300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-параграф. Анықталған тәуекелдерге ден қою



бет20/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
! $ 07

7-параграф. Анықталған тәуекелдерге ден қою

77. Мемлекеттік аудитор қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалану тәуекелдерін жою үшін қажетті әрекеттер қабылдауы керек.


78. Анықталған тәуекелдерге ден қою әдістері мәні бойынша тексеру рәсімдері және бақылау құралдарын тексеру сияқты тәуекелдерді жою үшін аудиторлық рәсімдерді әзірлеуді қамтиды. Мәні бойынша тексеру рәсімдері егжей-тегжейлі тесттерді, сондай-ақ операциялар класын, шоттар сальдосын және ашып көрсетулерді мәні бойынша талдамалық тексеруді қамтиды.
79. Аудиторлық рәсімдердің сипаты, мерзімі мен көлемі пікірлер деңгейіндегі ақпараттың елеулі бұрмалануының анықталған тәуекелдеріне негізделеді және мұндай тәуекелдерге байланысты. Қажетті аудиторлық рәсімдерді әзірлеу кезінде мемлекеттік аудитор әрбір операциялар класы, шоттар сальдосы және ашып көрсетулер үшін пікірлер деңгейіндегі ақпараттың елеулі бұрмалануының анықталған тәуекелдерінің себептерін талдауы тиіс. Мұндай себептер операциялармен байланысты ажырамас тәуекелді (тиісті операциялар класының, шоттар сальдосының және ашып көрсетулердің белгілі бір сипаттамаларына байланысты ақпараттың елеулі бұрмалану ықтималдығы) және бақылау жүйесінің тәуекелін (тәуекелдердің бағалауы тиісті бақылау құралдарын ескеретінін) қамтуы мүмкін.
80. Бақылау жүйесінің тәуекелдерін тексеру мемлекеттік аудитордан бақылау құралдарының жұмыс істеу тиімділігінің дәлелдемелерін алуды талап етеді (яғни мемлекеттік аудитор мәні бойынша тексеру рәсімдерінің сипатын, мерзімі мен көлемін айқындау кезінде бақылау құралдарының жұмыс істеу тиімділігіне сүйенуге ниетті).
81. Бақылау құралдарының жұмыс істеу тиімділігіне қатысты, мемлекеттік аудитор жеткілікті және қажетті дәлелдемелер алу үшін тиісті бақылау құралдарының тесттерін әзірлеу мен жүргізу кезінде бақылау құралдарының тиімділігіне неғұрлым көп сүйенсе, соғұрлым алынған аудиторлық дәлелдемелер сендірерлік болатынын ескеруі керек.
82. Мемлекеттік аудитор ақпараттың елеулі бұрмалану тәуекелдеріне қарамастан, әрбір елеулі операциялар класы, шоттар сальдосы және ашып көрсетулер үшін мәні бойынша тексеру рәсімдерін әзірлеуі және орындауы керек.
83. Мемлекеттік аудитор бақылау құралдарын тексеру фактісіне қарамастан, барлық жағдайларда мәні бойынша тексеруді жүргізуі керек. Бұдан басқа, егер мемлекеттік аудитор пікірлер деңгейіндегі ақпараттың елеулі бұрмалануы бойынша анықталған тәуекел елеулі деп айқындаса, осы тәуекелге ден қоюды көздейтін мәні бойынша тексеру рәсімдерін жүргізу керек. Егер елеулі тәуекелдің тәсілі мәні бойынша тексеру рәсімдерінен ғана тұрса, мұндай рәсімдер егжей-тегжейлі тесттерді қамтуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет