің негізін құрайды, оларды жеке, өзгеріссіз күйінде де, сондай-ақ, майды өңдегенде алынатын – маргарин, асхана майы, майонез және басқа түрлі өнімдер түрінде қолданады. Өсімдік майлардың кейбір түрлері косметикалық тауар өндірісінде, дәрілік препараттарда еріткіш ретінде, майлағыш заттар ретінде пайдаланылады. Май өндіру өнеркәсібін дамытуда оның шикізат базасын үздіксіз дамыту, шикізат ресурстарын ұлғайтудың үлкен маңызы бар.
Өсімдік май мен қатты майлар адамның тамақтану рационында маңызды орын алған, әлі де маңызды орын алуда. Тамақтануда өсімдік май мен қатты майлардың орнын анықтау өте қиын. Бидайдан және түрлі майлардан алынған өнімнің адамның тәулік бойындағы жинаған энергияның 90% қамтамасыз етеді. Энергия көзі ретінде майлар коміртек пен ақуыздарға қарарағанда 2 есе каллориялы.[1]
Бүгінде бүкіл әлем бойынша бір адамның тағам рационына 16 кг сұйық май қажет екені анықталды және бірінші орында тұтынушыларды тек өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ оларды май-қышқылмен балансталған өніммен қамтамасыз ету қажеттілігі туындауда.[2]
Өсімдік май мен қатты майлар адам өмірінде тек алмастырылмайтын фактор ғана емес, сонымен қатар энергия көзі және мембраналық жасуша құрамына кіретін пластикалық материал. Адам ағзасындағы липидтер күрделі ауыспалы процестерге қатысады және оның дұрыс жүруін қамтамасыз етеді.[3]
Сұйық өсімдік майларын A, D және E витаминдерімен байытуға қолайлы өнім, себебі :

  • барлық адамдар тұтынады;

  • A, D және E витаминдері – майда жақсы ериді, сондықтан майда біркелкі таралады;

  • A, D және E витаминдері майдың дәміне әсері бар.

А- витамины адам ағзасының өсуіне өте қажет; А витаминінің жетіспеушілігі көздің нашар көруіне әкеліп соғады. А витамины денедегі терінің алмасу процесін қадағалайды және ағзаның инфекциялық ауруларға тұрақтылығын жоғарлатады.
D- витамины қысты күні өте қажет. Ол рахид ауруының алдын алады және ағзадағы кальций алмасуын қадағалайды.
Е- витамины майлардың алмасуында үлкен рөл атқарады. Витамин Е мен қаныққан май қышқылдарын қолдануда ұқсастық бар. Витамин Е-нің қанықпаған май қышқылдарын көп қолданғанда қажеттілігі артады.
Майлардағы витаминдердің тұрақтылығы майдың тұрақтылығына дәл келеді. Осыған қарап майлардағы витаминдердің тұрақтылығы мен майлардың тотығу санының байланысы тікелей (тотығу саны майлардың тотығу деңгейін көрсетеді). Майдың тотығу саны жоғары болған сайын адамның тамақтануына қажеті болмайды. Басқаша айтқанда, тотыққан май тек тұтынуға қажетсіз емес сонымен қатар құрамында ешқандай витаминдері болмайды. [4]
Өсімдік май мен қатты майлар ас дайындағанда, қуырғанда, ұн өнімдерін - нан, пісіргенде, кондитерлік өнімдерді даярлағанда кеңінен қолданылады. Тағам қуырғанда олар сол тағам азығына жылу алмастыру функциясын орындайды. Қуыру процессі, кейінгі он жылда массалық урбанизация кезеңінде кеңінен таралған, үй жағдайында сонымен қатар, өндірістік жағдайдағы тез әдістің бірі.
Әркелкі пісіру әдістерінде майлардың орны бөлек. Нан пісіруде майды қосу (шамамен, өнім салмағына 2%) , оның көп сақталуын және борпылдақтығын жоғалтпауына үлкен әсер етеді. Кондитерлік өнім даярлағанда, әр келкі өнім дайындағанда майды осы өнімдерде түзілетін көпіршіктердің біркелкі орналасуы үшін қосады, соның салдарынан өнімде деликатестік қасиет және құрам пайда болады. [1]
Майлы өнімдердің атеросклероз ауруының прафилактикасында және емделуінде маңызды орын алады.
Майлардың организмде өмірлік қажетті метаболикалық процессі тек май қышқылды құраммен ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар үшглицеридтердегі май қышқылдарының малекулааралық орналасуымен де анықталады. Сонымен қатар, майлардың майқышқылды және глицерид құрамы адам денесінің температурасында сұйық болуы қажет.
Майды қолдану мақсатына, пішініне қарай қатты немесе сұйық майлар қолданылады. Қатты майлар шикізат ретінде тағамдық өндірісте өте құнды.
Әр түрлі әдістерді қолдана отырып майлардың қасиетін және құрамын(консистенциясын, балқу температурасын және басқа) өзгертуге болады. Мұның бәрін майлардың модификациясы деп атайды. Майларды модификациялау түрлі температураларда фракционды кристаллизация жолымен гидрогенизация және қайта этерификация әдісімен жүреді.
Майлардың негізгі көрсеткіштерінің түрі олардың балқу температурасы: ол төмен болған сайын
Адам ағзасында тез қабылданады және дәмдік қасиеті жоғары, бірақ, температураның төмен болғаны ыңғайсыз, себебі майлар температураның жоғарлаған кезде тауарлық түрін жоғалтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет