2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар


параграф. Кальций карбидін сақтау



бет11/12
Дата11.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#127887
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

12 параграф. Кальций карбидін сақтау
863. Кальций карбиді бар барабандар құрғақ, ылғалдың түсуінен қорғалған, жақсылап желдетілген, жабық, жеңіл жабынды және сыртқы электрмен жабдықтағышы бар жанбайтын қоймаларда сақталады.

Кальций карбиді қоймасының ғимаратына су өткізгіштер, канализация, сумен және бумен жылу беру қолданылмайды.

Қойма жабындарының ақаусыз жай-күйі үшін атмосфералық жауын-шашынның өтуін болдырмас үшін жүйелі қадағалау орнатылады.

Кальций карбидін сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайларында және төменгі су басқан орындарда орналастыруға болмайды.

864. 2000 кг дейін кальций карбиді бір мезгілде сақталатын қоймаларда өндірістік бөлмелерден 10 м жақын емес және тұрғын үйлерден 15 м орналасады.

865. Кальций карбидін сақтауға арналған қоймалар әрбір 50 м2 қойма алаңы үшін кемінде 0,5 м3 ұнтақты және көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен, асбест қабатымен және құрғақ құм салынған жәшіктермен қамтамасыз етіледі; құм салынған әрбір жәшікте ағаш күрек немесе қалақ болады.

Өртті сумен сөндіруге болмайды.

866. Кальций карбиді бар барабандар көлденең және тік орналасқан күйде сақталады.

Механикаландырылған қоймаларда кальций карбиді барабандарын олар тігінен орналасқан жағдайда үш қабатта, ал механикаландыру болмаған кезде көлденең жағдайда кемінде үш қабатта және тігінен орналасқан кезде екі қабаттан аспайтын күйде болады. Барабандардың қабаттарының арасына қалыңдығы 40-50 мм тақтайлар төселеді.

Қатарға төселген кальций карбиді барабандары арасындағы жолдардың ені кемінде 1,5 м болады.

867. Кальций карбидінен босаған бос ыдыс өндірістік үй-жайлардан тыс бөлек орындарда сақталады. Қоймаларда аршылған немесе зақымданған кальций карбиді барабанын сақтауға болмайды.

868. Барабандардың сыртқы немесе бүйір беттерінде «Ылғалдан және оттан сақтау қажет. Кальций карбиді» деген өшірілмейтін жазба болады.

869. Кальций карбиді барабандарын сақтау немесе аршу орындарында темекі шегуге, ашық отты пайдалануға және соққы кезінде ұшқын шығаруы мүмкін аспапты қолдануға болмайды. Кальций карбиді барабанын жез кескішпен және балғамен аршылады. Дәнекерленген барабандар кесетін бұйыммен ашылады. Барабан қақпағындағы кесу орны алдын ала металл кесу қалыңдығы 3-5 мм солидол қабатымен жағылады.

Кездейсоқ шашылған кальций карбиді жақсылап жиналады. Кальций карбиді барабандарын аршу, оны асу, ұсақ-түйектер мен тозаңды елеу бөлек бөлмелерде жүргізіледі.

870. Аршылған, бірақ толығымен пайдаланылмаған кальций карбиді барабандары жиектелген су өткізбейтін, барабанды мықтап қарпитын қақпақтармен қорғалады. Қақпақ ернеуінің биіктігі кемінде 50 мм. Ашық күйде бір барабанды ғана өткізуге болады.

871. Кальций карбидін тозаңның түзілуі мен жиналуын болдырмайтындай етіп, абайлап ұсақтап, ілу қажет. Осы жұмыстармен айналысатын жұмысшылар М маркалы (немесе тозаңға қарсы респираторлармен және қорғағыш көзілдіріктермен) газ қағарлармен және қолғаптармен қамтамасыз етіледі.



13 параграф. Термит патрондарымен дәнекерлеу
872. Термит патрондар РБИД-771936.001 «Электр беру желілерін дәнекерлеуге арналған термит патрондар. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкес болады.

873. Термит патрондармен және оларға арналған сіріңкелермен жұмыс істеу кезінде от шығу қаупі бар материалдарға қойылатын талаптар қойылады.

874. Механикалық және жылу әсеріне онша сезбейтін термит патрондар бір қабатқа парафин қағазынан 2-10 дана етіп салынады және полиэтилен пленкасынан жасалған пакетке салынады, олардың асты бітеледі, немесе парафин қағазы екі қабатта полиэтилен пленкалы пакетке салынбайды. Патрон орамдарында патрондардың түрі көрсетіледі.

Термит сіріңкелері механикалық және жылу әсеріне сезімтал болады; оларды термит патрондарынан бөлек салған жөн. Термит сіріңкелер 35 данадан көлденең қатарда тұтанатын бастарын қарама-қарсы жаққа қаратып, картон қорапқа салынады. Сіріңке салынған қораптар пергаментке алдын ала салынады, полиэтиленнен жасалған қапқа салынады.

Патрондары бар пакеттер мен сіріңке салынған қаптар жәшіктерге салынады және парафин қағазбен немесе полиэтилен пленкасымен бөлінеді.

875. Термит патрондар мен сіріңкелерді оралған күйде бір қоймада, бірақ бөлек сақтауға болады. Термит сіріңкелері бар жәшіктерді табақты асбест салынған металл шкафтарда сақтауға болады. Қойма жабық, жанбайтын, желдетілген және ауа ылғалдылығына қатысты 80 % аспайды. Қоймада сіріңкелермен және патрондармен бірге тез тұтанғыш материалдарды сақтауға болмайды.

876. Термит патрондарын зауыттық орамда шанағы жабық автомашинада тасымалданады. Машинада брезент, екі көмірқышқыл өрт сөндіргіші және күрек болады. Автомашинаның шанағында жанғыш және майлау материалдарының, бөгде заттардың болуына жол берілмейді. Автомашинаның сол жағынан кабинаға жүктің қауіптілігін, қауіпті жүктердің санаттарының белгісін көрсететін қызыл жалауша бекітіледі.

Термит патрондары бар жәшіктер мен сіріңкелерді тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде қатты шайқау мен лақтыруға жол берілмейді.

877. Жанғыш құрылымдар мен материалдардың (ағаш тіректері, бөгеттер және басқалары) жанында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу алдында жұмыс орны жанғыш материалдардан тазартылады. Жанатын термит сіріңкесі мен дойбының жанатын құрылыммен және материалдармен жанасуын болдырмау үшін олардың астынан табақты асбест, болат табақ және басқалары төселеді.

Жанған термит сіріңкелер жұмыс орнына жақын ілінген немесе алдын ала дайындалған жанбайтын алаңда болат қорапқа салынады.

878. Қосалқы термит патрондар термит сіріңкелерінен бөлек жұмыс сөмкесінде болады.

Термит сіріңкелер зауыттың орамында сақталады.

879. Дымқыл термит патрондарын пайдалануға болмайды. Судың жанатын термит патронына түсуі жарылысты және күйікті болдыруы мүмкін.

880. Термит сіріңкесін жаққан және патронның термит дойбысын тұтатқан кезде персонал жанған дойбыдан кемінде 0,5 м қашықтықта болады.

Жанған термит дойбысының үстіне еңкеюге болмайды.

881. Жанып жатқан және салқындатылып жатқан термит патронын қолмен түзетуге және қозғауға жол берілмейді.

882. Жанған немесе суыған термит патроны үстінен тиісуге немесе түзетуге болмайды.Осы жұмысты қалқандарында немесе осы Талаптың 707 тармағының талаптарына сәйкес жарықты сүзгіштері бар жабық қорғағыш көзілдірігімен жүргізіледі.

883. Термит сіріңкелерін тұтату және термит дойбыларын жағу Д-2 және Д-3 жарықты сүзгіштері бар қорғағыш көзілдіріктермен жүргізіледі.



14 параграф. Керосинмен кесу жұмыстары
884. Керосинмен кесу жұмыстары осы Талаптың және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарына сәйкес орындалады.

885. Пайдалануға зауыт дайындаған керосинмен кескіштер жатады. Барлық керосинмен кескіштер есепке алынады және инвентарлық нөмірі болады.

886. Кескішке керосин беру үшін МСТ 9356 «Газбен дәнекерлеуге және металдарды кесуге арналған резиналы жеңдер. Техникалық шарттарға» сәйкес бензотөзімді резиналардан жасалған жеңдер қолданылады. Жеңдердің ұзындығы 30 м аспайды. Жеңдердің бір-бірімен және кескіштердің, керосин бактарының, оттегі баллондарының арасында тығыз сенімді қосқыштары болады.

Керосинге арналған жеңдердің сыртқы қабатында сары түс, ал оттегі үшін көк түс болады.

887. Керосинге арналған бак герметикалық болады. Онда манометр, бакта 0,49 МПа аспайтын қысымды өткізетін сақтандыру клапаны болады. Бактар пайдалануға беру кезінде 1,0 МПа гидравликалық қысымымен және жылына бір реттен кем емес мерзімді түрде жөндеуден кейін ол жөнінде журналға жазып сыналады. Гидравликалық қысыммен сыналмаған, ағатын немесе ақаулы сорғысы бар бактарды пайдалануға болмайды. Бактардың қосқыштары мен кескіштердегі тығыздықты анықтау үшін сабынды эмульсияны пайдаланған жөн.

888. Бакқа кедергі немесе ұсақ тор арқылы тұндырғаннан немесе сүзгеннен кейін ғана сыйымдылықтағы 3/4 аспайтын керосин құюға болады. Жұмыс істеп тұрған кезде керосинді толтыруға болмайды. Шамадан тыс құйылған керосин дереу құйылып алынады. Керосинмен кескіш үшін жанғыш ретінде бензинді пайдалануға болмайды.

889. Керосинмен кесу жұмыстарын жүргізу орындарында керосин қоры ауысымдық қажеттіліктен аспайды. Керосин соғылмайтын, тығыз жабылған ыдыста жұмыс орнынан кемінде 10 м қашықтықта болады.

890. Керосині бар бак оттегі баллондарынан ашық от көздерінен 5 м және кескіштің жұмыс орнынан 3 м қашықтықта болады. Бак оған жұмыс кезінде жалын және ұшқын түспейтіндей орналасады.

891. Керосин кескіштен жұмыс жүргізілетін алаң толығымен бөгде заттардан, қоқыстан және жанғыш материалдардан босатылады. Онда темекі шегуге болмайды.

892. Алаңда өрт сөндіру құралдары: көміртекті өрт сөндіргіш, табақты асбест және құм болады. Жанған керосинді сумен сөндіруге болмайды.

893. Резервуарларда немесе жерасты құрылыстарында керосин кескішпен жұмыс істеуге болмайды.

894. Керосинмен кескіште жұмысты бастар алдында арматураның жарамдылығы, ниппелдердегі жеңдердің қосқыштарының тығыздығы, қайырмалы сомындар мен бастиектегі кескіштің ақаусыздығы тексеріледі.

895. Ақауы бар керосин жанарғысымен немесе керосин кескішпен жұмыс істеуге болмайды.

896. Кескішті жағу кезінде оттегі жылытқан керосин беріледі де жалын тұтатылады; одан кейін буландырғышты қыздырған соң кесетін оттегі түсіріледі. Кескішті сөндіру кезінде керосинді беру вентилі, ал одан соң оттегі жабылады. Буландырғышы қызған (шие түсіне дейін) кескіштермен жұмыс істеуге болмайды. Жұмыс істеу кезінде керосин кескіш біркелкі көгілдір жалын береді, өздігінен сөнуіне, керосиннің шығарылуына, жарылыс беруіне және жалынның кері соққыларына жол берілмейді.

897. Жұмыс кезінде жанарғыда немесе керосинмен кескіште ақаулықтар анықталған кезде, жалынның кері соққысында кескіш дереу сөндіріледі: кескіштегі оттегі беру вентилі жабылады, одан соң баллоннан немесе оттегі өткізгіштен оттегі беру тоқтатылады, бұдан кейін кескіш пен бакқа керосин беру вентилі жабылады.

898. Жұмысшының киіміне керосин түссе, керосинмен кескішпен жұмыс істеуге болмайды.

899. Кескішке оттегі мен керосин беретін жеңдерді қысуға, бұрауға немесе сындыруға, кескішке керосин бұру үшін оттегі жеңдерін пайдалануға болмайды.

900. Бір мезгілде бірнеше кескіштерді пайдалану кезінде жұмысқа қатысатын барлық тұлғалар жалынның айналасындағы жұмысшыларға түспеуін қадағалайды.

901. Жұмыс кезінде жанған немесе іске қосылған керосинмен кескішке қарсы тұруға, кескішті тігінен, басынан жоғары ілуге болмайды.

902. Ауа беру үшін жанған кескішпен бакқа келуге болмайды. Ау беру кезінде кесу оттегінің жабық вентилді кескіші тұғырықта болады.

903. Кескіштегі оттегінің жұмыс қысымынан артық керосині бар бактағы ауа қысымы кезінде кесуге болмайды.

904. Жұмыста үзіліс болған кезде жанарғы керосин вентилімен немесе тұтқадағы кранмен жабылады. Жұмыс тоқтағаннан кейін кескіш өселеді немесе басынан төмен қарай асылады. Кескішті басынан жоғары қарай ілуге болмайды.

905. Жұмыс тоқтаған кезде керосин багынан шыққан ауа кескіштегі жалын сөнген сияқты түсіріледі. Бактан ауа әбден шығарылғанға дейін сорғының қақпағын (сомынын) бұрауға болмайды.

906. Жұмыс аяқталғаннан кейін жеңдердегі керосин бакқа құйылады, жеңдер сығылған ауамен үрленеді, кескіштер тазартылады. Қалдық керосин жанар-жағармай материалдарының қоймасына, ал керосинмен кескіш пен жеңдер аспап қоймасына тапсырылады.



15 параграф. Қыздыру жұмыстары
907. Барлық қыздыру лампалары есепке алынады және инвентарлық нөмірі болады.

908. Әр лампаның зауыттық гидравликалық сынақ және шекті рұқсат қысымының нәтижелері көрсетілген паспорты болады. Сыйымдылығы 3 л және одан астам бактардың манометрлері болады.

Лампалар тиісті қысымда реттелген серіппелі сақтандыру клапандарымен жарақталады.

909. Қыздыру жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орны жанғыш материалдардан, 5 м қашықтықтағы жанғыш құрылымдар жанудан металл экрандармен қорғалады немесе су құйылады.

910. Қыздыру лампасына құйылатын жанарғы бөгде қоспалар мен судан тазартылады.

911. Қыздыру лампасымен жұмысты бастағанға дейін мыналар:

1) қыздырғышта лампа баллонынан жанарғыны беруді реттейтін вентилдің баспа төлкесін босатпай толығымен айналуы;

2) резервуардың (ағыстың болмауы) тығыздығы, жанарғы кескіші және басқалар арқылы ағыстың болмауы;

3) дұрыс толтырылуы (қыздыру лампасының резервуарына жанарғы сыйымдылықтың 3/4 аспайды);

4) салынатын тығынның тығыздығы тексеріледі.

912. Қыздыру лампаларын тікелей май толтыру аппараттарының жанында жағуға болмайды.

913. Лампадан жанарғыны құйып алуға немесе толтыруға, лампаны бөлшектеуге және жөндеуге, жанарғыны ашық отқа жақын бұрауға, темекі шегуге болмайды. Жанарғыны салқындатылмаған лампаға құюға болмайды.

914. Жұмыс кезінде:

1) жарылысты болдырмау үшін лампа резервуарындағы қысымның ауа толтырған кезде шекті жұмыс қысымынан аспауы қадағаланады;

2) жалынның дұрыс реттелуі тиіс;

3) лампаның құлауын және оның соғылуын болдырмау қажет;

4) сорғы шкафтарына, отқа немесе сорғы желдеткішінің шүмегіне мүмкіндігінше жақын орналасу қажет.

915. Қыздырғышты сорғымен толтырылатын лампадағы жанарғымен қыздыруға болмайды.

916. Ақаулықтар анықталған кезде (резервуардың ағуы, оттық кескішінің тығыз болмауы арқылы газдың ағуы, резервуардың өзгеруі және басқалары) лампа жөндеу үшін аспап қоймасына қайтарылады.

917. Ауаны құю тығыны арқылы лампа резервуарынан шығару лампа сөндіріліп, оның оттығы әбден суығаннан кейін жүргізіледі.

Оттықты лампа резервуарынан қысымды алмай алуға болмайды.

918. Керосинмен жұмыс істейтін лампа үшін жанарғы ретінде бензинді немесе керосинді бензин қоспасын пайдалануға болмайды.

919. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін лампа аспап қоймасына тапсырылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін лампаны тапсыру тәртібі жергілікті жағдайлар негізінде жүргізіледі.

920. Қатқан су өткізгіш, канализация құбырлары мен жанатын құрылымы немесе қаптамасы бар ғимараттардағы бумен жылу беру құбырларын қыздыру үшін қыздыру лампаларын қолдануға болмайды.

921. Дәнекерлеу лампаларын герметикалығына (тығыздығына) тексеру айына бір рет жүргізіледі. Тексерісті шебер немесе ұйымның бұйрығымен бекітілген басқа да тұлға жүргізеді. Тексеріс кезінде лампа корпусының герметикалығына, тығын төлкесінің реттеуші вентилінің жай-күйіне, құю қорабына және тығын құралына көңіл аударылады. Герметикалық поршенмен ауаны лампаға толтыру және сабынды эмульсиямен ықтимал ағу орындарын майлау немесе лампаны суы бар ваннаға салу арқылы тексеріледі. Гидравликалық сынақ қысыммен жылына бір рет техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі. Мерзімді тексеру және сынау нәтижелері журналға жазылады.

922. Ақауы бар лампаларды жарамды лампалармен бірге сақтауға болмайды.



7 тарау. Ұсталық-пресстеу жұмыстары. Қолмен соғу
923. Ұсталық-пресстеу жабдығы МСТ 12.2.017 «Ұсталық-пресстеу жабдығы. Жалпы қауіпсіздік талаптарына», ұсталық-пресстеу жұмыстарын жүргізу МСТ 12.3.026 «Ұсталық-пресстеу жұмыстары. Қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

Дайындамаларды қыздыруға арналған электр пештерінің құрылымы МСТ 12.2.007.9 «Электр пештері. Қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады. Электр пештерін пайдалану Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережесіне және Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Газ отынымен жұмыс істейтін пештердің жабдығы мен оларды пайдалану Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1993 жылы 15 сәуірде бекіткен Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесінің талаптарына сәйкес болады.

924. Ұсталық-пресстеу жұмыстарына жасы 18 толған, тиісті куәлігі бар және оқудан өткен және мамандығы бойынша еңбекті қорғау нұсқаулығынан білімін тексерткен тұлғалар жіберіледі.

925. Жұмыс орнында ұсталық-пресстеу жұмысындағы жұмысшыға арналған еңбекті қорғау жөніндегі қысқаша нұсқаулық ілінеді.

926. Ұсталық-пресстеу цехатырының едендері төзімді, қызған металдың әсеріне төзімді (клинкер-брусчатка және басқалары) материалдан жасалады және біркелкі, сырғанамайтын беті болады. Болат (шойын) рифлен плиталарынан жасалған едендерді пайдалануға болады.

927. Ұсталық-пресстеу жұмыстары үшін қолданылатын қол аспабы МСТ 11384 – МСТ 11435 «Қол және ұсату жұмыстарына арналған ұста аспабы» мен Ереженің 1.4 параграфының талаптарына сәйкес болады.

928. Тістеуіктер, ілмектер, қысқыштар қызбайтын болаттан жасалады.

929. Жабдықтағы қол аспабын салқындату үшін (ыстық шөміштің қызуы) суы бар сыйымдылықтар орнатылады.

930. Дайындамаларды электр термиялық қондырғыларында тиеу және түсіру үшін қолданылатын аспаптың қармауыш ұзындығы бойынша оқшауланған тұтқалары болады.

931. Жұмыс күйіндегі тістеуік тұтқаларының арасындағы саңылау кемінде 35 мм болады. Тұтқалардың жақындауын шектеу үшін тіректер қарастырылады.

932. Қолмен соғуға арналған төс тұғырықтарға бекітіледі.

933. Төсті орнату кезінде оның жұмыс қабаты еден деңгейінен шамамен 600-800 мм болады.

934. Төс пен ошақ арасындағы қашықтық кемінде 1,5 м, қатар орналасқан төстер арасындағы қашықтық кемінде 4 м және төстен өту жолына дейінгі қашықтық кемінде 2 м болады.

935. Өту жолдары жағынан жұмыс істеу кезінде айналасындағыларды қабыршақтардың және металл бөліктерінің ұшуынан қорғайтын қалқандар, жылу беру құрылғыларының жылу әсерінен қорғайтын экрандар болады.

936. Жұмыс қорғағыш көзілдіріктермен немесе қалқандармен жүргізіледі. Ағарғанша қыздырылған балқымаларды өңдеу кезінде жұмысшылар көзілдіріктерді немесе жарықты сүзгіштері бар қалқандарды пайдаланады.

937. Шамадан тыс қыздырылған немесе салқындатылған металды нормадан тыс соғуға болмайды.

Соққы тудыратын аспаптар пайдалану алдында қыздырылады, ал қатты қыздырылған аспаптар жұмыс кезінде суы бар ыдыста салқындатылады және одан соң кептіріледі.

938. Төстен қабыршақтар мен кесінділерді арнайы құралдармен, щеткалармен және қысқа сыпырғышпен тазартады. Төсен қабыршақтарды алу үшін егер қабыршақты герметикалық ауа өткізгіш бойынша арнайы ыдысқа алу ұйымдастырылған болса, ауа өткізгішті пайдалануға болады.

939. Тістеуіктер төстің кескіні бойынша дәл алынады. Тістеуіктердің еріндері төске тығыз орнатылады және оны қажетті күйде сенімді ұстап тұрады.

940. Соғу алдында дайындамадан құрылғымен, металл щеткамен, қырнауышпен немесе балғаның жеңіл соққысымен қабыршақтар алынады. Дайындама төске тығыз орнатылады.

941. Төске қысқа және ауыр дайындамаларды қолмен көтеру және орналастыру өзі қысатын жіп орауышы бар тістеуіктерді пайдалана отырып орындалады. Бұл операцияларды екі адам орындайды; дайындаманы төске беру аға маманның командасы бойынша жүргізіледі.

942. Аспаптың тұтқасы соққы кезінде алдынан емес, бүйір жағында соққыны тістеуікпен, аспап тұтқасымен және басқасымен ұсталады.

8 тарау. Жұмысшыларды қорғау құралдарына қойылатын талаптар
943. Арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке және ұжымдық қорғау құралдарын пайдалану тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді.

944. Арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғау құралдарын беру және пайдалану тәртібін қолданыстағы нормаларға сәйкес жұмыс беруші белгілейді.

945. Персоналдың өндірістік үй-жайларда жеке қорғау құралдарынсыз немесе ақауы бар құралдармен жүруіне болмайды.

946. Сыртқы арнайы киім жұқа тығыз мақта матасынан немесе онша отырмайтын синтетикалық матадан жасалады.

947. Жұмысты жүргізу кезінде тыныс алу органдарын жеке қорғаудың негізгі құралдары респиратор болып табылады.

948. Ауаның зиянды заттармен ластануы жоғары көздер болып табылатын жабыққа қызмет көрсетуші мамандар, бокстарда, каньондарда, оқшауланған үй-жайларда орналасқан жабдықты жөндеумен айналысатын жұмысшылар оқшаулағыш жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

949. Қолды медициналық жұмысшылардың ұсыныстары бойынша өндірістік өнімдердің әсерінен қорғау үшін резина қолғапты міндетті түрде киген кезде қосымша құрал ретінде қолданылатын қорғағыш кремдер (майлар) қолданылады.

950. От және жарылу қаупі бар үй-жайларда жұмыс істеу кезінде, тез тұтанғыш және жанғыш заттарды пайдалану кезінде қызмет көрсетуші персонал статикалық электрдің жиналуынан алдын алатын және ұшқынның түзілуін болдырмайтын тиісті арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және арнайы жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

951. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде қызмет көрсетуші персонал отқа төзімді арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.

952. Магний өнімімен ластанған жұмысшы киімін жуу үшін өндірістік кәсіпорында жеке механикаландырған кір жуу орындары қарастырылады.

Аспаптармен және бұйымдармен жұмыс істеу кезіндегі жалпы қауіпсіздік талабына

1 қосымша



Ыдысты техникалық куәландыру журналы ________________________________________________

(Кәсіпорын, бөлімше атауы)




Техникалық куәландыру датасы

Ыдыстың белгіле

нуі


Ыдыстың инвентарлық нөмірі

Техникалық куәландыру нәтижелері

Кезекті техникалық куәландыру датасы

Техникалық куәландыру жүргізген тұлғаның қолы

1

2

3

4

5

6


















Аспаптармен және бұйымдармен жұмыс істеу кезіндегі жалпы қауіпсіздік талабына

2 қосымша

Сынақ стендін техникалық тексеру журналы


Тексе

ру да


та

сы


бұғат

тағыштың жарамдылы

ғын тексе

ру


Шпинделдің айналу жиілі

гін көрсеткіштің жарамдылы

ғы


Шпинделдің айналу бағыты

Шеңберді бекіту

ге арналған кескіштің бағы

ты


Шпилделдің радиал соққысы

салма

ғы 16 кг шеңбер

лерді алуға және орнату

ға арнал


ған жүк көтеру тетігінің жарам

дылығы


Сынау жүргі

зу нұсқауының болуы



Тексе

ріс нәтижелері



Стендіні тексерген адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






























Аспаптармен және бұйымдармен жұмыс істеу кезіндегі жалпы қауіпсіздік талабына

3 қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет